Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:11.2. Айнымалы ток

11.2 А. 23

Күні:

Сынып: 11

Мектеп:

Мұғалімнің аты –жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3.9 – резонанс шарттарын түсіндіру және оның қолданылу аймағын атау;

Сабақ мақсаттары

Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы байқалатын шарттарды анықтау. Резонанстың пайда болуын сызбада көрсету.

Жетістік критерийлері

Талдау:

Аймалы ток тізбегіндегі кернеулер резонансының байқалу шарттарын түсіндіре алу;

Резонанс құбылысының қолданылуына мысалдар келтіру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология: резонанс, кернеу, фаза, идеал тербелмелі контур, сыртқы периодты кернеудің жиілігі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бір-бірінің пікірі мен ойын тыңдатқызу арқылы өзгені сыйлауды үйрету және ынтымақтастықтарын арттыру.

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар түрлі ақпарат көздерінен оқу мақсатына сай мәліметтерді дұрыс анықтай білулері керек. Ақпараттарды талдауды үйренеді.

Бастапқы білім

Механикалық тербелістерде резонанстың пайда болуын білуі керек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа жеңіл аударту үшін мәселелік жағдай туындату:

Неліктен аспалы көпірден солдаттар топпен қадамдап өтуі – қауіпті саналады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау. 9-сыныпта өтілген механикалық тербелістер резонансы тақырыбындағы негізгі ұғымдарды қайта жаңғырту. Жаңа сабақтың оқу мақсатымен таныстыру

Оқу мақсаттар тізімі

7 мин

Үй тапсырмасын тексеру:

Физикалық диктант арқылы оқу сауаттылығын тексеру. Оқушылар жұптарын бағалайды.

таратпалар

5 мин

Жаңа сабақтың барысы

Механикадағы резонанс құбылысының пайдасы мен зиянын бағалай отырып, айнымалы ток тізбегіндегі резонанс құбылысының маңыздылығына тоқталу.

Оқулықпен жұптық жұмыс ұйымдастыру: №2.19-суретке алдымен сипаттама беріп, шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау.

Дәптер мен негізгі оқулық

Сабақтың ортасы

22 мин

15 мин

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту және дүниетанымын кеңейту мақсатында орыс тіліндегі видео көмегімен экспериментті көрсету. Оқушылар түсініктерін топтарда талқылайды.

Ағылшын тіліндегі слайд көмегімен резонанс шарттарын анықтайды.

Топтық жұмыс

Жаңа сабақты бекіту:

Оқушыларды 3 топқа біріктіру.

Өткен сабақпен байланыс орнату және қайта жаңғырту үшін:

Венн диаграммасы бойынша механикалық тербеліс пен айнымалы ток тізбегіндегі резонансты салыстыру, өз ойларын дәлелді жеткізу. Топтарға дидактикалық таратпа материалдар мен ноутбуктер беріледі.

І топ: механикалық резонанс құбылысын қайта жаңғыртып, сипаттайды;

ІІ топ: кернеулер резонансын сипаттайды;

ІІІ топ: эксперт тобы –механикалық және айнымалы ток резонансының сипаттамаларының дұрыстығын тексеріп, ұқсастығын анықтайды.

№2 тапсырма:

Интернет желісін қолданып, кернеулер резонанс құбылысының қолданылу аймағына әр топ 1 мысалдан келтіру.

3.Мәліметтерді қорғау.

Топтар тапсырмаларын қорғауда оқу мақсатына сай ортақ бағалау критериін түзіп алулары ескертіледі.

Видео

Презентация

ноутбуктер

дидактикалық материалдар.

Сабақтың соңы

2 мин

3 мин

Қорытынды: Әр топ пен жеке оқушылардың бүгінгі сабақтағы жетістіктеріне сипаттама беру. Ұсыныстар айту.

Үй тапсырмасы §2,6.

Кернеулер резонансына сәйкес векторлық диаграмманы салу.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады. Венн диаграммасындағы жазған мәліметтеріне қосымша толықтырулар еңгізсе болады.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

№1 Флипчарт

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Кернеулер резонансы туралы ақпарат алмасу

Оқушылардың көпшілігі:

  • №1 тапсырманы орындай алады.
  • Резонанс шартын сызбада көрсете алады.

Кейбір оқушылар:

Кернеулер резонансының қолданылу аймағын ажырата алады.

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Топтар тапсырмаларын қорғауда ортақ бағалау критериін түзеді.

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу