Жарықтың поляризациясы. физика, 11 сынып, қосымша материал.


  • Презентациядағы сұрақтардың жауаптары:

1.«Табиғи жарық» түсінігін енгізу.

  • Жауабы: Табиғи жарық - тербелістер сәулеге перпендикуляр барлық бағытта таралатын жарық.

2. Поляроид-көзілдіріктер не үшін қолданылады? Сұрағын талдау.

  • Жауабы: Көзілдіріктер кескіндерді бөлу немесе шағылған сәуленің ақ дақтарының жарықтылығын азайту үшін қолданылады.
  • Жұптық тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру үшін оқушыларға 2 поляроид-көзілдірікті алып келуді ескерту керек немесе мұғалім өзі дайындап келу керек.
  • Турмалинмен көрсетілетін демонстрация:

Қажетті құралдар: 2 поляроид.

Мұғалім екі поляроидты бұру арқылы жарықтың өшуін демонтрациялайды. Турмалин кристалы симметрия осіне ие және біросьті деп аталатын кристаллдарға жатады. Турмалиннің бір қыры кристалл осіне параллель етіп кесілген тікбұрышты пластинасын аламыз.

Егер осы пластинаға күннен немесе электр шамынан түскен жарық шоғын нормаль етіп түсетіндей бағыттасақ, онда пластинадан өткен шоққа қатысты айналуы жарықтың интенсивтілігіне өзгеріс енгізбейді. Жарықтың бір бөлігі турмалинде жұтылды және жасыл түске ие болды. Басқа ештене бақыланбайтындай көрінеді. Шын мәнінде жарық толқыны жаңа қасиеттерге ие болды.

Бұл жаңа қасиеттер шоқты бірінші кристалға параллель орналастырылған екінші дәл сондай турмалин кристалы арқылы өткізгенде аңғаруға болады (сурет а). Кристалдардың осьтері бірдей бағытқа ие болса жарық шоғы екінші кристалдың жұтуы әсерінен әлсіздейді. Бірақ егер бірінші кристалды бұрынғы қалпында қалдырып, екінші кристалды айналдырсақ (сурет б), онда таңғажайып құбылыс – жарықтың өшуі бақыланады. Осьтер арасындағы бұрыштың өсуіне байланысты жарықтың интенсивтілігі азаяды. Осьтер бір-біріне қатысты перпендикуляр орналасқан жарық мүлдем өтпейді (сурет в). Жарық екінші кристалмен толық жұтылады. Оны қалай түсіндіруге болады?

Жарық толқындарының көлденеңдігі

Жоғарыда жасалға тәжірибеден екі факт шығады: біріншіден, жарық көзінен шыққан жарық толқыны таралу бағытына қатысты (кристалды сәуле айналасында айналдыру кезінде бірінші тәжірибеде интенсивтілік өзгенмеді), және екіншіден бірінші кристалдан шыққан толқын осьтік симметрияға ие болмайды (екінші кристалдың сәулеге қатысты айналуына тәуелді интенсивтілік өзгереді).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу