Электромагниттік индукция заңы. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
Электрмагниттік индукция құбылысы
Тәжірибе жүзінде тағайындалған: | Индукциялық токтың күші контур шектеп тұрған бетті тесіп өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал. Фарадей осындай қорытындыға келді. |
Тұйық контурдағы индукцияның ЭҚК-і модулі жағынан магнит ағынының өзгеріс жылдамдығына тең, ал бағыты жағынан оған қарама-қарсы |
Қозғалмайтын өткізгіште электромагниттік индукция құбылысының негізі тек индукциялық токтың пайда болуында емес, электрондарды өткізгіште қозғалысқа келтіретін құйынды электр өрісінің тууында
Магнит индукциясы неғұрлым тез өзгерсе, құйынды электр өрісінің кернеулігі де соғұрлым жоғарырақ болады |
- құйынды электр өрісі зарядтарға байланысты емес, оның кернеулік сызықтары өзімен-өзі тұйықталған;
- құйынды электр өрісі потенциалды емес (Ақұй ≠ 0 тұйық контурда);
- күш сызықтары қиылыспайды,
- (кернеулік сызықтарының бағыты индукциялық ток бағытымен бағыттас).
Өздік индукция - электромагниттік индукция құбылысының дербес түрі. Егер катушка арқылы айнымалы ток жүріп жатса, онда катушканы тесіп өтетін магнит ағыны өзгереді. Сол себептен айнымалы ток (Isi) өтіп жатқан өткізгіштің өзінде индукцияның ЭҚК-і (εsi) пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады.
Тізбекті тұйықтағанда
| ||
Тізбекті ажыратқанда
|
Токтың тудыратын магнит өрісі индукциясы В векторының модулі ток күшіне тура пропорционал болады, ал Ф магнит ағыны векторына пропорционал болғандықтан
осыдан |
L ‒ контурдың индуктивтілігі, I – ток күші, Ф – магнит ағыны, индуктивтілігі 1 Гн катушкадан 1 А ток өткенде тудыратын магнит ағыны 1Вб (вебер).
Электромагниттік индукция заңын пайдаланып
Индуктивтілік L [Гн] - Сандық мәні жағынан ток күшін 1 с ішінде 1 А-ге өзгерткен кезде контурда пайда болатын өздік индукциясының ЭҚК-іне тең болатын физикалық шама. Индуктивтік өткізгіштің өлшемдеріне және оның пішініне, ортаның магниттік қасиеттеріне тәуелді электр тізбегінің «инерттілігінің» өлшемі.
Магнит өрісінің энергиясы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру