1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_10-сабақ_Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім:Өнер

Сабақ тақырыбы

№ 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • үлгі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
  • жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;

Оқушылардың көбі:

  • тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
  • тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;

- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей

алады;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Бағалау критерийлері

тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;

тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді;

Сөздік қор

Пәндік терминология және тірек сөздер:

Сөз таптары. Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Тәуелдік жалғауларды сөзге не үшін жалғаймыз?
  • Тәуелдік жалғауларының жекеше және көпше түрлерін қалай ажыратамыз?
  • Суреттегі сюжет туралы не айтасың? Бұл туралы өз көзқарасыңды білдір.

Құндылықтарды дарыту

Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ;

Оқушыларды өнерді бағалай  білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есімнің тәуелденуі. I-жақ, II-жақ, III-жақтар. Тәуелдік жалғаулар. Мәтін. Пайымдау мәтіні. Неліктен?, Не себепті? Не үшін? Өйткені, сондықтан, сол себепті.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Ыстық ықылас» шеңбері

Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне лебіз, тілек айтып, ыстық ықыласын білдіреді.

Ой шақыру

Өнер біздің сәніміз,

Өнер – біздің әніміз.

Өнер – біздің жырымыз,

Көңілді би мен күйіміз.

Каирова К У

  • Өлеңді оқып, тәуелдеулі сөздерді тап.

«Джигсо» әдісі бойынша сынып оқушылары төрт-төртеуден топтарға бөлініп, топтағы өз нөмірін анықтайды. Сонан соң сол нөмірлері бойынша үлкен топтарға жиналып, тапсырманы сарапқа салады. Топтар өлеңді оқиды. Тәуелденген сөздерді тауып, олардың қай жақта, қандай түрде тұрғанын айтады. Талқылап болған соң, өз топтарына қайтып келіп, өзгелерге өз білгенін баяндайды. Соңында әр топтан бір адам сынып алдында мәліметтердің барлығын жинақтап айтады. Өз тұжырымдарын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырып, талдайды.

Тәуелденген сөздер: сәніміз, әніміз, жырымыз, күйіміз.

сәніміз, әніміз, жырымыз, күйіміз ІІІ жақ, тәуелдік жалғау көпше түрде

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылып, бағалау критерийлері айтылады.

4-слайд

Суреттер

Интерак

тивті тақта

5-слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

6 минут

4 минут

3 минут

6 минут

7 минут

ІІ. Негізгі бөлім

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

(МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.

Дәптерге алфавиттік сөйлемді қатесіз жазу.

Мысалы: Өө Өө Өө ӨӨӨ өөө Өө Өө Өө ӨӨӨ

Өнер қиялға қанат бітіреді.

Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Бағалау дескрипторы:

- Сөйлемді каллиграфиялық талапқа сай жазады;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

(МК; Ө) Мәтінмен жұмыс.

  • Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қой.
  • Тәуелденген сөздерді тап.

...................................

     Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті болып шығады.     Сөзден құрастырылып әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Үйдің түрлі болып шығуы балшығы, кірпіші, әсіресе, қалауына байланысты. Әңгіменің түрлі болып шығатыны сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөзі де соғұрлым әсерлі, әдемі шықпақ. 

А.Байтұрсынов

Оқушылар топтаса отырып, мәтінге талдау жүргізеді. Мәтін мазмұнымен танысады. Топта ақылдасып мәтіннің тақырыбын анықтайды. Мәтіндегі тәуелденген зат есімдерді табады. Әр топ сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазады. Ортада ой бөліседі. «Ашық микрофон» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының кемшілігіне, ұтымды жақтарына ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Ескерту. Сөздердің тәуелденген кездегі жазылу емлесіне көңіл бөлу керек. Тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы қатаң дыбыстардың ұяңға айналатынын да тапсырмалар орындату барысында аңғарту мақсаты көзделеді.

Мысалы: балшық - балшығы

Ықтимал тақырыптар: Тіл қисыны, Тіл – қазына, Сөз өнері т.б

Тәуелденген сөздер: өнері, өнерпазы, балшығы, кірпіші, сөзі

(өнері: өнер- түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі,

өнерпазы: өнер - түбір, паз - жұрнақ, - ы - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі,

балшығы: балшық- түбір, - ы - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі, балшық – балшығы, кірпіші: кірпіш - түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі, сөзі: сөз - түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі )

Бағалау дескрипторы:

  • Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;
  • Берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және тақырыбын анықтайды.

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

(ӨЖ, ЖЖ) Терме диктант.

  • Сөздер ішінен тәуелденген зат есімдерді теріп жаз.
  • Тәуелденген зат есімдерді жекеше, көпше түрде айт.

Оқушылар алдымен өз бетінше орындап, содан соң жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, тәуелденген зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтады. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Тәуелденген зат есімдер

Зат есімдердің жекеше, көпше түрде айтылуы

жақ

жекеше

көпше

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

Жасым, денем, бойым, қол-аяғым, әжем, шешем

Жасың, денең, бойың, қол-аяғың, әжең, шешең

Жасыңыз, денеңіз, бойыңыз, қол-аяғыңыз, әжеңіз, шешеңіз

Жасы, денесі, бойы, қол-аяғы, әжесі, шешесі

Жастарымыз, денелеріміз, бойларымыз,қол-аяқтарымыз, әжелеріміз, шешелеріміз

Жастарың, денелерің, бойларың, қол-аяқтарың, әжелерің, шешелерің

Жастарыңыз, денелеріңіз, бойларыңыз, қол-аяқтарыңыз, әжелеріңіз, шешелеріңіз

Жастары, денелері, бойлары, қол-аяқтары, әжелері, шешелері

Бағалау дескрипторы:

  • Тәуелдік жалғауларды қолдана біледі;
  • Сөздерді каллиграфиялық талапқа сай жазады;

Сергіту сәті: Оқушыларға дене қимыл жаттығуларын жасату.

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

(Т. Ж) Суретпен жұмыс

Сұрақтар:

  • Суреттегі сюжет туралы не айтасың? Бұл туралы өз көзқарасыңды білдір.
  • Олар не туралы сөйлесуі мүмкін? Ойланшы

Сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаны болжату мақсатында «Суретті әңгімеле» стратегиясы қолданылады.

Алдымен топтағы оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Сурет бойынша мәтін құрайды. Әңгіме құрастыруда тәуелдеулі зат есімдерді пайдалануына бағыт беріледі. «Суретті әңгімеле» стратегиясы бойынша әр топ құраған мәтіндерін сынып алдында әңгімелеп береді.

Ықтимал сөздер: (анасы, әкесі, апасы, інісі, анамыз, әкеміз, ініміз, апамыз, отбасымыз т.б.)

Бағалау дескрипторы:

  • Сурет бойынша мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын болжайды;
  • Тәуелдік жалғауларды қолдана біледі;

(ӨЖ) Саралау тапсырмасы. Тест

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдерін байқау мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.

1. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.а) Күресә) Домбыраб) Күнімв) Бақытг) Әлем2. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІІ жағын көрсетіңіз.а) Даламызә) Күйімб) Биів) Өнерлеріг) Үстелім

3. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Әнші бізді өзінің концерт...не шақырды.а) – ымә) – ыб) – сыв) – іг) – ің4. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.а) Келедіә) Бардықб) Пианинов) Болашағыңг) Мектеп5. Тәуелдік жалғауының көпше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.а) Мектептеріңә) Тілімб) Аспаныв) Бақытыг) Келешегіміз

6. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.а) Көйлегімә) Қаламыб) Орындықтарыңв) Тапсырмаңг) Күйі

7. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Менің сүйікті әнші...Роза Рымбаева.а) - мызә) - мб) - ымв) - імг) – сы

Тест жауабы

1. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.б) Күнім2. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІІ жағын көрсетіңіз.б) Биі3. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Әнші бізді өзінің концерт... не шақырды.в) – і4. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.в) Болашағың5. Тәуелдік жалғауының көпше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.а) Мектептерің6. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.а) Тапсырмаң

7. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз. Менің сүйікті әнші...Роза Рымбаева.ә) - мБағалау дескрипторы:

  • Тәуелдік жалғаулардың қолданысын біледі;
  • Тәуелденген зат есімдерді жекеше, көпше түрге ажырата біледі;

№3 Дәптермен жұмыс

6-слайд

7-слайд

№3 Дәптермен жұмыс

8-слайд

9-слайд

№3 Дәптермен жұмыс

10-слайд

11-слайд

12-слайд

13-слайд

14-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Бағалау критерийі

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

тәуелдік жалғауларды қолдана білемін;

тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжаймын

бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, біркелкі жазамын

Үй тапсырмасы

«Ою», «өрнек» тақырыбына байланысты тәуелдеулі зат есімдерді қатыстыра отырып мәтін құрап жазу.

15-слайд

16-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу