алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ тілі және әдебиеттік оқу. 3 сынып. 2- бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Кейіпкерлерді сомдаймыз. Қысқа мерзімді жоспар


Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К.

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сынып: 3

Сабақ тақырыбы

Кейіпкерлерді сомдаймыз. Қамқор болып жүрейік!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетінсақтап диалогке қатысу;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу.

 Сабақ мақсаттары

Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап беруді үйренеді;

Өз ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыланады; щ дыбыстары бар сөздердің емлесін меңгереді.

 Бағалау критерийлері

ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін сақтайды

 Сөздік қор

 

қамқорлық, қажырлы еңбек, риясыз, ащы, тұщы.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар берілген суреттер бойынша ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыланады, тақырыпты болжауға үйренеді. Оқушылар сабақтан алған білімдерін пысықтауға,

кейіпкер жайында өз ойларын қорытындылауға үйренеді.

 Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Оқушылар алдыңғы тапсырмаларда болжаған тақырыптары бойынша білімін дамытып, мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдыланады. Оқушылар щ дыбысы бар сөздермен жұмыс жасау арқылы сауатты жазу дағдыларын дамытады.

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін­ өзі тану пәндері

 АКТ

Көрсетілімдер

Алдыңғы меңгерілген білім

Кейіпкерлерді сомдауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқулық: 62–63 беттер. Жұмыс дәптері: 31­бет

Сабақ ортасы

35 минут

Ойымызбен бөлісейік.

Тапсырма жұпта орындалып, содан кейін сыныпта жарияланады.

Суреттерге қарап, жұпта ой бөліседі. Содан кейін ойларын сыныпта айтады. Оқушылар топпен жұмыс жасағанда сыныпта еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі.

Оқиық және жауап берейік.

Тапсырманы оқушылар сыныппен орындайды.

Оқушылар мәтінді оқиды. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс жасайды. Кейіпкерге сипаттама береді. Кейіпкердің қамқорлығы мен қажырлы еңбегі арқылы оның қандай адам екенін мәтіннен дәлел келтіріп айтуға бағыттау керек.

Саралау.

Дифференциация.

Кейіпкерге сипаттама беру кезінде қабілеті төмен оқушыларға мынадай кесте ұсынуға болады.

С....

Е....

Қ....

М....

А....

Оқушылар сипаттама беруде осы әріптен басталатын сөздер арқылы сипаттама береді. Толтырып болған соң бір­бірінің кестесімен салыстырып толықтырады.

Қабілеті жоғары оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіргеннен кейін сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Бірге орындайық.

Щ әрпі бар сөздердің емлесін және оларды орынды қолдана білу біліктері жетілдіріледі. Тапсырманы бүкіл сынып болып орындайды.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап болған соң, щ дыбысы бар сөзді табады. Ащы сөзін қатыстырып ауызша бірнеше сөз тіркестерін құрастырады.

Мысалы, ащы тер, ащы тағам, ащы дәрі т.б.

Щ дыбысы бар басқа да білетін сөздерін айтады. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.

Бұл тапсырмада Щ дыбысының емлесімен танысады.

Тапсырманы бүкіл сынып орындайды. Грамматикалық қоржындағы мәліметті оқиды. Алдыңғы тапсырмада өздері айтқан щ әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Ойымызбен бөлісейік және жазайық.

Тапсырманы топпен орындайды. «Қабырғадағы сұлба» әдісі арқылы орындалады. Кейіпкер сұлбасы(ер адамның) беріледі немесе оқушылар өздері салады. Оқушылар төрт адамнан тұратын шағын топтарда жұмыс жасайды. Олар Нұржаубек атаны басқа адамдар сыртынан қалай көретінін көрсетіп, сөздерді немесе сөйлемдерді сұлбаның сыртына жазады. Ал сұлбаның ішіне олар кейіпкер өздерін қалай сезінетінін, олардың ойлары мен сезімдерін жазады. Осы әдіс арқылы кейіпкерге халықтың ризашылығы және кейіпкердің қамқор көңілі жайында ой түйеді. Осының негізінде оқушылар кейіпкерге арнап, алғыс хат жазады. Топта жазып болған соң сыныпқа оқып береді.

Саралау.

Дифференциация.

Қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздер ұсыну.

Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасау кезінде сынып ішінде еркін қозғалуға мүмкіндік беріледі.

-Айналасына қамқорлық жасау барлық адамның қолынан келе ме? деген сұрақ беріліп талқылау жүргізіледі.

«Көрінбейтін қамқоршы» ойынын ойнату. Қағазға оқушылардың аттары жазылып, бүктелген қалыпта оқушыларға үлестіреді. Кімнің есімі шықса, сол адамға айтпай, білдірмей бір ай бойы қамқорлық көрсетіп жүру тапсырылады.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру

Ол үшін 7­9 бетте орналасқан «Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдауы керек.

ҚБ тапсырмасын орындату.

Тапсырма

Жұмбақтарды оқып, жауабын жаз.

Жауабы: _______________

  • Сөз қай дыбыстан басталған? Осы дыбысқа қатысты 2 сөз жаз.

Жауабы: _______________

  • Құрамында осындай әрпі бар 3 сөз жаз.

Дескриптор

Білім алушы

- жұмбақтың шешуі болатын сөзді қатесіз жазады;

- екінші жұмбақтың шешуін табады;

- ч әрпі бар сөздерді жазады.

Баға лауға арнал ған стикерлер;

Кеңсе затта ры

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Дифференциациялық тапсырмаға екі кейіпкердің кездесетін жерін жазу қабілеті жоғары оқушыларға жазуды ұсыну.

Не болар еді? Бір-бірімен олар қалай сөйлесер еді?

Оқушылар жазған мәтіндерін оқыған кезде кері байланыс алады.

.

Сергіту сәті өткізіледі.

Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы