4.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№21 сабақ_Қаратпа сөз_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Қыстырма сөздер. Жақсы мен жаманды білемін

Сабақ мақсаттары:

Ресурстар: Қыстырма сөздер кестесі, сызбасы, А4 қағазы, фломастер, т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

 Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің әр алуан көзқарасын (сену, мақұлдау, күмәндану т.б.) білдіретін сөздерді қыстырма сөздер деп атайды. Қыстырма сөз бір сөзден де, кейде бірнеше сөзден де тұрады.

 Қыстырма сөзді ретсіз көп пайдаланудың қажеттілігі жоқ.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі

 Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. «Жақсы мен жаман қаситеттерді айыра аласың ба?» сұрағына «әрине», «меніңше», «шынымды айтсам» сөздерін қолданып 1-2 сөйлеммен жауап береді.

Мұғалімнің белгісі бойынша сытрқы шеңбердегі оқушылар алдымен берілген сұраққа сұраққа жауап береді. Ішкі шебердегі оқушылар тыңдап, сонан соң өздері де жауап береді. Оқушылар жауап беруіне 30-40 сек шамасында уақыт беріліп, қайта белгі беріледі. Сыртқы шеңбердегі оқушылар сағат тілмен бір орын жылжып тұрады. Сыртқы және ішкі шеңбердегі оқушылар кезекпен сұраққа жауап беріп, ой бөліседі. Сұраққа жауап беру осылай жалғасады. Арнайы қоңырау, сылдырмақ немесе шапалақтау арқылы белгі беруге болады.

Оқушылардың өзара кері байланыс беруін ұйымдастыруға болады. Ол үшін тапсырма соңында оқушылар өзіне қай жауап ұнағанын және неліктен ұнағанын айтады.

Саралау: қыстырма сөздер емлесінің сызбасымен жұмыс.

 Бұл тапсырма қабылдауы төмен немесе визуал оқушылар үшін қолдау болып табылады.

Сызбамен жұмысты бүкіл сынып оқушыларымен немес мақсатты топпен ұйымдастыруға болады. Оқушылардың сызбадан ақпарат алып, онан қорытынды шығару дағдысын қалыптастыру мақсатында жетекші сұрақтар қойылады.

  • Назар аудар, сөйлем сызбаларында қандай ұқсастық бар?
  • Қарамен берілген сөздер қандай қызмет атқаруы мүмкін?
  • Қарамен берілген сөздерді қандай белгімен айрықшалап көрсеткен?
  • Бұл тыныс белгінің қандай қажеттілігі болуы мүмкін?
  • Қаратпа сөздердің емлесі дегенде нені білу, жазу барысында ұмытпау керек?

«Қыстырма сөздер» кестесімен жұмыс

 Оқушылардың қыстырма сөздерді ажырату, мақсатқа сай орынды қолдануына тәжірибе жасау мақсатында дайындық жұмысы ретінде беріледі. Оқушылар өзіне сенімді болуы үшін тапсырманы өз бетінше орындап, сонан соң жұпта ақылдасып қайта қарап, топта өз жауаптарын ортаға салып, топтың кестесін құрастырады. Сынып оқушыларына таныстырады. Топ мүшелері өзара бағалайды. Оқушылар топ құрамында өз жұмыстарын тексеру мүмкіндігі болады.

Қыстырма сөздерді мағынасына қарай кестеге топтастыру үлгісі

Қыстырма сөздер

Адамның

көңіл күйін,

сезімін

білдіреді

Ой-пікірін білдіру

мақсатында

қолданылады

Ой-пікірге

жорамал жасау

мақсатында

қолданылады

Ойды санамалап

айтып, дәлелдеу

мақсатында

қолданылады

амал қанша, несін айтайын, әттеген-ай

меніңше, сіздіңше, оның айтуынша

әрине, әлбетте, рас, мүмкін, расында

біріншіден, алдымен, соңында, әуелі

Саралау

Оқушылардың қабілетін ескере отырып, өзара оқуға жағдай жасау.

Шығармашылық жұмыс.

«РАФТ» әдісі.

Р рөл

А аудитория

Ф формат

Т – тақырып

Талқыланған мақалдың негізінде оқушылардың жазылым дағдысын дамыту мақсатында орындауға ұсынылады. Тапсырма арқылы қатемен жұмыс ұйымдастырылады.

Р – бауыр

А – өзінен кіші бауыры

Ф – жадынама

Т – Жақсымен жолдас бол!

Мәтін құрауда өйткені, себебі, біріншіден, сондықтан сөздерін қолдану талабы белгіленеді.

Саралау: жетекші сұрақтар

  • Жадынаманы қалай бастауға болады?
  • Негізі ойды қысқаша қалай тұжырымдайсың?
  • Тақырыпты ашатын, себеп-салдарын түсіндіруге талпын.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы қол жеткізген жетістіктерін қадағалау. Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауды жүзеге асыруға дағдыландыру. Оқушыларға назар аударатын тұстарын нақты көрсету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу