Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Жазу ережелері ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ


Қалыптастырушы бағалау

Қазақ тілі және әдебиеті

2 – бөлім «Менің мектебім»

Жазу ережелері

2 – сынып

1 – тоқсан

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

Ж4

Өз ойынан мәтін жазу

2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады

Оқушылармен бірлесе отырып, жазылымның тақырыбын анықтаңыз. «Үзілісте» тақырыбы аясында талқылау жүргізіңіз. Мәтіннің жоспарын құрастырыңыз. Тақырыпты ашуға көмектесетін тірек сөздердің тізімін жасаңыз. Оқушылардан берілген тақырыпқа шағын мәтін құрап жазуды өтініңіз. Олардың берілген тақырыптың мазмұнын ашатындай сөздерді таңдай алуына, сауатты жазуына, тыныс белгілерін дұрыс қоюына, көркем сөздерді қолдануына көңіл бөліңіз. Қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға көмек көрсетіңіз. Оқушылардың берілген тақырыпқа шағын мәтін құрап жазу дағдысын бағалаңыз.

Тапсырма 1.

Оқушыларға үзіліс кезін бейнелейтін суреттер беріледі. Суретке мұқият қараңыздар. Осы суретке сәйкес «Үзілісте» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Сөйлем түрлерін ажыратып айтыңыз.

Тапсырма 2.

Кестені негізге ала отырып, бағытталған жазу әдісі арқылы осы шақта үзіліс кезіндегі негізгі ережелерді жазыңыздар.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Жазылым

мұғалімнің көмегімен сөздерді орынды қолдана отырып, берілген тақырып бойынша шағын мәтін құрап жаза алады;

берілген тірек сөздерді қолданып, қарапайым мәтіндер/өлеңдер/ақпараттар жаза алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу