4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№20 сабақ_Қаратпа сөз_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: 20-сабақ. Қаратпа сөз. Жақсы мен жаманды айыра білемін

Сабақ мақсаттары:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою; 3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Ресурстар: үлестірме материалдар, презентация, флипчарттар, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөздер дейді. Мысалы, Дана, сен хайуанаттар бағына барасың ба?

Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады. Мысалы, Марат, үйдесің бе? Иә, Марат, мен сені күтіп тұрмын. Көп кешікпе, Марат.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 Білімді бекіту. «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.

Оқушыларға алдын ала мақал-мәтелдерді жеке сөздерге қиып немесе жазып таратылады. Сынып оқушылары 1 минут ішінде мақалды қайта құраулары керек. Құрастырған мақалы негізінде топ қаратпа сөзді сөйлем дайындайды. Таныстырады.

 5-жаттығу. Жұптық жұмыс формасында ұйымдастырылады. Мақсаты: қаратпа сөздердің тыныс белгісін пысықтау. Өлеңді оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемнің сәйкес сызбасын табады. Жауабы:1 және 4 сызба. Дәптерге түртіп алу.

Оқушылардың қаратпа сөзі бар сөйлемнің сызбасын ажыратуы, өз таңдауын түсіндіре білуі бағаланады.

 7-жаттығу «ДЖИГСО» әдісі негізінде ұйымдастыру ұсынылады. Алдын ала А3 қағазға бір сұрақты жазып, әр топқа бір түсті фломастер беріледі. Фломастер түсі қайталанбауы, мұғалімге топ жұмысын бағалауға тиімді болады.

 Сұрақтар үлгісі:

  • Кәкен қандай жаңа ақпаратпен танысты?
  • Кәкен қандай жас шамасындағы бала болуы ықтимал?
  • Оқиға жылдың қай мезгілінде болуы мүмкін?
  • Мәтіннен халқымыздың қандай дәстүрін байқадың?
  • Әкесі қандай мақсатта баласын ертті деп ойлайсың?
  • Осы оқиға арқылы автор бізге нені насихаттағысы келеді?

 Топ оқушыларын 6 топқа топтастырылады. Топтастыру үшін әр қатардағы оқушыларды 2 топқа біріктіру тиімді. Оқушылар уақытша жұмыс партасына жинала қояды. Топқа берілген сұраққа 2 минут ішінде ақылдасып, жауап жазады.

 Қол соғу арқылы белгі беріп, енді топтар сағат тілі бағытымен қозғалады. 1 мин 30 сек ішінде басқа топтың орындаған жұмысымен танысып, сұраққа өз жауаптарын жазады. Мұғалім уақытты бақылап, қайта белгі береді. Топтар сағат тілімен қайта жылжиды. 1 минут ішінде келесі топтың жауаптарымен танысып, сұраққа өз жауаптарын жазады. Осылай топ барлық сұрақтардың жауаптарын оқып танысуға және толықтыруға мүмкіндік алады.

 Орындалған жұмыстар сынып қабырғасына ілінеді.

Қалыптастырушы бағалау мақсатында тест тапсырмасы беріледі. Тест өз бетінше орындалады. Тест жауап парақшасымен тексеріледі. Өзін өзі бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.

 8-жаттығу. «Әлемдегі ең қымбат нәрсе не?» талқылауы «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі арқылы ұйымдастырлады. Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. 1 минут ішінде қарама-қарсы тұрған оқушылар бір-бірінің қойған сұрағына жауап беріп, диалогке түседі. Уақыт өткен соң, белгі беріліп, сыртқы шеңберде тұрған оқушылар бір қадам оңға жылжып тұрады. Оқушылар жаңа жұбымен диалогті қайта бастайды. Осылай жұмыс жалғасады. Мұғалім шеңбердегі оқушылардың қаратпа сөздерді қалай қолданып жатқанын бақылайды. Қажет жағдайда бағыт береді.

Тапсыра соңында оқушылар өзара кері байланыс беруі ұйымдастырылады.

Маған ұнаған жауап..., себебі...

 Қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаттарын игеруін оқушылар өзін-өзі тексеру арқылы «Бас бармақ», «Хабарлама» әдістері арқылы жүзеге асырады. Өзара бағалау «Кері байланыс» беру дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қол жеткізген жетістіктерін мадақтау. Назар аударатын тұстарды атап өту ұсынылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу