Электролит ерітіндісіндегі электр тогы. Электролиз заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4.3 Әр түрлі ортадағы электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Электролит ерітіндісіндегі электр тогы. Электролиз заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаттары

Электролит ерітіндісінің электродында тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде жүретін электролиз процесін талдау, электролиз процесінің өндірісте қолданылуын зерттеу.

Бағалау критерийлері

  • Оқушылар электролиз кезіндегі катод пен анодтағы өнімді анықтай алады
  • Тұз ерітінділерінің электролизінің сызбасын құрастыра алады
  • Электролиз кезіндегі өнімнің массасы мен көлемін анықтауға берілген есептерді шығара алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар

Электролиз процесінің ғылыми-теориялық негіздемесін сипаттай алады.

Сипаттауда келесі сөздер қолданады: Cathode, Anode, Ions, Oxidation, Anions, Cations, Selection Products және т.б.

Құндылықтарды дарыту

- тапсырма мазмұны арқылы топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастыруда қарым-қатынас мәдениетін дамыту (құрмет, ынтымақтастық, жауапкершілік);

- сын тұрғысынан ойлана алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Жаһандық азаматтық: өз елімен бүкіл азамзат игілігі үшін қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты интербелсенді тақта көмегімен презентациялау.

Пән аралық байланыстар

Химия курсынан иондар мен атомдардың құрылысын біледі.

Бастапқы білімі

8 сынып: тұрақты электр тогы тізбегі, Ом заңы, электр тогының сипаттамалары, электр тізбегі элементтері, электр энергиясы мен қуаты, термисторлар мен фоторезисторлар.

Сабақ барысы

Сабақ бөлімдері

Сабақ барысында жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Әдіс-тәсілдер: «Көзбен сәлемдесу».

Цель: сәлемдесу, жағымды орта қалыптастыру.

Мұғалім сөзі: - Мен әрбіріңізбен сәлемдесемін. Тек қолыммен емес, үнсіз ғана көзіммен.Сол мезетте бүгінгі көңіл-күйлеріңізді көздеріңізбен көрсетіңіздер.

Сабақтың ортасы

2 мин

2 мин

20 мин

12 мин

 

 

 Үй жұмысын тексеру: мұғалім үй жұмысын тексереді.

 

 

 Сабақтың мақсатын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талдау.

Әдіс-тәсіл: Интербелсенді тақтада ұсынылған презентацияны қолданып мұғалім оқушылармен бірге оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талдайды және де оқушылар «Болжам» әдісінің негізінде сабақ соңындағы жетістіктері туралы болжам жасап, пікір білдіреді.

Жұмыс түрі: Жеке жұмыс.

Оқушылармен бірге физика сыныбындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін талдау.

Жаңа тақырыпты меңгеру.

Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл» әдісі, Сұрақтар:

1) Қандай денелер өткізгіш деп аталады?

2) Сұйық металлдарда өткізгіштіктің қай түрі орын алады?

Электролит ерітінділерінде (тұздар, қышқылдар және негіздер) электр өрісінің әсерінен қарама-қарсы бағытта қозғалатын оң және теріс иондар арқылы электр заряды тасымалданады.

Талдау және зерттеу ұйымдастыру мақсатында диалогтық оқыту әдісі қолданылады. Мұғалім презентация көмегімен келесі мәселелер төңірегінде оқушылар арасында сұхбат ұйымдастырады: электролиттік диссоциация, диссоциация дәрежесі, рекомбинация, электролиттер, Фарадей заңы.

Жұмыс түрі: сынып көлемінде.

Бағалау: мұғалім комментарийі, кері байланысы.

Жаһандық азаматтық: адамзат игілігі үшін электролиз процесінің өндірісте қолданылуына талдау жасау.

Өтілген тақырыпты бағалау.

Әдіс-тәсілдер: Есептер шығару. Оқушыларға таратпа материалдар берілдеі.

Жұмыс түрі: жеке жұмыс..

Бағалау: өзін-өзі бағалау. Оқушылар тапсырма соңын дескрипторлары бар бағалау критерийлері арқылы бағалауға қатысады.

Техникалық қауіпсіздік ережесі

Презентация

Интербелсенді тақта

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақ соңы

7 мин

Рефлексия

«Болжам» әдісінің негізінде мұғалім оқушылардан сабақ басында жасаған болжамдарының қаншалықты орындалғандығына талдау жасауларын сұрайды.

Өтілген тақырыпты жалпылау.

Әдіс-тәсілдер: бармақ әдісі. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпта өтілген материалдарды қорытындылайды. Мұғалім оқушыларға тақырыпқа байланысты өзекті ақпараттарды кезегімен келтіреді. Оқушылар өз кезегінде бармақтары арқылы белгі береді. Бас бармақ жоғары көтерілген – мен түсіндім, бас бармақ қапталға бағытталған – менің түсінбегем тұстарым бар, қолын сермесе – мен мүлде түсінбедім. Оқушылардың кері байланысы арқылы мұғалім тақырып бойынша оқушыларға сөз беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

Бағалау: өзін-өзі бағалау, қалыптастырушы бағалау, мұғалім комментарийі

Үй жұмысы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылардың денсаулықтарын сақтау және жақсарту мақсатында сергіту сәттері ұйымдастырылады. Сергіту сәті сабақ жоспарына енгізілмейді және сабақтың кез келген бөлігінде қолданылуы мүмкін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу