Қазақ тілі_2 сынып_1-бөлім_ Өзім туралы_Өзіме киім үлгісін таңдаймын _Қысқа мерзімді жопар


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Өзім туралы

Күні:

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өзіме киім үлгісін таңдаймын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту

4.1 Сөздердің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын сақтау. «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Ым-ишараны қолданып сөздерді түсіне алады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • Сұрақты түсініп жауап бере алады;

Кейбір оқушылар:

  • Сұраққа жауап беріп, өз ұсынысын айта алады

Бағалау критерийлері

У әрпі бар сөздерді буынға бөле алады.(6 сөз)

Тақырып бойынша ұсыныс айта алады. (2 ұсыныс)

 Сөздік қор

ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну, мата

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Өзін өзі тану пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Жзағы демалысы туралы айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

Ортадағы шеңберге жиналу.

  • Таңертең тұрамын – бетімді жуамын (көрсету)
  • Үстіме киемін – мектеп формасын (көрсету)
  • Басыма киемін – бас киім (көрсетеді)
  • Аяққа киемін – аяқ киім (көрсету)
  • Бәрін де білемін
  • Мектепке жүремін (аяқтарын басу)

Слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

15 минут

5 минут

15 минут

10 минут

15минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Ортада шашылған әріптерден сөздер құрастыру. Әр жұпқа 1 сөздің әріптері.

ҚАУЫН, ТАУЫҚ, ЖАУЫН, ДАУЫЛ, СӘУКЕЛЕ.

  • Құраған сөздерді оқыңдар.
  • Ортақ не байқадыңдар?
  • Қай сөз артық деп ойлайсыңдар?

Бүгінгі сабақта ортасында у әрпі кездесетін сөздерді буынға бөліп үйренеміз. Қазақтың ұлттық киімдерімен танысамыз.

1. Топтық жұмыс. (2 топ- ұлдар ер балаға, қыздар қыз қуыршаққа.)

  • Киім таңдайды
  • Атап айтады
  • Сөйлем құрастырады.

(М: тақия, шалбар, етік. Сөйлем: Мен қуыршаққа тақия кигіздім.)

Бағалау: шапалақтау

Сергіту сәті «Қаражорға»

2. (Ж) Сөздерді буынға бөлу.

Шапан, жауап, етік, қауын, тақия, бөрік, кеудеше, қамзол, сәукеле, көйлек, жауын.

Ережені түсіндіру: у сөз ортасында дауыссыз болса, келесі буынның басы болады: та-уық, са-уық, да-уыс

Тапсырма:

У дыбысы бар сөздердің астын сызу.

Дауысты- дауыссыз дыбыстарды анықтау, қызыл және көк қарындашпен сызу.

Буынға бөліп, дәптерге көшіру.

Бағалау: ауысып тақта арқылы бір-бірін тексереді

3.Оқулықпен жұмыс (мұғалімнің көмегімен бірлесіп)

Бейнекөрініс «Сәукеле»

Өз ойларымен бөлісу

14-15- беттер

1.Сөйлесейік

2.Талқылайық

3. Жазайық

Бағалау: сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;

4.(Ө;Т;Қ) Тірек сөздермен жұмыс.

  • Оқушылардың алдына бірнеше сөйлемдер беріледі.
  • Сөйлемді суреттегі киімдермен толықтырады, сипаттайды.

Бұл ...... Оны ... мезгілінде киеді.

Бұл ... Ол ... киімі.

Бұл ... Оны ... киеді.

Бұл ... . Оны ... киеді.

5.Кестемен жұмыс. Жеке орындайды.

Ұлттық киім

Кімдер киеді?

Киімнің ерекшелігі қандай?

6.Айтылым. Топтық жұмыс.

Шеңбердегі әңгіме. Оқушының тілін, шығармашылығын дамытады.

Мақсаты: жүйелі әңгіме құру

  • Мұғалім бір әңгіменің басы мен аяғын айтады.
  • Әр оқушы бір сөйлеммен жалғастырады.

Әңгіменің басы: : Сәуле қуыршағына сәукеле іздеді.

Әңгіменің аяғы: Қуыршағының сәукелесі әдемі болып шықты.анама рахмет айттым.

Үйге тапсырма: Ұлттық үлгідегі киімнің суретін салу. Айтып беру.

Слайдпен жұмыс

Қуыршақ және киімдер

Таратпа материал

Дәптермен жұмыс

Бейнекөрініс «Сәукеле»

Үлестірмелі материал

Оқулық, үлестірмелі қағаздар

Үлестірмелі материал (кесте )

Сабақтың соңы

5 мин

(МК)

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу