2_Қазақ тілі_3 сынып_2 бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№20 сабақ_Қаратпа сөз_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

2-бөлім «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

20-сабақ

Тақырыбы: «Қаратпа сөз»

(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып.Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж.)

Құрастырған Абдрасилова Г.

Мақал негізінде қаратпа сөзі бар сөйлем құрастыру.

1. Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.

2. Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.

3. Сабыр түбі,сары алтын.

4. Кең болсаң, кем болмайсың.

5. Ата көрген, оқ жонар

5. Жақсы адамның өкпесі, шайы орамал кепкенше.

 

Білімді бекіту

Оқу мақсаттары

өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Бағалау критерийлері

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын қояды, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;

- қаратпа сөздерді ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қояды;

- қаратпа сөздерді қолданып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Сәйкес сызбаны тап

Көркем жазу

Дд дәстүр дәріпте даналық

Мәтінмен жұмыс

1-тапсырма.

Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді теріп жазу. Қаратпа сөздің астын сызу.

2-тапсырма: мәтіннен ақпарат алу

- Кәкен қандай жаңа ақпаратпен танысты?

- Кәкен қандай жас шамасындағы бала болуы ықтимал?

- Оқиға жылдың қай мезгілінде болуы мүмкін?

- Мәтіннен халқымыздың қандай дәстүрін байқадың?

- Әкесі қандай мақсатта баласын ертті деп ойлайсың?

- Осы оқиға арқылы автор бізге нені насихаттағысы келеді?

1. Қаратпа сөздің қызметін анықта. Дұрыс жауапты белгіле.

А. Хабарлама жасау

Ә. Біреудің назарын аудару.

Б. Көзқарасын білдіру.

2. Қаратпа сөзі бар сөйлемді тап, тиісті тыныс белгісін қой.

А. Ата қалыңыз қалай?

Ә. Бабама сәлем беріп қайттым.

Б. Атам маған батасын берді.

3. Сөйлемде қаратпа сөздердің тыныс белгісін қой.

А. Әке ауылға қашан жетеміз?

Ә. Асықпа балам бәрі өз уақытында.

Б. Ассалаумағалейкум ата!

4. Берілген сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.

Мені атама ала барыңызшы.

___________________________________________

5. Берілген сөйлемдерді қаратпа сөзбен толықтыр.

..., сабағыңды оқып жүрмісің?

Жолдан шаршамай жеттіңдер ме, ... ?

Тест

1. Қаратпа сөздің қызметін анықта. Дұрыс жауапты белгіле.

А. Хабарлама жасау

Ә. Біреудің назарын аудару.

Б. Көзқарасын білдіру.

2. Қаратпа сөзі бар сөйлемді тап, астын сыз, тиісті тыныс белгісін қой.

А. Ата, қалыңыз қалай?

Ә. Бабама сәлем беріп қайттым.

Б. Атам маған батасын берді.

3. Сөйлемде қаратпа сөздердің тыныс белгісін қой.

А. Әке, ауылға қашан жетеміз?

Ә. Асықпа, балам, бәрі өз уақытында.

Б. Ассалаумағалейкум, ата!

4. Берілген сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.

Мені атама ала барыңызшы.

Әке, мені атама ала барыңызшы.

5. Берілген сөйлемдерді қаратпа сөзбен толықтыр.

Балам/құлыным, сабағыңды оқып жүрмісің?

Жолдан шаршамай жеттіңдер ме, балдарым?

Тест жауабы

«Ішкі және сыртқы шеңбер»

«Әлемдегі ең қымбат нәрсе не?» үлгі негізінде диалог жүргізу.

Шарты:

қаратпа сөзді қолданып сөйлеу;

өз ойын негіздеу;

сөйлеу мәдениетін сақтау.

Кері байланыс: Маған ұнаған жауап..., себебі...

Өзін-өзі бағалау. «Хабарлама» әдісі

Менің сабақтығы жетістіктерім...

Мен ... дамытуды қолға аламын.

Үйге тапсырма: 6-жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу