Фотоэффектінің қолданылуы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салыстырмалылық теориясының элементтері

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахтанбердина А.С.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Фотоэффектінің қолданылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.8.1.5 - фотоэффектінің табиғатын түсіндіру және оны қолдануға мысалдар келтіру;

11.8.1.6 - фотоэффектінің заңдары мен Эйнштейн теңдеуін есеп шығаруда қолдану

Оқу мақсаттары

  • Фотоэффект құбылысының табиғатын түсіндіру;
  • E = hν формуласын есептер шығаруда қолдану;
  • Фотоэлектрлік эффекттің қызыл шекарасы ұғымын білу;
  • hv = A + mv2max / 2 формуласын қорыту және қолдану;

Бағалау критерийлері

Фотоэлектрлік эффектіні дұрыс терминдерді (яғни фотон энергиясы, жұмыс функциясы және шекті жиілік) қолдана отырып түсіндіреді және әр сипаттамаға анықтама береді

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология: фотон, фотон энергиясы, фотоэлектрлік эффект, металдың электронды жұмыс функциясы, шекті жиілік, фотоэлектрлік эффект үшін Эйнштейн теңдеуі, фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Қара дене ұғымын түсіндірудегі классикалық теорияның қиындықтарын жеңу мақсатында М.Планк 1900 жылы гипотеза ұсынды: атомдар электромагниттік энергияны жекелеген бөліктерде шығарады - квант. Энергия Осылайша, М.Планк жылулық сәуле шығару теориясында кездесетін қиындықтардан шығудың жолын белгіледі, содан кейін кванттық физика деп аталатын заманауи физикалық теория дами бастады

Құндылықтарды дарыту

  • Жұпта және топта жұмыс жасау арқылы ұжымшылдыққа баулу, өзгенің пікірін силауға, басқа адамдардың еңбегін бағалау құндылықтарын оқушы бойына сіңіруге көңіл бөлу.

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Осыған дейін меңгерілген білім

Зат құрылымы, атом құрылысы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.

«Ой қозғау»

•Жылулық сәулелену деген не?

•Жылулық сәулеленудің негізгі қасиеттері қандай?

•Абсолют қара дене деген не?

•Стефан-Больцман заңын тұжырымдап, жазып беріңдер.

•Абсолют қара дененің сәулелену қабілеттілігінің жиілікке тәуелділік графиктерін салыңдар.

•Винн заңын айтып беріңдер.

•Бір кванттың энергиясы неге тең?

Презентация

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру: мұғалім презентация көмегімен оқушыларға негізгі ұғымдарды береді

Г.Герц пен А.Г. Столетов тәжірибесі

Потенциометрдің көмегімен анод пен катодтың арасындағы кернеуді өзгерте отырып, фототоктың кернеуге тәуелділігін, яғни фотоэффектінің воль-амперлік сипаттамасын алуға болады.

Видео: Оқушылар бейнебаянды қарап болған соң пікір алмасады. Мұғалім толықтырады

Фотоэффект заңдары:

  • Фотоэлектрондардың макимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтігіне тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді.
  • Қанығу фототок күші түскен жарықтың интенсивтігіне пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емес.
  • Әрбір металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы, яғни одан төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын шекті ең аз жиілік бар.

Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі:

фотоэффектінің қызыл шекарасы.

Көп фотонды фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі:

 Фотоэффект негізінде жасалған құралдар фотоэлемент деп аталады.

 Вакуумдік фотоэлемент.

 

 

 Люксометрлер-жарықтануды өлшейтін құрал.

 Фотоэллектрлік экспонометрлер –фото мен кино түсіруде экспозиция уақытын өлшейтін құралдар.

 Фотореле - өндірісте, әр түрлі технологиялық процестерде, әскери істе қондырғыларды автоматты түрде ағытып, қосу үшін қолданылады.

 Ішкі фотоэффект –сәулеленудің әсерінен жартылай өткізгіштегі еркін зарядтар концентрациясының арту құбылысы.

 Жарықтандырған кезде жартылай өткізгіштің кедергісі кемиді және сәулелену интенсивтігі неғұрлым жоғары болса, кедергі соғұрлым аз. Бұл құбылыс фотокедергіде қолданылады.

 Вентильді фотоэлемент.

 

Фотон дегеніміз –энергиясы hν болатын элементар бөлшек.

Фотон массасы:

Фотон импульсі:

Жеке жұмыс. Сызықтық диктант

Дұрыс болсы + белгісімен, ал қате болса – белгісімен белгілейді

1. Жарықтың әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын фотоэффект деп атайды.

2. Фотоэффект заңдарын тәжірибелер арқылы алғаш шығарған орыс ғалымы–Р.Э.Милликен

3. Жарықтың кванттық теориясын шығарған және фотоэффект құбылысын түсіндірген ғалым А.Г.Столетов

4. Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды.

5. Фотоэффект негізінде жасалған құралдар фотоэлемент деп аталады.

6.Жарықтануды өлшейтін құрал – фотоэлектрлік экспонометр.

7.Электромагниттік сәулелену кванттарын фотодар деп аталады.

8.Фотон импульсінің бағыты жарықтың таралу бағытына қарама –қарсы.

Жұптық жұмыс. Есептер шығару

1.Фотоэффектінің қызыл шекарасы λ═500нм болса, электрондардың натрийден шығу жұмысы қандай?

2. Калий үшін электронның шығу жұмысы 3*10-19 Дж. Калий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы қандай?

3. Фотонның энергиясы Е=3,2*10-19Дж. Оған қандай толқын ұзындығы сәйкес?

4. Импульсі р=2,5*10-22кг*м/с болатын фотонның жиілігі қандай?

Қалыптастырушы бағалау

Презентация

Видео

https://yandex.kz/video/preview/?filmId=8502806491038925952&parent-reqid=1584961446219453-1597726695785745234200122-man1-3601&path=wizard&text=эксперимент+столетова+фотоэффект

Презентация

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

Рефлексия

Рефлексия – «кері байланыс»;оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды. (өзін – өзі бақылау, толқыныс).

Activity«Стикер ілеміз»

  • Мен не үйрендім?
  • Мен нені оңай деп есептеймін?
  • Мен нені қиын деп есептеймін?
  • Мен енді нені білгім келеді?

Стикерлер

Үй жұмысы

§6.4, 6.5 -Физика 11 сынып

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу