Электромагниттік тербелістер. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


Теориялық ақпарат

Электромагниттік тербелістер –конденсатордың разрядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отыруы.

Тербелмелі контур-электромагниттік тербелістер алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор конденсатор мен индуктивтік катушкадан тұратын тізбек.

Тербелмелі контурда еркін тербелістердің пайда болуы шарты.

Томсон формуласы.

Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.

Тербелмелі контур деп бір-біріне тізбектей жалғанған конденсатор мен индуктивті катушкадан тұратын тізбекті атайды.

А) Егер тебелмелі контурдың R кедергісі ескерілмесе, онда ол идеал деп аталады.

Б) Егер тебелмелі контурдың R кедергісі ескерілсе, онда ол шынайы деп аталады Электромагниттік тербелістер –конденсатордың разрядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отыруы

Ccылки: Идеал тербелмелі контурдың жұмыс істеу принципі https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektromagnittik-terbelister/lesson/terbelmeli-konturdahy-ehlektromagnittik-terbelister

Жұптық жұмыс. Есептердің жауабы

1-жұп

  • Тербелмелі контурдың индуктивтігі L=1,6 мГн, электр сыйымдылығы С=0б04 мкФ, ал конденсатордағы ең үлкен кернеу Um=200 B. Контурды идеал деп есептеп, ондағы ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар. (1 A)
  • Тербелмелі контур сыйымдылығы C=2,5 мкФ конденсатор мен индуктивтігі L=1 Гн катушкадан тұрады. Конденсатордың астарларындағы зарядтың амплитудасы 0,5 мкКл. Заряд тербелістерінің теңдеуін жазыңдар. (q=0,5·10-6 cos630t)

2-жұп

  • Тербелмелі контур сыйымдылығы C=8пФ конденсатор мен индуктивтігі L=0,5 мГн катушкадан тұрады. Катушкадағы ток күшінің мәні Іm=40 мА болса, конденсатордағы максимал кернеу Um қандай? (317 В)
  • Конденсатор астарларындағы заряд q=0,03 cos10 5 t

(Кл) заңдылығымен өзгереді. Зарядтың t=уақыт мезетіндегі мәнін анықтаңдар. (0,02 Кл)

3-жұп

  • Әрқайсысының диаметрі D=20 см екі дөңгелек пластинадан тұратын ауалы конденсатор индуктивтігі L= 1 мГн катушкамен тұйықталған. Конденсатордың пластиналарының арақашықтығы d=1 см, контурдың кедергісі R=0. Катушкадағы ток күшінің ең үлкен мәні 0,1 А. Конденсатордағы кернеудің ең үлкен мәні қандай?(600 В)
  • Индуктивтігі L= 0,1 мГн катушка мен сыйымдылығы C=2 мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контурдың меншікті тербелістерінің периодын табыңдар. (2,8·10-3с)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу