1. Қазақ тілі_3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_ Өмірбаян жазу_КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы:

Өмірбаян жазу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.3.2.1* хабарландыру, хат, іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу

3.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;

- үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады

Оқушылардың көбі:

- сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады;

- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады

Оқушылардың кейбірі:

- болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады;

- сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады

Бағалау критерийлері

- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жазады;

- үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Атақты, тұлға, зерттеуші,ақын, ерекшелік, өмірбаян.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Әл-Фарабидың көзқарасымен келісесіңдер ме?

- Әл-Фарабидың орнында болсаңдар сендер не деп жауап берер едіңдер?

- Әл-Фараби бойындағы көп қасиеттері мен дарындылығына ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздың қайсысы ұқсайды?

Құндылықтар

Оқушылардың мінез-құлықтарының жарасымды болуларына баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Атақты тұлғалар туралы білімдері есепке алынады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру

Оқушыларға Әл-Фарабидің қанатты сөздері таратылады.

Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.

Мінез – жанның айнасы.

Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

Мінсіз дос іздеген, доссыз қалады.

- Сендерге берілген барлық сөйлемдерге не ортақ? (қанатты сөздер).

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру

3.3.2.1 (Ұ, МК) «Сен білесің бе?» бағдарламасынан

https://www.youtube.com/watch?v=JMlDI1GCtnw

- Бейнебаянда кім туралы айтылды?

- Әл-Фараби туралы өздерің не білесіңдер?

Оқушыларға Әл-Фараби туралы БББ кестесін толтырту ұсынылады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

3.3.7.1(Т) Әр топқа талқылап, жұмыс істеу үшін мәтіндер таратылады.

 1-топ:

 Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз____Әбу Насыр әл-Фараби.

 Әл-Фараби түрік тайпасы...., дәулетті бір ортасынан шыққан. Бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атау.... болуы. «Тархан» сөзінің мағынасы, біріншіден, түркі халықтарынан шыққандығын бірлессе, екіншіден, қағандарға жақын бай, шонжарлар ортасына жататынын көрсетеді, «тархан» сөзі- «патшазада» мағына... білдіреді.

  Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласы.... дүниеге келді. Фараби.... толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әке... Ұзлағ арғы атасы Тархан.

 Туған жері қазақ.... ежелгі қаласы Отырарды араб.... Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орн.... қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдар........ торабындағы аса ірі мәдениет орталық.... болған.

 2-топ:

 Әл Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб парсы түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фараби.... осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жер.... аралайды. Ақыры сол кезде әлем... ғылым дүниесінің орталық.... болған Бағдад... келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Одан кейін грек латын санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Ол астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия, риторика, философия ғылымдарына үлес қосқан.

 3-топ:

 Музыка өнердің барлық белгілі формасынан асып түсті, тіпті Әл-Фараби «Музыка туралы үлкен кітап» жазды.               Әл-Фараби музыка туралы ежел... ғалымдар... еңбектерін зерттей отырып, өзінен бұрынғылардың музыкадағы барлық мәселелер мен проблемалар сұраныс қылынған көлемде толық зерттелмегенін анықтаған.  Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған «Музыканың үлкен кітабы» атты еңбе.... Ғұлама бұл еңбегінде математика... тəсілдерді пайдалану арқылы музыкал... дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теорияс... ғана емес музыкалық аспаптар... да қолдан жасап, сол аспаптар... керемет ойнайда білген екен. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыка зерттеуші... ұлы бабамыз Əбу Насыр əл-Фараби десек біз қателеспеген боламыз. Оған бірнеше ғылыми дəлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куə бола алады. Оның шебер орындаушылы... жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.

 4-топ:

 ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұра.... жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясы.... кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбе.... бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», секілді аса ірі туындылары бар. Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларын.... болып, ақырында Шам шахарын.... келіп, сонда тұрақтайды. 950 жылы Шам қаласында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зират... қойылады

 Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да «Ғалымдардың шығу...», «Кемеңгерлік меруеті», Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, «Ақылдың мәні туралы», т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған.

 Фараби ғылым... негізін қалаған «Екінші ұстаз!»

  

Тапсырма. Әрбір топ мәтінді іштей оқып шығады, қатемен жұмыс жасайды, өзара тексереді, бір-біріне нақтылау сұрақтарын құрастырады.

«Инсерт» тәсілімен оқыған мәтін бойынша өз түсініктерін реттейді.

«V» - белгісімен осыған дейін таныс ақпарат белгіленеді.

«+» - жаңа ақпарат, жаңа білім таңбаланады.

«-» - осы уақытқа дейін түсігіне қайшы, ол басқаша ойлаған нәрселер белгіленеді.

«?» - түсініксіз, толықтыруды талап ететін тұстары белгіленеді.

Әр оқушыға қима қағаздар таратылады.

Таныс ақпарат

Менің түсінігіме қайшы

Мен үшін жаңа ақпарат

Бұл ақпаратты нақтылау қажет

V

-

+

?

(Т) Оқылған мәтін бойынша «Екі жақты күнделік» толтырылады

Мәтіннен ерекше есімізде қалған цитатаны жазамыз:

- Есімізде қалған

- Көз алдыңызға елестеткен

- Қарсы пікір тудырған

- Ойға қалдырған

Түсініктеме береміз:

- Не себептен бұл цитатаны жаздыңыз?

- Қандай ой тудырды?

Қандай сұрақ туындады?

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

(МК) Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.- Неге?- Бақыт та, абырой да, даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Әл-Фарабидың көзқарасымен келісесіңдер ме?

- Әл-Фарабидың орнында болсаңдар сендер не деп жауап берер едіңдер?

- Әл - Фараби бойындағы көп қасиеттері мен дарындылығына ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздың қайсысы ұқсайды?

Айтылған, тыңдалған ақпараттар негізінде БББ кестесі толықтырылады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жазамын

- үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажыратып, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданамын

Үйге тапсырма «Өнегелі өмір» шағын мәтін жазу.

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлеңмазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу