Қазақ тілі және әдебиет 2-сынып_1-бөлім Өзім туралы_Өзіме киім үгісін таңдаймын_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өзіме киім үлгісін таңдаймын | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту 2.4.1.3* «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | «У» әріптерінің емлесін сақтап жазады | ||||||||||||
Бағалау критерилері | Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. Тақырып бойынша ұсыныс айта алады. | ||||||||||||
Сөздік қор | ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну, мата | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін өзі тану пәнімен байланыс | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Киім түрлері туралы білді, өзіне ұнайтын киім түрлері туралы айта алды. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақ басы
3 минут | Ортадағы шеңберге жиналу. Күндей жылы бол!Алмадай тәтті бол!Доптай көңілді бол!Айнадай жарық бол! | Слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы
10 мин 5 минут 5 минут 10 минут 2 минут | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Сыныпта у әріпін жасырып қою. -Балалар, бүгінгі сабақта біз У дыбысымен танысамыз. Сұрақтар қойып, жауап беруге үйренеміз. Ұжымдық жұмыс. Бірнеше жазылған сөздердің ішінен у дыбысы жазылған сөздерді оқиды.
Тауық, ту, оқу, жайлау, санау, тану, дауыс Мұғалімнің сөзі: Ережені түсіндіру. У – дауысты; У – дауыссыз. Ереже: Дауыстыдан соң келсе дауыссыз, дауыссыздан соң келсе дауысты. (Ж) Жұпта 2 сөз ойлап табу. Бір сөзде у дауысты ал бір сөзде у дауыссыз. Сөздік диктант: сусын, сәукеле, қуыршақ, сурет, оқулық, тау. Тапсырма: у дауысты дыбыс бір сызықпен, дауыссыз дыбысты екі сызықпен сызу. Бағалау: сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады; (Ө;Т;Қ) Тірек сөздермен жұмыс. 1-топ
Спорттық киім – Суда жүзуге арналған киім – Мерекелік кешке арналған киім – Арнайы киім – Жеңіл киім - 2-топ Оқулықпен жұмыс. 18- бет. 1-жаттығу. Жеке жұмыс. Дайын шаблон арқылы ойларын жеткізу. «Мен саған ........ ұсынамын, себебі .............. . ......... » Тапсырма: Суреттегі балаларға киім түрін таңдауға көмектесу. 3-топ. Суретпен жұмыс. Тапсырма: Берілген киімдерді сипаттау. Тірек сөздер: ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну, матасы .... 4-топ Кестемен жұмыс.
Сергіту сәті. 1.Әдемі ол тым –ақ Оның аты ... (тымақ) 2.Береді қызға көрік Киіп алса ... (бөрік) 3.Дейді әже кимесек Басымызға ... (кимешек) 4.Сыйладым мен әпкеме Әшекейлі ... (сәукеле) 5.Сүрініп ол кетіпті Аяққа киіп ... (етікті) 6.Мықты болар денсаулық Басыңа кисең ...(жаулық) 7.Дүкеннен алдым он Әдемі қара ... (тон) 8.Жылы дейді атам Киіп алып ... (шапан) 9.Кеттім қатты сөйлеп Үстімде әдемі ... (көйлек) 10. Қуанады балақай Басына киіп ...(малақай) Айтылым. Шеңбердегі әңгіме. Оқушының тілін, шығармашылығын дамытады. Мақсаты: жүйелі әңгіме құру
Әңгіменің басы: Бір күні анаммен киім дүкеніне келдім. Әңгіменің аяғы: анама рахмет айттым. Үйге тапсырма: 10-бет, 1-жаттығу, жазбаша. Жұмыс дәптері. | У дыбысы Слайдпен жұмыс Дәптермен жұмыс Үлестірмелі материал Оқулық пен жұмыс дәптерлері, үлестірмелі қағаздар Үлестірмелі материал (суреттер) Үлестірмелі материал (кесте ) Жұмыс дәптері. | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | (МК) + Мен ................ үйрендім. -Маған .............. қиын. «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады. |
| |||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
У у у у у у
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?