Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Әріптер, сөздер, емле және грамматика ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ


Қалыптастырушы бағалау

Қазақ тілі және әдебиеті

2-бөлім Менің мектебім

Әріптер, сөздер, емле және грамматика

2 – сынып

1 – тоқсан

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

Т/А 4

Астарлы мағынаны болжау

Сөйлеу қабілетін дамытады және көп мағыналы сөздерді қолдана бастайды

Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтіндер/суреттер/сөз тіркестерін ұсыныңыз. Олардан берілген материалдарды пайдаланып диалог құрастыруды, сахналап көрсетуді, «стоп-кадр» әдісі бойынша кейіпкерлердің іс-әрекетін/ойын/сезімін білдіретін бейнелер сомдауды өтініңіз және оны түсіндіруді талап етіңіз. Тапсырманы жұпта/топта орындатуға болады. Сондай-ақ мәтіндегі көп мағыналы сөздердің, астарлы мағынада берілген сөз/сөз тіркестері/сөйлемдердің астын сызып, оның мағынасын түсіндіруді, сөйлем құрастыруды тапсыруға болады. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың сөйлеу қабілетіне, сөйлеу барысында көп мағыналы сөздерді қолдана алу дағдысына көңіл бөліңіз және бағалаңыз.

Жұппен жұмыс.

Тапсырма 1.

Сурет бойынша көп мағыналы сөздерді пайдаланып, шағын мәтін құрыңыздар;

Тапсырма 2.

Кейіпкерлердің іс-әрекетін/ойын/сезімін білдіретін бейнелерді диалог арқылы сомдаңыздар;

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыздар.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Тыңдалым/ Айтылым

мәтіннен көп мағыналы сөздерді таба алады және оны сөйлеу барысында орынды қолданады;

мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу