1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_9-сабақ_Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім:Өнер

Сабақ тақырыбы

№ 9-сабақ. Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • үлгі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;

Оқушылардың көбі:

  • тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды

анықтай алады;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Бағалау критерийлері

тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;

өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді;

Сөздік қор

Пәндік терминология және тірек сөздер:

Сөз таптары. Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Тәуелдік жалғау нені білдіреді?
  • Түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда қандай өзгеріс болады?Дәлелде.
  • Ата-бабамыз ұлды қалай тәрбиелеген?

Құндылықтарды дарыту

Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ;

Оқушыларды өнерді бағалай  білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есімнің тәуелденуі. I-жақ, II-жақ, III-жақтар. Тәуелдік жалғаулар. Мәтін. Пайымдау мәтіні. Неліктен?, Не себепті? Не үшін? Өйткені, сондықтан, сол себепті.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Тілек шеңбері».

Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне есімінің бастапқы әрпінен басталатын жылы лебіз, тілек айтады.

Ой шақыру

  • Буратиноға тәуелденген сөзді табуға көмектес.

Оқушыларға қосымшаның сөзге қандай мағына үстеп тұрғаны анықтатылады. Олар тәуелдік жалғаудың не екенін өздері тұжырымдап, қорытынды жасайды. Ереже шығарады.

(қолы: қол - түбір,- ы – ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрде, сөзі: сөз – түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше)

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылып, бағалау критерийлері айтылады.

4-слайд

Суреттер

Интерак

тивті тақта

5-слайд

Сабақтың ортасы

4 минут

3 минут

5 минут

4 минут

3 минут

4 минут

6 минут

ІІ. Негізгі бөлім

Кестемен жұмыс

Кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғаулы сөздердің үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылатынын аңғартады.

Зат есімнің тәуелденуі

жақ

жекеше

көпше

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

-м, -ым, -ім

(әжем, дәптерім)

-ң, -ың, -ің

(әжең, дәптерің;

әжеңіз; дәптеріңіз)

-сы, -сі, -ы, -і

(әжесі, дәптері)

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз

(әжелеріміз, дәптерлеріміз)

-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз

(әжелерің, дәптерлерің, әжелеріңіз, дәптерлеріңіз)

-ы, -і

(әжелері, дәптерлері)

Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады

ЕСІҢЕ САҚТА!

 күрделі мәселе – түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңғы буынындағы ы, і дыбыстарының түсіп қалатындығы. Мысалы:

халық + ым – халқым

ауыл + ым – аулым

бөрік + ім – бөркім

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

(МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.

Дәптерге алфавиттік сөйлемді қатесіз жазу.

Мысалы: Жж Жж Жж жжж жжж жжжж жжжж

Жанұя жарастығы - жақсылық жаршысы.

Бағалау дескрипторы:

- Сөйлемді каллиграфиялық талапқа сай жазады;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

(МК; Ө) Мәтінмен жұмыс.

...........................................

Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, әншi, күйшi, аңшы — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, адами қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап азамат болғанға дейiн тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның түрін үйретiп баққан.

Себебі қазақ баласы осыған лайықты деп топшылаған.

  • Мәтінге ат қой.
  • Тәуелденген зат есімдерді тап.
  • Сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.

Мәтінге байланысты ықтимал тақырыптар:

(Ата көрген оқ жонар, Ата өнегесі, Жігітке жеті өнер де аз. Өнерді үйрен де жирен т. б.)

Тәуелденген зат есімдерді тап. (әкелерi: әке- түбір,- лер – көптік жалғау, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. көпше түрде, аталары: ата - түбір, - лар – көптік жалғау, - ы- ІІІ жақ, тәуелдік ж. көпше түрде. баласы: бала – түбір, - сы - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрде)

Сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз:

жақ

жекеше

көпше

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

-м, -ым, -ім

(әкем, атам, балам) -ң, -ың, -ің

(әкең, атаң, балаң;

әкеңіз, атаңыз, балаңыз)

-сы, -сі, -ы, -і

(әкесі, атасы, баласы)

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз

(әкеміз, атамыз, балаларымыз)

-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз

(әкелерің, аталарың, балаларың;

әкелеріңіз, аталарыңыз, ...)

-ы, -і

(әкелері, аталары, балалары)

Оқушылар мәтін мазмұнымен танысады. Топта ақылдасып мәтіннің тақырыбын анықтайды, негізгі ойын айтады. Тәуелденген зат есімдер үш топқа бөлініп беріледі, әр топ сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазады. Ортада ой бөліседі. «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Дәптерге мәтін тақырыбын, тәуелденген зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазады.

Сонымен қатар оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Бағалау дескрипторы:

- Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

- Сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазады;

- Сөйлемді каллиграфиялық талапқа сай жазады;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

(ТЖ) «Ойлан, тап!»

  • Тізбектен өнерге қатысты сөздерді тауып қорша.
  • Сөздерді тауып, үш жақта, жекеше және көпше түрде айт.

А

Р

Е

Н

Г

Б

И

Ш

І

Р

С

В

О

О

Л

У

С

П

А

А

Н

И

Қ

О

И

В

Н

Т

Е

Р

М

Е

Ш

І

Й

М

И

Т

Б

Ә

Н

Ш

І

К

Ж

К

Я

Қ

А

Ғ

А

З

Л

В

Й

Ъ

Ф

Д

Ж

Э

Е

У

Й

Т

Ю

А

Ч

Қ

А

Д

П

Э

П

А

Ш

Б

З

Н

М

П

Г

Д

Х

Ж

Р

Е

Н

Г

Щ

Х

Ъ

Тізбектегі өнерге қатысты сөздер: (биші, термеші, әнші)

Сөздердің үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылуы:

жақ

жекеше

көпше

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

(бишім, әншім, термешім)

(бишің, әншің, термешің)

(бишісі, әншісі, термешісі)

(бишілеріміз, әншілеріміз, термешілеріміз)

(бишілерің, әншілерің, термешілерің)

(бишілері, әншілері,термешілері)

«Галереяны шарлау» әдісі арқылы топтар берілген тапсырма туралы ойларын жүйелейді. Тізбектен өнерге қатысты сөздерді тауып қоршайды. Сөздердің үш жақта, жекеше және көпше түрде айтады. Осылайша бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, тапсырма бойынша білімдерін ортаға салып, ой бөліседі.

Бағалау дескрипторы:

- Сөздерді үш жақта, жекеше және көпше түрде айтады;

- Тәуелдік жалғауларды қолдана біледі;

(ҰЖ) Сергіту сәті. Ой сергек!

Мұғалім өлеңді оқып, қимыл-қозғалыстарды жасап көрсетеді, балалар қайталайды.

Бойыңды сергек тік ұста,

Деміңді ішке тез ал да,

Емін-еркін тыныста.

Сол қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қол да бос тұрмасын,

Дөңгеленіп зырласын.

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

(ӨЖ, ЖЖ) Шығармашылық диктант.

Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жаз.

1. Әсеттің қарындас... шебер суретші. 2. Әже... кілем тоқуды маған үйретті. 3. Сенің іні... менің інімнен бір жас кіші.

4. Сіздің даусы... маған ұнады. 5. Өнерлінің қол... ортақ.

Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазады және жалғаудың қай жақта, қай түрде тұрғанын ауызша айтады. Болған соң жұпта «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша бір-бірін тексереді.

Шығармашылық диктанттың дұрыс нұсқасы

Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жаз.

1. Әсеттің қарындасы шебер суретші. 2. Әжем кілем тоқуды үйретті. 3. Сенің інің менің інімнен бір жас кіші.

4. Сіздің даусыңыз маған ұнады. 5. Өнерлінің қолы ортақ.

Бағалау дескрипторы:

- Тәуелдік жалғауларды қолдана біледі;

- Жазу каллиграфиясына көңіл бөліп, жазады;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

(ӨЖ) Саралау тапсырмалары.

  • деңгей Сөздерді сәйкестендірӘнім-------ОныңБиі-------СіздіңӨнеріңіз------------МеніңТуған жерің ---------ОлардыңСуретшісі------------БіздіңӨнерпаздарымыз---------- Сенің
  • деңгей Тест

Тәуелдік жалғау нені білдіреді?

а) заттың көп екенін

ә) заттың біреуге тән екенін

б) жіктелуін

Тәуелдік жалғауларды белгіле:

а) –ның, -нің, -дың, -та, -те, -ба

ә) –м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і

б) –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

3- деңгей Тәуелдік жалғаулы сөздерді белгіле. Үш бақытымЕң бірінші бақытым - халқым менің,Соған берем ойымның алтын кенін.Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.Ал, екінші бақытым - тілім менің,Тас жүректі тіліммен тілімдедім.Кей - кейде дүниеден түңілсем деҚасиетті тілімнен түңілмедім.Бақытым бар үшінші - Отан деген,«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.Оты сөнген жанғанда жан барсың баОйланбайақ кел дағы от ал менен. Мұқағали Мақатаев Саралау тапсырмаларының жауабы.

1-деңгей Сөздерді сәйкестендір

Әнім-------Оның

Биі-------Сіздің

Өнеріңіз------------Менің

Туған жерің ---------Олардың

Суретшісі------------Біздің

Өнерпаздарымыз---------- Сенің

2-деңгей Тест

Тәуелдік жалғау нені білдіреді?

ә) заттың біреуге тән екенін

Тәуелдік жалғауларды белгіле:

ә) –м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і

Тәуелдік жалғаулы сөздер: (бақытым, халқым, нарқым, тілім)

Ескерту: Түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда түбір сөздің соңғы буынындағы ы, і дыбыстарының түсіп қалатындығына назар аударту

Мысалы:

халық + ым – халқым, нарық + ым - нарқым

Бағалау дескрипторы:

- Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;

- Каллиграфиялық талапқа сай жазады;

№3 Дәптермен жұмыс

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9 -слайд

№3 Дәптермен жұмыс

10-слайд

11-слайд

12-слайд

13-cлайд

14-слайд

15-слайд

16-слайд

17-слайд

18-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Бағалау критерийі

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

тәуелдік жалғауларды қолдана білемін

мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтаймын

бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, біркелкі жазамын

Үй тапсырмасы

Палуан, азамат, өнерпаз сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазу.

19-слайд

20-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу