1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_6-сабақ_Зат есімнің тәуелденуі_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім:Өнер

Сабақ тақырыбы

6-сабақ. Зат есімнің тәуелденуі.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
  • үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;

Оқушылардың көбі:

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
  • тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге

бағытталған сұрақтар құрастырады және өз

жауабын негіздеп жауап береді;

  • зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің

биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және

біркелкі орта темппен жазады;

Бағалау критерийлері

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;

тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді;

Сөздік қор

Пәндік терминология және тірек сөздер:

Зат есімнің тәуелденуі. I-жақ, II-жақ, III-жақтар. Тәуелдік жалғаулар.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Зат есімнің тәуелденуі дегенді қалай түсінесің?
  • Тәуелдік жалғаулары жалғанған зат есімдерді тауып, астын сыз. Ол үшін нені басшылыққа аласың? (саралау сұрағы)
  • Құрманғазының алғашқы тәлім алған ұстазы кім?
  • Құрманғазыны неліктен күй атасы деп атап кеткен?

Құндылықтарды дарыту

Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

Оқушыларды өнерді бағалай білуге, өнер иелерін, туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз таптары. Сөз таптары туралы түсінік.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Шеңбердегі доп» әдісі

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлемнің басын айтады да, келесі оқушыға допты лақтырады. Допты қағып алған оқушы сол сөйлемді аяқтайды. Мысалы:

  • Заттың атын білдіретін сөз табын ......... дейміз.
  • Зат есімдерге ..........................деген сұрақтар қойылады.
  • Зат есімдер ........, ........... түрде айтылады.

Топқа бөлу

І топ: Айтыскерлер

ІІ топ: Күйшілер

ІІІ топ: Термешілер

Әр топ өз атауларына байланысты топтарын қысқаша таныстырады.

1-топ: Айтыскерлер

Айтыс өнері - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

ІІ топ: Күйшілер

Күй - көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер.

ІІІ топ: Термешілер

  • Терме сөз өнері. Көркем сөз арқылы жететін өсиет, нақыл сөз.

доп

Сабақтың ортасы

5 минут

6 минут

5 минут

3 минут

5 минут

3 минут

5 минут

ІІ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу.

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.

Мысалы: Бб Бб ббб бб ббб бб

Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.

  • Мағынасын қалай түсінесің?
  • Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Оларға сұрақ қой.
  • Оларды сөз құрамына талда.

атасы, анасы сөздерін сөз құрамына талдай отырып, ереже құрастырады.

Ереже:

Зат есімнің тәуелденуі

Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғау дейміз. Тәуелдік жалғау үш жақта айтылады.

Оқушыларға зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік беріледі.

ЕСТЕ САҚТА!

Жекеше

Көпше

I-жақ Менің қаламым

II-жақ Сенің қаламың

Сіздің қаламыңыз

III-жақ Оның қаламы

Біздің досымыз

Сендердің достарың

Сіздердің достарыңыз

Олардың достары

(Ө,Қ) Өлеңді жатқа жазу.

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

  • Тәуелдік жалғаулары жалғанған зат есімдерді тауып, астын сыз.

Бесік жыры

Әлди, әлди, әлди бөпем,

Әлдилесем келеді-ау,

Неше түрлі өлеңім.

Алтыннан болсын шүмегің,

Күмістен болсын түбегің.

Сені туды дегенде,

Жарыла жаздады-ау жүрегім.

Соңыңнан ерсін көмегің,

Жалғыз да Құдай жар болып,

Қабыл болсын тілегің!

Оқушылар өлеңді жатқа жазу үшін өлеңнің мазмұнын түсініп, тыныс белгілеріне назар аударады, тәуелдік жалғаулары жалғанған зат есімдерді тауып, астын сызады. Дәптерге қатесіз, әдемі жазады. Төмендегі нұсқаулықты басты қағида ретінде ұстанады.

Өлеңді жатқа жазу қадамдары:

1.Өлеңді бірнеше рет түсініп, оқу.

3.Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару.

4.Өлеңді жаттау (2-3 минут).

5.Жазған өлеңді тақтадағы нұсқасымен тексеру.

6.Өлеңнен тәуелденіп тұрған зат есімдерді тауып,

астын сызу.

Бағалау дескрипторы:

  • Тәуелдік жалғаулы сөздерді табады;
  • Пунктуациялық нормаларды сақтайды;
  • Сауатты әрі көркем жазады.

(ТЖ) Мәтінмен жұмыс Күй атасы.

Мәтінді мұқият тыңда.

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

Күй атасы.

Күй атасы – Құрманғазы кедей шаруаның баласы. Ол жасынан ән-күйге әуес болған. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.

Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеге отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. Ол азаматшыл оймен күрестен бір сәт бас тартпай өнер күші – домбырасын қару етті.

  • Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.

(Құрманғазының алғашқы тәлім алған ұстазы кім?

Құрманғазыны неліктен күй атасы деп атап кеткен?

Ол алғашқы шығарған күйлерін кімге арнаған?)

«Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарына басқа топтың оқушылары жауап береді.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді;

(ҰЖ) Сергіту сәті.

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

  • Өлеңнен тәуелденген зат есімдерді тап.

Оқушылар өлең жолдарын қимылмен көрсете отырып, бірге айтады.

(ТЖ) «Қабілетіңді шыңда»

«Попс» әдісі

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

  • Сөйлемдерді оқы.
  • Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Менің мектепте қалды.

Жансаяның пештің түбінде ұйықтап жатыр.

Сенің есік алдындағы орындықта тұр.

Жаннұрдың әдемі екен.

Аталған топтар бірлесе отырып, әр сөйлемді талдап, қорғайды. Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады. Тәуелденген зат есімдердің қай түрде, қай жақта тұрғанын айтып, нақты тұжырым жасайды.

Бағалау дескрипторы:

  • Тәуелдік жалғаулар жалғап айтады;
  • Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
  • Олардың қай жақта тұрғанын дәлелдейді,

(Ө; Ж, Ж) Саралау. Шығармашылық үзіліс.

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

(ЖЖ) Семантикалық карта

( «+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады)

ЗАТ ЕСІМ

- сі

- іміз

- ңіз

- ң

- ым

Сенің домбыра...

Менің кітаб...

Оның кесе...

Сіздің сөмке...

Біздің үй...

Зат есімдерге тиісті жалғауларды жалғайды. Олардың қай түрде, қай жақта тұрғанын айтып, дәлелдейді.

(ТЖ) «Сиқырлы суреттер» әдісі

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

  • Зат есімдерге тәуелдік жалғауын жалғап жаз.

Топтағы оқушылар суреттермен жұмыс жасайды. Зат есімдерге тәуелдік жалғауын үш жақта жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазады. Соңында сөздерді қатесіз дәптерге жазу ұсынылады. Жазған сөздерді өзара жұпта тексереді.

Жұпта тексеру барысында:

  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу жазуын;
  • Бір әріп пен екінші әріптің байланысын дұрыс көрсетуін, үзбей, біркелкі жазуын бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • Тәуелдік жалғауларды ретімен қолдана біледі;
  • Сөздердегі әріптердің биіктігін сақтай отырып, біркелкі жазады

№3 Дәптермен жұмыс

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7- слайд

8-слайд

9-cлайд

10- слайд

№3 Дәптермен жұмыс

11 - слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Бағалау критерийі

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

тәуелдік жалғауларының қолданысын білемін

сұрақтар құрастырып, жауап беремін

бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, біркелкі жазамын

Үй тапсырмасы

Тәуелденген зат есімдерді қатыстырып, бес сөйлем жазу.

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу