Электр тізбегіндегі кернеулер резонансы. Есептер шығару. Физика, 11 сынып, презентация.


Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс. Есеп шығару

11.4.3.10 –резонанстық жиілікті анықтау

«Кім жылдам?» ойыны:

Барлық оқушы дәптерінде айнымалы токтық толық тізбегіндегі Ом заңынан резонанстық жиілікті анықтау алгоритмін жазып көрсету.

1 минутта жазу барысын әр оқушы «5 қадамдық жетістік баспалдағында» өзін-өзі бағалау керек.

Үй тапсырмасын тексеру:

Кернеулер резонансына сәйкес векторлық диаграмманы сызбада салуларын парталасымен дәптерлерін алмасып тексеру.

Бағалау критерийлері:

Диаграмма өсьтері сәйкес физикалық шамалармен дұрыс белгіленген;

Активті кедергі мен ток күшінің кері пропорционалдығын анық көрсете білген. 

І нұсқа

№1.Әсерлік мәні 120 В кернеумен қоректенетін айнымалы ток тізбегіне сыйымдылығы 4·10-5 Ф конденсатор мен индуктивтігі 500 мГн, активті кедергісі 30 Ом катушка тізбектей жалғанған. Айнымалы токтың жиілігі 50 Гц болса, оның тербеліс амплитудасы қандай?

№2. Бір-біріне тізбектей жалғанған конденсатор мен катушкадан тұратын тербелмелі контурдың резонанстық жиілігі 5 кГц. Бұл контурдың жиілігі 2кГц айнымалы токқа әсер ететін толық кедергісі 104 Ом, ал катушканың актвті кедергісі 20 Ом. Катушканың индуктивтігі қандай?

№3. Тізбектің бөлігіне әсерлік мәні 240В айнымалы кернеу түсірілді. Бөліктің активті кедергісі 200 Ом, ал ток күші мен кернеу арасындағы фазалар айырымы 0,5 П. Токтың қуатын

анықтандар.

ІІ нұсқа

№1. Кернеудің әсерлік мәні 175 В болатын айнымалы ток желісінде 180 Ом активті кедергісі мен сыйымдылығы 60мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток күшінің әсерлік мәнін табындар.

№2. Кернеуі 120 В, жиілігі 50 Гц айнымалы ток тізбегіне индуктивтігі 0,8 Гн катушка, активті кедергісі 60 Ом және сыйымдылығы айнымалы конденсатор тізбектей жалғанған. Конденсатордың қандай сыйымдылығында кернеулер резонансы байқалады? Тізбектегі резонанстық ток күшін анықтандар.

№3. Айнымалы ток тізбегі индуктивтігі 0,9 Гн, активті кедергісі 3 кОм катушка мен сыйымдылығы 4мкФ конденсатордан тұрады. Кернеудің амплитудасы 200 В, тербеліс жиілігі 50Гц, ал ток күші мен кернеу арасындағы фазалар айырымы 0,2П болса, толық кедергі мен тізбекте бөлінетін қуатты анықтандар.

ІІІ нұсқа

№1. Кернеудің әсерлік мәні 127 В тізбекке индуктивтігі 0,18 Гн, активті кедергісі 4 Ом катушка тізбектей жалғанған. Тербеліс жиілігі 100 Гц болса, ток күшінің әсерлік мәні қандай?

№2. Тербелмелі контур индуктивтігі 2·10-6 Гн катушка мен әр астарының ауданы 200 см2 ауалы жазық конденсатордан тұрады. Контур 4·107 жиілікте резонансқа түседі. Конденсатор астарларының арақашықтығы қандай?

№3. Индуктивтігі 0,7 Гн, активті кедергісі 300 Ом катушка мен сыйымдылығы 40 мкФ конденсатор айнымалы кернеу көзіне тізбектей жалғанған. Ток күшінің амплитудалық мәні мен әсерлік мәнін табындар.

Үй жұмысы

§2.6.

2.6.1-4 жаттығу.

видео материал



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу