4.Қазақ тілі_3сынып_3 бөлім_Уақыт_Уақытты бағала_Әдістеме


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

1.Бөлім: 3-бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: Уақытыңды бағала

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу, келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары:

  • басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіруді үйренеді;
  • сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады

Құндылықты дарыту; Уақыттың қажеттілігін білу және тиімді қолдану

Пәнаралық байланыс; Математика

Ресурстар:

Қосыша материалдар:

  • таныстырылым
  • дидактикалық материалдар
  • бейнематериал

2.Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға психологиялық жағымды ахуалды қалай ұйымдасырылады:

Топтық жұмыста, «Карусель» әдісінде, оқу құралдарын қолдануда сақтық ережелерін айту

Миға шабуыл (Т.) «Ғажайып алаң» әдісі

Мақсаты: Сұрақтарға жауап беру арқылы, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап алу. Айтылым мен тыңдалым дағдылары артады

Қолданылуы:

Ғажайып алаңдағы ұяшықты таңдау. Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.

-Кеше қандай оқиға есіңде қалды?

-Қандай сабақ болды?

-Бір сабақта неше минут отырдың?

-Қандай көмек бере алдың?

-Кімнен көмек алдың?

-Туған күнің қашан?

-Былтыр қандай сыйлық алған едің?

-Кешегі күнді қайта артқа жылжыта аламыз ба?

-Өткен жылды, айды ,күнді артқа жылжыта алар ма екенбіз?

3. Сабаққа қажетті теориялық материалдар: ереже, анықтамалар, түсіндірмелі сөздік, т.с.с.

М.К Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жүмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жүмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

4. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы

1-тапсырма «Карусель» әдісі

Мақсаты: Оқушының өз пікірін еркін жеткізуге. Берілген уақытты пайдалана алуы және бейнематериалға өз көзқарасын жеткізе алуы.

Қолданылуы:. Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге топтасады. Шеңберде сөйлеуге нақты уақыт беріледі. Мысалы, 20 секунд. Көрген бейнематериалға өз көзқарасын білдіру. Пікірталасқа қатысу. Ой қорытындысын жасау.

2-тапсырма «Төрт сөйлем» әдіс

Мақсаты: Уақытты жоспаралауда өзіндік пікір жаза білу, жазған сөйлемді дәлеледей алуы, жоспар құру үшін өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіру.

Қолданылуы: Бейнематериалды тамашалау. «Уақытыңды бағала» тақырыбында жоспарлап сөйлеу.

Пікір: Уақытты жоспарлау бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар.

Дәлел: Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер

Мысал: Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.

Қорытынды: Жоспар бойынша қорытынды шығарыңдар.

Сергіту сәті: Жұмбақтар шешу

3-тапсырма «Нұсқаулықтар» әдісі

Мақсаты: Оқушылар бір күндік уақыттарын нұсқаулық бойынша орналастыру. Уақытты үнемдеу үшін не істеу керек? Оқушылар осы әрекетті орындауға бағытталған нұсқаулықты жазады.Бұл тапсырма оқушыларды ойлануға ынталандырады.

Қолданылуы: (Ө,Қ) «Уақытыңды бағала» тақырыбында нұсқаулық жазу. Бір күндік уақытын қалай жұмсайтынын жазу және уақытын қою.

5. Саралау:

«Қарқын» тәсілі. Пікірталасқа қатысып, өз көзқарасын білдіруде жылдам және қорытыныдылауы сараланады.

«Дереккөздер» тәсілі. Кейбір оқушылардың күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алуы сараланады.

«Диалог және қолдау» тәсілі. Көмек қажет ететін оқушлыраға күрделі тапсырма орындауда қолдау жасау

 6. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар;

Бағалау критерий:

1.Бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіреді

2. Мұғалімнің қолдауымен кесте, фотосуреттер пайдаланып, нұсқаулық құрастырады

3. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен табады

4. Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріпті үзбей және біркелкі жазады

 Кері байланыс:

Қ.Б: мадақтау арқылы,«Жарайсың!», «Керемет!», «Өте жақсы!»

Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді, Көңіл-күй смайликтер

«3+2+1» әдісі

 Мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгеруде қандай кезеңдер ұнады, ұнаған екі сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс жасату арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергендерін білу

 Қолданылуы: қандай кезеңдер ұнады, ұнаған екі сұрақ, келесі сабаққа 1 ұсыныс жаздыру

  7. Қосымша сілтемелер:

 

 1. Оқу жоспары Қазақ тілі Т1 3 сынып 2018-2019 жж

 2.Оқулық Қазақ тілі «Атамұра» баспасы

 3. Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т1

4.Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс: әдістемелік нұсқаулық/

Б.К.Умиралиева, З.А. Сапарбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу