Жасанды магниттер. Соленоид. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жасанды магниттер. Соленоид

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.4.1.4 – жасанды магнитті эксперимент түрінде жинау және оның қолданысын түсіндіру.

10.4.1.5 –соленоидтың магнит өрісіне әрекет ететін факторларды түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

- оқушылар топта бірін-бірі бағалай алады;

- жасанды магниттің неден және қалай жасалатындығын түсінеді және түсіндіре алады;

- жасанды магниттің негізгі бөлігі соленоид екенін түсінеді;

- соленоидтың магнит өрісіне әрекет ететін факторларын түсіндіре алады;

- жасанды магнитті эксперимент түрінде жинайды.

 Бағалау критерийлері

  • Жасанды магниттердің түрлерін біледі;
  • Жасанды магнитті жинап, оның жұмыс принципін және қолданысын дұрыс түсіндіре алады;
  • Токтың бағыты арқылы магнит өрісінің бағытын анықтайды және керісінше;
  • Тогы бар өткізгіштің және соленоидтың магнит өрісін графикалық түрде дұрыс көрсете алады,
  • Электромагниттің магнит өрісін зерттейді

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Магнит, жасанды магнит, табиғи магнит, соленоид, магнит өрісі, электромагнит.

Kazakh

Russian

English

Магнит өрісі

Магнитное поле

Magnetic field

Магнит

Магнит

Magnet

Соленоид

Соленоид

Solenoid

Электромагнит

Электромагнит

Electromagnet

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Магниттердің табиғи және .... Жасанды магниттердің жұмыс істеу.... Электромагнит техникада.... Соленоидтың магнит....

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика. Техника.

АКТ қолдану дағдылары

Видеоматериалдармен жұмыс:

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/otkizgishter-tudyratyn-magnit-orisi

Осыған дейін меңгерілген білім

Магнит өрісі. Оң қол ережесі. Сол қол ережесі. Түзу тогы бар өткізгіштің магнит өрісі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.

Мұғалім оқушыларды үш топқа бөлу үшін олардың алдыларына суреттің қиындыларын ұсынады. Әр оқушы бір қиынды алу қажет, оқушылар үш суретті қиындылары бойынша құрап шығуы керек.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында activity

(«Миллионер ойыны») ұйымдастырылады.

Ойынның шарты. Оқушылар қойылатын сұрақты білмей тұрып сол сұраққа ақша тігеді, егер сұраққа дұрыс жауап берсе мұғалім оларға өздерінің тіккен ақшаларын береді, ал егер сұраққа дұрыс жауап бермесе, онда сол тіккен ақшаларын алып алады. Ойынның соңында көп ақша жинаған топ жеңіске жетеді.

[ Қосымша 1]

[Қосымша 2]

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ.

Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі. Бұл оқушылардың «жанұялық топтары». Жанұялық топтағы оқушыларды нөмірлейді. 1 нөмірлі оқушылар бір топқа, 2 нөмірлі оқушылар келесі топқа және 3 нөмірлі оқушылар келесі топтарға жиналады. Жаңа тақырыпқа сәйкес берілген ақпаратты мұғалім кейіннен пайда болған үш топқа таратады. Олар ақапартты оқиды, талқылайды, бір-біріне сұрақтарын қояды. Енді бұл топтағы оқушылар өздерінің жанұялық топтарына қайтады. Жанұялық топтарында тақырыпты толықтырып талқылап, талдайды. Әр топтан бір спикер шығып жаңа тақырыпты қысқаша түсіндіреді. Басқа топтың мүшелері оларды бағалайды.

Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, презентация көрсету арқылы сабақты толықтырып түсіндіреді.

Эксперименттік тапсырма №1 . (Қалыптастырушы бағалау)

Оқушылар бұл тапсырманы жұппен орындайды.

Тапсырманың мақсаты: жасанды магнитті эксперимент түрінде жинау және оның қолданысын түсіндіру.

ДЖИГСО әдісі

[Қосымша 3]

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/otkizgishter-tudyratyn-magnit-orisi

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=Qx66hfpSL-Y

[Қосымша 4]

Сабақтың соңы

Эксперименттік тапсырма №2. (Қалыптастырушы бағалау)

Қосымша есептер

[Қосымша 5]

[Қосымша 6]

Үй жұмысы

Презентация. Конспект. Қайталау https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/magnit-orisi/lesson/otkizgishter-tudyratyn-magnit-orisi

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу