Электромагниттік индукция заңы Ленц ережесі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Есептер шығару.

«Электромагниттік индукция заңы»

  • 5 мс бойы контурды тесіп өтетін магнит ағыны 9 мВб-ден 4 мВб-ге дейін өзгерді.
  • Көлденең қимасының ауданы 50 см2 болатын катушкада 4 мс бойы магнит индукциясы 0,2-ден 0,3 Тл-ға дейін өзгерген кезде осы контурда 10 В ЭҚК пайда болған болса, катушканың орам саны қандай?
  • Кедергісі R=0,03 Ом болатын орамның ішінде магнит ағыны ΔФ = 12 мВб азайғанда осы орамның көлденең қимасы арқылы қандай q заряд өтеді?
  • Ұзындығы 10 см, қимасының ауданы 1,4 мм2 алюминий сымнан жасалған орамда магнит ағынының өзгеру жылдамдығы 10мВб/с. Индукциялық токтың мәні қандай? Алюминийдің меншікті кедергісі 2,8·10-2 Ом·мм2

Есептер шығару

«Ленц ережесі». «Өздік индукция»

  • Катушкадағы ток бағытын анықтаңыз.

Шешуі:

  • Контурдан 10А ток өткенде катушканың индуктивтілігі 0,2 мГн болса, осы контурдан өтетін магнит ағыны қандай?
  • Индуктивтілігі 0,4 Гн болатын орамда 0,02 с ішінде ток күші бірқалыпты 5 А дейін өзгерсе, өздік индукция нәтижесінде пайда болған ЭҚК-і қандай?
  • Индуктивтілігі 0,6 Гн болатын катушкадан өтетін ток күші 20 А тең. Осы катушканың өндіретін магнит өрісінің энергиясы қандай? Егер контурдан өтетін ток күші екі есе азайған болса, энергиясы қалай өзгереді?
  • Егер контурдан 10 А ток өткенде ондағы магнит ағыны 0,5 Вб тең болса, соленоидтың магнит энергиясы қандай болуы қажет?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу