Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Кейіпкерлерді сомдаймыз ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Омарова А.Е.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кейіпкерлерді сомдаймыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктер, әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданылуын түсіну және анықтау

 Сабақ мақсаттары

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.3.4.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу

 Жетістік критерилері

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтай алады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажырата алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерімен танысады, оларды сөйлеу барысында қолданады. Сауатты жазып, ойын тиянақты жеткізуге дағдыланады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Еңбекқор, адал болуға және әр істі жауапкершілікпен орындауды үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сурет, АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Кейіпкерді сипаттау, мәтін кейіпкерін анықтап, оған мінездеме беру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(0-5 мин)

(Ұ) Психологиялық ахуал орнату.

Тренинг: Бір – бірімізге жылы сөз арнаймыз».

- Әрбір адам?

- Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ?

Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісім?

- Тірлік, тірек, адалдық.

- Әрбір сөзім?

- Шындық, бірлік, адалдық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Міне, балалар, біз бір - бірімізге жылы сөз арнап, біздер достығымызды, бірлігімізді білдірдік. Бүгінгі «Достық пен жолдастық» тақырыбындағы сабағымыз өмірімізге сән беретін адам бойындағы ғажайып сезім туралы.

Сабақтың ортасы

(5-35 мин)

) «Көк ту және достар» мультфильмінен үзіндіні көру. Алған әсерімен бөлісу.

«Көк ту және достар» мультфильмінен 2:48- 3:09 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.

(Т) Эпизод аяқталғаннан кейін фильмді тоқтатылады. Оқушыларға фильмнің соңы қалай аяқталатынын болжау ұсынылады. Фильмнен алған алғашқы әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік беріледі. «Көк ту және достар» мультфильмінен 7:05-8:42 минут аралығындағы үзінді көрсетіледі.

Мұғалім топтағы барлық оқушылардың оқиғаны баяндауын қадағалайды.

Фильмді қайта көру. Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылау. Сынып алдында өз ойларын қорғау.

(Т) Фильмдегі әрбір кейіпкердің қандай сезімде, ойда болғанын топта талқылауға, сынып алдында сахналық көрініс ретінде көрсетуге уақыт беріледі .

Жазба жұмысы тексеріледі.

(Ж) «Мағжанның орнында болсаң, не істер едің?» тақырыбында сөйлесу.

(Ұ) Оқиғаның соңын болжау. Мағжанның іс-әрекеті қандай болуы мүмкін? Деген сұраққа жазбаша жауап беру.

(Ұ) Оқиғаның соңын көру. Өз болжамдарымен салыстыру.

(Ө,Қ) Мазмұндаманы жазу. Өзін-өзі тексеру.

(Ұ) Мазмұндаманы талдау.

Мұғалім мазмұндаманы талдауды «Бағытталған жазу» стратегиясын қолдану арқылы жүзеге асырады. Мұндай жұмыс түрі шамамен 7-10 минутты қамтиды. Жазба жұмыстарында жіберілген қателерінің түріне байланысты оқушылар топтастырылады. Тапсырманы қатесіз орындағандар өз алдына топ құрайды және оларға өз бетінше жұмыс беріледі. Мұғалім қате түрлеріне байланысты тапсырмаларды алдын ала дайындап келеді және оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізеді. Топ оқушылары қатеге байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.

Бейнематериал

https://www.youtube.com/watch?v=m-3QTXZQIQQ

Сабақтың соңы

(35-40 мин)

Сабақта не ұнады?

Нені үйрендім?

Не қиын болды?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Сабақтың басындығы көңілдерің неге ұқсайтынын естідік, ал енді көңіл күйлеріңді неге теңейсіңдер?

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу