3-сынып_7-бөлім Су – тіршілік көзі_№118 Бөлім жиынтық бағалауы_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлім: 7-бөлім:

«Су – тіршілік көзі»

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К

Сабақ тақырыбы:

118-сабақ

«Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша

жиынтық бағалауы (БЖБ)

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

Бағалау критерийлері

- Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

- Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

- Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

- Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтау

- Сөйлемнен сан есімді табу, оларды қолдана білу

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

тірек сөздер, сын есім, судың маңызы, ашық және жабық сұрақтар

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сенімділік, жанашырлыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сан есім, сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есім. Сын есім. Сын есім және оның түрлері. Негізгі және туынды сын есім. Сан есім мен сын есімнің түрлерінің сипаттамасын, ерекшеліктерін ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі. Өтілген материалды қайталау.

Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру.

2-слайд

Сабақтың ортасы

20 минут

(Ө) Тыңдалым және айтылым. БЖБ орындау

3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді белгіле.

Елордадағы Есіл өзені

Жеті өзен Есіл, Ертіс, Жайық, Сырдария, Тобыл, Іле мен Шу қазақ елінің мыңнан астам шақырым жерін басып өтеді. Соның ішінде бас қаламыз – Астананы қақ жарып өтетін бір ғана өзен бар,  ол – Есіл өзені. Оның ұзындығы 1400 километр. Елордамызға Есіл өзенінің тигізіп отырған пайдасы зор. Бұл өзен әсем қаламыздың ажарын одан сайын көркейтіп, экологияға оң әсер етіп отыр. «Жердегі ылғал – елге ырыс» демекші қала қонақтары мен тұрғындары үшін жыл он екі ай таза ауамен тыныстап, аптап ыстықта өзенге шомылуға зор мүмкіндік туғызуда.

1.1 Тірек сөздер: _______________________________________________________

1.2 Cұрақтарға жауап бер.

1) Қазақ елін қандай өзендер басып өтеді?

2) «Жердегі ылғал – елге ырыс» дегенді қалай түсінесің?

2-тапсырма. Есіл өзенінің қандай пайдасы бар? Атасы мен немересі арасында судың тіршілік үшін маңызы туралы диалог құрастыр.

Орындалған тапсырмаларды жинап алу.

Өткенді пысықтау.

) 3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.

...............................

Су – тіршілік нәрі демекші ғалымдардың зерттеуіне қарасақ, адам ағзасының 86 пайызы судан тұрады екен. Егер ағзада судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауруға шалдығады.

Адам бір тәулікте шамамен 1,5-2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыруы қажет.

Күнде таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс. Су адам денесіндегі барлық мүшелерге қажет. Суды үнемі мол ішіп жүрген абзал. Ол денедегі судың жетіспеушілігінен сақтайды.

  • Мәтінге қандай тақырып қоюға болады? Неліктен?
  • Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгіле.

  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап жаз

Жазылым.

  • Мәтіннен сан есімі бар сөйлемдерді тауып жаз. Сан есімдердің астын сыз.

___________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________

  • Мәтіндегі тағы қай сөйлемді сан есімдермен толықтыруға болады? Құрамында сан есімі бар бір сөйлем жаз.

_______________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________

(Т;Ж)Тапсырмаларды тексеру.

Топ құрамында оқушылар жұмыс дәптерлерін алмасып, орындаған жұмыстарын тексереді. Кездескен қателерді талқылайды.

Сабақтың соңы

2 минут

Үй тапсырмасы: Өзің тұратын облыс көлемінде орналасқан өзен-көл туралы деректер жинап жазу

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу