2_Қазақ тілі_3 сынып_2 бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№22 сабақ_Қыстырма сөз_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

2-бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

22-сабақ

Тақырыбы: «Қыстырма сөздер»

(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып.Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж.)

Құрастырған Абдрасилова Г.

«Ширату»

Асты сызылып берілген сөздерді 2 топқа топтастыр. Қандай белгісі бойынша топтадың?

Қарағым, жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

Шынымды айтсам, сіздің әрекетіңізбен келісе алмай тұрмын.

Гүлдерге су құй, балам.

Кішілерге қамқор болу қажет екен, расында.

Менің уайымдағаным да сенің жағдайың, күнім-ау.

Құлыным, ешқашан ғайбат сөз сөйлеме.

Әрине, соңғы шешімді өзің қабылдайсың?

Көңіл қалса, өкінішке орай, қалпына келтіру қиын.

Ширату

Қаратпа сөздер

қарағым

балам

күнім-ау

құлыным

Қыстырма сөздер

шынымды айтсам

расында

әрине

өкінішке орай

Сабақтың мақсаты

түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

Бағалау критерийлері

- түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтай алады;

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере біледі;

- қыстырма сөздерді ажыратады және тыныс белгілерін дұрыс қояды

Салыстыру

«Жақсы мен жаман» өлеңі

2-тапсырма:

Сұраққа шынымды айтсам, расында, әлбетте, менің ойымша қыстырма сөздерін қолданып, жауап беру.

Өлеңде аталған жақсы істерді қаншалықты орындап жүрсің?

Кішілерге көмек берген сәтіңді айтып бере аласың ба?

1-тапсырма:

6 тірек сөз не сөзтіркестерін белгілеу.

2 топқа топтастыру.

Есте сақтау диктанты

13-жаттығу

Жазғаныңды тексер.

Өз жұмысыңды бағала

Мақал негізінде қыстырма сөзді қолданып, 2 сөйлем құрастырып жаз.

Жағдаятта не істер едің?

«Өзіңді бағала»

«Сөйлемді жалғастыр»

Бүгін мен … үйрендім.

Сыныптағы өзге оқушылар сұрақ қояды:

Неліктен олай ойлайсың?

Қандай дәлелің бар?

– Сен түсіндіре аласың ба?

– … үйрену үшін не істеу керек?

14-жаттығу

Сөйлемнің тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу.

Үй тапсырмасы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу