1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_5-сабақ_Зат есім_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім:Өнер Сабақ тақырыбы 5-сабақ. Зат есім | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К. У | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - сөйлемнен зат есімді табады; - өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді; | |||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер: Сөз таптары. Зат есім Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ; Оқушыларды өнерді бағалай білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, математика | |||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз таптары. Сөз таптары туралы түсінік. Сөз таптарының әрқайсысына сұрақтар қойылатыны. Қазақ тілінде сөз табының 9 түрі бар екенін біледі. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 4 минут 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. «Тілек гүлі» Оқушылар тілек гүлін ұстап тұрып тілектерін айтып, бір-біріне ұсынады. «Сиқырлы доп» әдісі Оқушылар әр топқа кезектесе отырып, доп лақтырады. Доппен бірге бір сұрақ дайындап айтады. Осылайша кезекпен сұраққа жауап береді.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. (ТЖ) «Заттық суреттер» әдісі 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; «Заттық суреттер» әдісі арқылы топтарға түрлі заттардың суреттері көрсетіледі. Топтар өз тобының заттық суретіне байланысты сұрақ қояды. Сұрақтың қай сөз табына қатысты екенін дәлелдеп айтады. Өз бетінше ереже құрастырады. Сонымен қатар берілген суреттер бойынша бөлімнің атын табу керектігі айтылады. Бұл тапсырма «Галлереяға саяхат» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Ереже:
Бағалау дескрипторы:
| Тілек гүлі 4-слайд Суреттер 5-слайд 6-слайд | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 5 минут 2 минут 3 минут 4 минут 3 минут 5 минут | ІІ. Негізгі бөлім (МК, Ө) Көркем жазу. 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады. Мысалы: Өө ӨӨӨ өөө Өө Өө Ел іші-өнер кеніші. (мақал)
(ТЖ; Ө) Мәтінді мұқият тыңдау. 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
Оқушыларға мәтін тыңдатылады немесе мұғалім өзі оқып береді. ............. Әміре Қашаубаев табиғатынан әнші болған еді. Ол өзінің осы қасиетін ерте сезінді. Балалық шағы Дегелең тауының етегі, Тоқырауын өзенінің өңірінде өткен. Әміренің үлкен атасы әнші болған. Ол Біржан сал, Ақан сері, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мәдидің әндерін асқақ сезіммен шырқайтын. Әміре Қашаубаев қазақ халқының ән мұрасының ұлы жыршысы атанды.
Математикалық жұмбақ
Оқушылар мәтінде өнердің қай түрі жайлы айтылғанын, мәтіннің негізгі ойы қандай екенін және оның тақырыбын математикалық жұмбақ арқылы өзара топта ақылдаса отырып, табады. Содан соң «Сиқырлы сандықша» әдісі арқылы бірінші топ мәтіннен зат есімдерді табады, оларды жазып, сандықшаға салады. Араластырылған зат есімдер еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ зат есімдерге сұрақ қойып, зат есім екенін дәлелдеп айтады. «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. Бағалау дескрипторы: - Мәтіннің негізгі ойын табады: - Мәтіннен зат есімдерді тауып, көшіріп жазады: (ҰЖ) Сергіту сәті. «Менің сөмкем» атты ой сергек жаттығуы 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
(ТЖ, ЖЖ) Өлеңді мәнерлеп оқу. 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Мен суретші боламын Мен суретші боламын, Таудай биік талабым. Бояуларды қолға алып, Әсем сурет саламын.
Мен суретші боламын, Қала менен ауылды, Тау мен бауды, өзенді, Ғажап етіп саламын. Каирова К.У. Топтағы оқушылар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды. Өлеңде кездесетін зат есімдерді тауып, сұрақ қояды. Соңында өлеңді қатесіз дәптерге жазу ұсынылады. Жазған өлеңді өзара жұпта тексереді. Жұпта тексеру барысында:
(ТЖ) «Сөздер тізбегі» әдісі 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; Сөздер тізбегінен зат есімдерді теріп жаз.
Оқушылар тапсырманы өзара топта ақылдаса отырып, зат есімдерді табады. Неліктен зат есім екенін дәлелдеп, сол сөздермен сөйлем құрап айтады. Бағалау дескрипторы:
(Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс. «Тоғыз гауһартас» стратегиясы 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;
Сынып оқушылары топтарға біріктіріледі. Әр топ «Тоғыз гауһартас» текшелеріне өнер тақырыбына байланысты тоғыз зат есімді бірлесе отырып, жазады. Жазған сөздерін толықтырып, идеяларымен бөлісу үшін сынып алдында қорғап, дәлелдейді. Бақылаушылар әр топтың жұмысы мен жетістіктеріне «Ашық микрофон» әдісі арқылы кері байланыс береді. Бағалау дескрипторы:
| №3 Дәптермен жұмыс 7-слайд 8-слайд №3 қосымша 9-слайд №3 Дәптермен жұмыс 10-слайд 11-слайд 12-cлайд 13-слайд | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия:
Үй тапсырмасы Зат есімдерді қатыстырып, сөйлемдер жазу. | 14-слайд 14-слайд | ||||||||||||||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?