Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Кейіпкерлерді сипаттаймыз ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Омарова А.Е.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кейіпкерледі сипаттаймыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.

3.3.1.1 жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу/пайымдау мәтіндерін құрап жазу

 Сабақ мақсаттары

Шағын мәтін құруды үйрену.

 Жетістік критерилері

Шағын мәтін құрай алады, өз ойларын жеткізуде, көркем сөздерді қолдануға талпынады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажырата алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен танысады, оларды сөйлеу барысында қолданады. Сауатты жазып, ойын тиянақты жеткізуге дағдыланады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Еңбекқор, адал болуға және әр істі жауапкершілікпен орындауды үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сурет, АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Кейіпкерді сипаттау, мәтін кейіпкерін анықтап, оған мінездеме беру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(0-5 мин)

(Ұ) Психологиялық ахуал орнату.

Тренинг: Бір – бірімізге жылы сөз арнаймыз».

- Әрбір адам?

- Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ?

Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісім?

- Тірлік, тірек, адалдық.

- Әрбір сөзім?

- Шындық, бірлік, адалдық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Міне, балалар, біз бір - бірімізге жылы сөз арнап, біздер достығымызды, бірлігімізді білдірдік. Бүгінгі «Достық пен жолдастық» тақырыбындағы сабағымыз өмірімізге сән беретін адам бойындағы ғажайып сезім туралы.

Сабақтың ортасы

(5-35 мин)

(Ұ) Оның атын кім дейміз?

- Шалбар жатыр қуыста,

Жейде жатыр бұрышта,

Бас киім мен бәтеңке

Бірге тұрса дұрыс па?!

Оның атын кім дейміз?

- Салақ бала бұл дейміз.

- Олпы-солпы кигені,

Қадамақ боп түймені,

Саусағына байқамай

Шаншып алды инені.

Оның атын кім дейміз?

- Олақ бала бұл дейміз.

- Бірін түртіп жылатты,

Бірін шалып құлатты.

Аяқ-қолда тыным жоқ

Ала құйын сияқты.

Оның атын кім дейміз?

- Тентек бала бұл дейміз.

- Атқа қарғып мінбейді,

Суда жүзе білмейді.

Көше жарық болса да,

Жалғыз өзі жүрмейді.

Оның атын кім дейміз?

- Қорқақ бала бұл дейміз!

- Күнде ұйқысы қанбайды,

Жұмсағанға бармайды.

Теледидар алдында

...краннан көз алмайды

Оның атын кім дейміз?

- Жалқау бала бұл дейміз!

Ақылбек Қожаұлы

(Т) «Еңбекқор бала», «ұқыпты бала», «өжет бала», «тәртіпті бала», «шыншыл бала» қандай болатындығы туралы әңгімелеу. Сызбаға салу. Сынып алдында жұмысты таныстыру.

(ЖЖ) «Сен қандай баласың?» тақырыбына «расында», «меніңше», «шынымды айтсам», «сеніңше қалай» сөздерін пайдаланып сөйлесу.

(Ж) Мен қандай баламын?

Тақырыбында шағын эссе жазу.

Үлестірмелі материал

Сабақтың соңы

(35-40мин)

Сабақта не ұнады?

Нені үйрендім?

Не қиын болды?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу