Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері Магнит индукция векторы. Физика, 10 сынып, презентация.


Тақырып: Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері

Магнит индукция векторы.

Сабақ мақсаты:

магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.) мен есептер шығару арқылы түсіндіру

Kahoot.it

https://create.kahoot.it/#user/ef6f52cd-9b62-49a2-ab6e-5b04a212f5ad/kahoots/created

Тәжірибе

Құралдар :Стакан, су, скрепка, темір, магнит

1 -Тапсырма:

Қолдарыңды суға салмай немесе суламай су құйылған стакан ішінен темірді немесе скрепканы алыңдар.

Тәжірибе

Құралдар :Стакан, су, скрепка, темір, магнит

1 -Тапсырма:

Қолдарыңды суға салмай немесе суламай су құйылған стакан ішінен темірді немесе скрепканы алыңдар.

Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері

Магнит индукция векторы.

Сабақ мақсаттары

Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің шамасы мен бағытын анықтау;

-Магнит ағынының тығыздығын (магнит индукция) анықтау;

тогы бар екі параллель өткізгіштердің өзара әрекетін түсіндіру

сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану;

магнит индукция мен оның өлшем бірлігінің физикалық мағынасын түсіну.

Магнит өріснінің электр өрісінен айырмашылықтары

1. Температура жоғарылағанда магниттің магниттік күші әлсірейді

2. Магнитті сілкігенде магниттік күші әлсірейді

3. Магнит әрқашан екі полюстік (солтүстік және оңтүстік). Магнитті екіге бөлсек те қайтада екі полюс пайда болады

4. Магнит өрісі тек қозғалыстағы зарядтарға әсер етеді, ал электр өрісі кез-келген зарядтарға әсер етеді

Өткізгіш емес тұрақты магниттің магнит өрісі қайдан пайда болады???

Табиғи магниттерде электр тогы болмайды, демек қозғалыстағы зарядтар жоқ. Олай болса, оларда магнит өрісі қайдан пайда болады?

а) Электрондардың бағыты реттелмеген болса, олардың тудырған магнит өрістері бір-бірін теңгереді (компенсациялайды), яғни дене магниттелмейді.

б) Ал егер электрондардың бағыты реттелген болса, олардың тудырған магнит өрістері бір-бірін күшейтеді де, дене магниттеледі.

Ампер гипотезасы бастапқыдағы үш құбылысты түсіндірді

1. Температура жоғарылағанда магниттің магниттік күші әлсірейді

2. Магнитті сілкігенде магниттік күші әлсірейді

3. Магнит әрқашан екі полюстік (солтүстік және оңтүстік). Магнитті екіге бөлсек те қайтадан екі полюс пайда болады

Тұрақты токтың магнит өрісі

Эрстед тәжірибесі

Тогы бар өткізгіш өз айналасында магнит өрісін туғызады және басқа токтарға әсер етеді

Тек қозғалыстағы зарядтар ғана магнит өрісін туғыза алады

.

Магнит өрісі сызықтарының қасметтері:

Әрқашан тұйықталған;

үзіліссіз;

қиылыспайды;

Өріс көп жерде қалыңырақ.

Магнит өрісінің векторының бағыты

B - векторының бағыты магнит өрісінде бағдарланған магниттік тілшенің солтүстік (N) ұшының бағытымен сәйкес келеді

Бұрғы ережесі:

I

В

3. Оң қол ережесі:

I

В

Сонымен магнит өрісінің пайда болуының басты шарты қандай?

Қозғалыстағы зарядтардың болуы!!!

Белгісі:

Қозғалыстағы электр зарядтары тудырады;

қозғалатын электр зарядтарына әсер етеді.

Ампер күші

Ампер күші - Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әсер етуші күш

B – магнит индукция векторының модулі

I – өткізгіштегі ток күші

l – өткізгіштің ұзындығы

Ампер күшінің бағытын анықтау

Сол қол ережесі:

Сол қолдың алақанының орналасуы:

B векторы - алақанға кіретіндей

I- токтың бағыты төрт саусақ бағытымен бағыттас

FA – бас бармақтың бағытымен бағыттас

Тогы бар өткізгіш айналасында магнит өрісі болады

B

B

Ампер тәжірибесі

Тест жауаптары

Д

С

В

А

В

В

В

Мысал есеп 1

Ұзындығы 15см түзу өткізгіш индукциясы 0,4Тл болатын біртекті магнит өрісіне енгізілген. Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр бағытталған. Өткізгіштен өтетін ток күші болса, оған әсер ететін Ампер күшін табыңыз

Жауабы: 0,36 Н

Мысал 2

Ұзындығы 20см түзу өткізгіш горизонтал орналасқан. Ток күші 1А. Егер магнит индукциясы 0,1Тл және өткізгішке 30º бұрыш жасай бағытталған болса, өткізгіш магнит өрісі қандай күшпен әсер етуде?

Жауабы: 0,01 Н

Мысал 3

Ампер күшінің бағытын көрсетіңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу