Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып 7 бөлім «Қоршаған орта» Төлқұжатсыз саяхатшылар ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: 7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:16.04.18

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып: 2А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төлқұжатсыз саяхатшылар

Оқу мақсаттары

2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.

Сабақ мақсаттары

Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздеу, іріктеп алу.

Бағалау критерийлері

Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздейді, іріктеп алады.

Алынған мәліметтер бойынша мәтін құрастырады.

Сөздік қор

Ақпарат, дереккөз, сөздік, анықтама, энциклопедия, саяхат, төлқұжат

 Миссия және пайымдау

Өмір бойы білім алу

Жаһандық азаматтық

Жер бетіндегі жануарлар мен құстарды қорғау

 Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғау, аялай білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе

АКТ қолдану дағдылары

АКТ-дан материалдар іздейді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Дереккөздермен жұмыс жүргізуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

2 минут

Сабаққа оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау

Сәлемдесу

Армысың, ару Күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

Сабақтың ортасы

35 минут

Үй жұмысын тексеру

«Құстар- біздің досымыз» тақырыбына постер немесе сурет салу.

Бағалау

Смайлик арқылы бірін- бірі бағалау.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Төлқұжатсыз саяхатшылар

Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздеу, іріктеп алу.

Дескриптор құру

    • - тақырып/сұрақ бойынша қажетті ақпараттарды іздейді;
    • - жинаған ақпаратты жүйелеп, қорытындылайды;
  • жинаған ақпаратын басқаларға ұсынады.

Сөздік жұмысы

Төлқұжат

Саяхаттау

Болжау

Төлқұжатсыз саяхатшылар

-Қалай түсінесіңдер?

-Сендер саяхатқа шығып көрдіңдер ме?

-Саяхатқа шығу үшін не керек?

Сұрақтарға жауап беру

-Құстарды «саяхатшы» деп айтуға бола ма?

-Саяхаттайтын жануарлар мен құстар туралы не білесің?

Мәтінді оқу

Мәтінге ат қою /Саяхатшы кит/

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

-Китті ең көп саяхаттайтын жануар деп айтуға бола ма?

-Жаз айларында сұр кит қай жерді мекендейді?

-Мексикада қанша уақыт болады?

Мәтіннен китті сипаттайтын сөздерді тауып, дәптеріңе жаз.

Сергіту сәті

Тапсырмаларды оқы, орында.

Дереккөздермен жұмыс, ақпарат алу

Топтық жұмыс

Дифференциация

І-топ. Аққу - Компьютермен

ІІ-топ. Қарлығаш- Компьютермен

ІІІ-топ. Тырна- Ноутбукпен

ІҮ-топ. Қыран- Энциклопедиямен

Жауапкершілік туралы айту

Топтар бірін- бірі дескриптор бойынша бағалайды.

Құстардың ішіндегі адамға ең жақыны – қарлығаш. Олар жемін ұшып жүріп аулайды. Тіпті суды да ұщып жүріп қалқып ішеді. Қарлығаш ұясын үйдің шатырына салады.

Жазайық

Жинақталған мәліметтер бойынша

Төлқұжатсыз саяхатшы туралы жазу.

I деңгей

Аты жөні:.....................................

Мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жаз.

Теңіздегі ең ..... жануарлар- киттер. Киттердің .... мүшелері өте жақсы жетілген. Су астында әр түрлі .....шығарады.

Қажетті сөздер: дыбыстар, ірі, есту.

..........................................................................................................................................................................................................................................................................................

IIдеңгей

Аты жөні:.....................................

Мәтінді оқы. Мәтін бойынша екі сұрақ құрастырып жаз.

Теңіздегі ең ірі жануарлар-киттер. Әсіресе «Көк кит» деп аталатын киттің ұзыңдығы 30 метрден, ал салмағы 150 тоннадан асады.    Киттердің бастарының үстіндегі тесіктен су шашатынын көрген болуларың керек. Бұл оның мұрны.Киттер мұрындарын тек дем алып шығару үшін ғана пайдаланады. Киттердің есту мүшелері өте жақсы жетілген. Су астында әр түрлі дыбыстар шығарады және сол дыбыстармен бағыттарды таба алады.

............................................................................................................................................................................................

III деңгей

Аты жөні:.....................................

Берілген тірек сөздермен мәтін құрастырып жаз.

Теңіз , ең ірі, кит, 150 тонна, су шашатынын тесігі, әр түрлі дыбыстар , бір-бірімен хабарласу

...............................................................................................................................................................................................................................................................................................

https://imektep.kz/kz/kustar

0.40- 5.20

Үйге тапсырма: Саяхатшы құстар туралы деректер тауып жазып келу.

Компьютер, ноутбук, телефон, энциклопедия, таныстырылым

https://imektep.kz/kz/kustar

0.40- 5.20

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

Бағдаршам көздері арқылы меңгергенін анықтау.

Қызыл түс-нашар жұмыс істедім.

Сары түс –орташа жұмыс істедім.

Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім.

Бүгінгі сабақта не қиынболды?

–Не қызықты болды?

–Не маңызды болды?

Үлестірмелі материал

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар мәтінді өз бетінше оқып, қажетті ақпаратты таба алады.

Жеке өздік жұмыстарын бағалаймын.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу