алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

2.Қазақ тілі_3сынып_3 бөлім_№16. Уақыт_Уақытты бағала_ Презентация


Қазақ тілі

3 -сынып

3 -бөлім

Уақыт

(Оқу жоспары Қазақ тілі 2018-2019жж)

Уақытты бағала

Бағалау критерийлері:

1.Бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіреді

2. Мұғалімнің қолдауымен кесте, фотосуреттер пайдаланып, нұсқаулық құрастырады

3. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен табады

4. Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріпті үзбей және біркелкі жазады

Миға шабуыл

«Ғажайып алаң» әдісі

Ғажайып алаңдағы ұяшықты таңдау. Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек. 

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

1-тапсырма ) Бейнематериал тамашалау

«Карусель» әдісі

Көрген бейнематериалға өз көзқарасын білдіру. Пікірталасқа қатысу. Ой қорытындысын жасау.

«Мозайка» әдісі арқылы үш топқа біріктіру

1-топ «Сағат»

2- топ «Күн»

3-топ «Түн»

2-тапсырама Бейнематериалды тамашалау.

«Уақытыңды бағала» тақырыбында жоспарлап сөйлеу.

(Т) «Төрт сөйлем» әдісі

Пікір: Уақытты жоспарлау бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар.

Дәлел: Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер

Мысал: Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.

Қорытынды: Жоспар бойынша қорытынды шығарыңдар

Сергіту сәті

Жұмбақтар шешу

1.Сырт-сырт соғады                              

Уақыт озады.                              

2.Тілдерімен жүреді

Уақытты біледі. 

3.Үш тілі бар, үшеуі де жүреді 

4. Тық-тық ұрып, 

Шегесін қадап. 

Мезгілді саған, 

Айтады санап. 

3-тапсырма «Нұсқаулықтар» әдісі

(Ө,Қ) «Уақытыңды бағала» тақырыбында нұсқаулық жазу. Бір күндік уақытын қалай жұмсайтынын жазу және уақытын қою.

«3+2+1» әдісі

Ұнаған 3 кезең_____________________

Ұнаған 2 сұрақ_____________________

Келесі сабаққа 1ұсыныс_____________

Үйге тапсырма:

«Уақыттың тиімділігі» тақырыбында мәтін құрап жазу


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы