Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 2 бөлім Кейіпкерлерді сомдаймыз ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 3

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Кейіпкерлерді сомдаймыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.8.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.

 Сабақ мақсаттары

Кейіпкерді сипаттап үйрену.

 Бағалау критерийлері

Кейіпкерлерді сипаттауда баяндау тілін дұрыс қолданады.

 Сөздік қор

 

Баяндау барысында оқушылардың сөздік қорлары молаяды.

 Құндылықтарды дарыту

Жақсы істер жасауға ұмтылады.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ

АКТ-да видео-мәтін көреді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» қараңғылық пен жарықты зерттеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ж) Оқушыларға өз жұбын сипаттауды ұсыну.

Сабақ ортасы

35 минут

(Ұ) Драма қолдана отырып, жарық пен қараңғылықтың айырмашылығын зерттеу. Үлкен, жарық алаңда оқушылардан көңілді кейіпкер кейпіне еніп жүруді сұрау. Олардан өздерін сынып қабырғасында ілулі тұрған парақтағы жағымды кейіпкерлердің бірі болып қиялдауын сұрау. Кейіпкерлердің өз-өзімен сөйлесіп тұрғандығын елестету.

- Олар не айтулары мүмкін?

- Бір-бірімен қалай амандасар еді? Оқушыларға көмекші заттарды қолдануға рұқсат беру, мысалы: қалпақтар, киімдер, таяқтар және т.б. Жағымды кейіпкерлерге қай заттар сай келеді?

Оларды кейіпкерлер қалай пайдаланған еді?

Олардың қозғалыстағы фотосуреттерін постерге ілу үшін фотоға түсіру керек.

(Ұ) Енді қараңғылық алаңын жасау. Алдыңғы әрекеттерді жасағандай, енді жағымсыз кейіпкерлерді көрсету. Оқушылар түрлі қосымша заттарды қолдана алады.

(Ұ.Қ) «Бақыт пен сәттілік» ертегісін көрсету. Оқушылар үшін сипаттауға қызық болатын жағымды және жағымсыз екі жаңа кейіпкерді сипаттауды сұрау.

Жағымды кейіпкердің іс-әрекетін бағалау.

Жарық пен қараңғылық туралы ойлану арқылы оқушыларға екі кейіпкердің бейнелерін салуды ұсыну. Салған суреттерін жұбына беріп, кейіпкерлеріне көбірек деталь пайдалана отырып, бір-бірімен ой бөлісу, сипаттама беру.

Сабақтың соңы

  • минут

Рефлексия

«Негеш?» сұрақтары арқылы кері байланысты жүзеге асыру.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Жазу қабілеті жоғарылау оқушылар кейіпкерді сипаттай отырып, күрделі сөйлемдер жазады.

Оқушылардың

- әңгімедегі кейіпкерді сипаттау үшін сөйлем құрай алуы;

- баяндау тілін қолдануы бағалаланды.

Сергіту сәті өткізіледі.

Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу