Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3АТұрақты ток

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.1 –аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану.

 Сабақ мақсаттары

  • Электр тізбегіндегі ток, кернеу мен кедергінің өзара тәуелділігін анықтау;
  • Өткізгіштерді аралас жалғау тақырыбына есептер шығаруда барысында тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану.

Бағалау критерийлері:

 

Оқушылар орындай алады:

- Толық тізбек үшін Ом заңын біледі;

- Электр кедергісі ток күші мен кернеуге тәуелді емес екендігін түсінеді;

- Заңдылықтарды есептер шығаруда қолданады;

- Ток күшін анықтай алады, График бойынша кернеу мен осы шамалар арасындағы байланыс.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңын тұжырымдайды;

Пәндік лексика және терминология:

Өткізгіштегі ток күші;

Өткізгіш соңында кернеу түсуі;

өткізгіш кедергісі;

Ом заңы;

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Тізбектегі ток күші тура пропорционал…

Аралас жалғау кезіндегі жалпы кедергі….

Құндылықтарды дарыту

1.Тұжырымдамалар мен қорытындыларды экспериментальды дәлелдеуді қарастыратын зерттеу дағдыларын қалыптастыру және логикалық ойлауды дамыту;

2. Топта жұмыс істей білуге, сондай-ақ рольдік ойындарды жүргізе білуге көмектесетін дағдыларды дамыту. Сынды құрметпен және байсалды қабылдай отырып, басқалардың жұмысын сынай білу қабілеті;

Пәнаралық байланыстар

Математика (оқушылар математика пәнінен тура және кері пропорционал тәуелділікті және,белгісіз шамаларды белгілі шамалар арқылы анықтауды біледі)

Химия (химия сабағынан оқушылар материяның құрылымы туралы біледі)

Бастапқы білім

Электр тогы. Ток күші. Кернеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

6 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Тапсырма 1: «Ой қозғау».

Мақсаты: Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау, сабаққа дайындықтарын қадағалау.

Сипаттама: қандай шамалар электр тізбегін сипаттайтындығы жөнінде сұрақтарға жауап беру. Мұғалімнің нұсқауы бойынша әр шамаға жеке-жеке сипаттама беру.

Оқушы іс-әрекеті: Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының жауабын тыңдап, ұсыныстар айтады.

Мұғалім іс-әрекеті: Сұрақтар қояды. Физикалық шамаларға сипаттама көрсетеді. Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылармен бірге жаңа сөздерді тақтаға іледі. Мысалы: кернеу, ток күші, кедергі.

Бағалау: өзін-өзі бағалау, қалыптастырушы.

Кері байланыс: мұғалім-оқушы

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

16 мин

21 мин

Тапсырма: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін анықтау

Мақсаты: Электр тізбегіндегі ток, кернеу мен кедергінің өзара тәуелділігін анықтау. Олар Ом заңымен байланысты деп есептеу.

Бүгінгі сабақта екі сұраққа жауап береміз:

  • Ток күші кернеуге қалай тәуелді?

2. Ток күші кернеуге қалай тәуелді? ( оқушылар сұрақтарды жазып алады, негізгі сұрақ үшін орын қалдырады).

Мұғалім іс-әрекеті: оқушыларды теориялық физика кафедрасы бар ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері деп ойлайды, олардың міндеті белгіленген тәуелділікті негіздеу және белгіленген тәуелділіктердің табиғатын зерттейтін эксперименталды физиканың екі бөлімін дәлелдеу болып табылады.

Оқушы іс-әрекеті: Топқа бөлінеді, тапсырманы және құралдарды алып, берілген жұмысты оырндайды, жауабын жазады.

Тапсырма: Әр топ өз жұмысын қорғау

Мұғалім іс-әрекеті: Жасаған жұмыстарын қорғауды талап етеді: теоретиктер және экспериментаторлар

Оқушы іс-әрекеті: Топтар бір-бірін және әр топ мүшелерін бағалайды бағалайды.

Мұғалім іс-әрекеті: Жұмысты қорытындылайды, жұмыстың дұрыс істелгені жөнінде талдау жүргізеді. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Г.Ом ашты. Ол заң: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы деп аталады.

Оқушы іс-әрекеті: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» атты жаңа тақырыпты жазады. Ом заңының формуласын «Сиқырлы үшбұрыш» арқылы өрнектейді. Кернеу мен кедергі формуласын қорытын шығарады.

Тапсырма: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» тақырыбына сандық есептер шығару.

Мақсаты: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы формуласын есептер шығаруда қолдану.

Оқушы іс-әрекеті: Есептерді жұпта талқылайды, есептелу жолын рәсімдейді. Дискрипторлар бойынша бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушылардың жұмысын қадағалайды, тексереді, кері байланыс береді.

Бағалау: критерий бойынша бір-бірін бағалау

Слайд 8-11

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

2 мин

Үй тапсырмасы : §9.3 Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Сабақ соңында оқушылар стикерлер арқылы рефлексия жүргізеді

Стикерлерге оқушылар сабақ бойынша ойларын бөліседі

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Сабақ барысында оқушылардың денсаулық және қауіпсіздік техникасы сақталды.

Оқушыларға берілетін тақырып бойынша бағыт бағдар беру. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бере отырып олардың ойлау және іс-әрекетін арттыру. Қосымша ресурстармен көбірек жұмыстандыру.

Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және және жеке сұрақтарға жауап беру дағдысы қарастырылады.

Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау

Тәжірибе жасамас бұрын үстел үстін артық құралдардан тазарту.

Берілген құрал жабдықтарға жауапкершілікпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақта оқу мақсаттары тақырыпқа сай қойылды. Жетістік критерийлері бойынша тапсырмалар орындады. Сабақ барысында оқушылар жасаған тәжірибелер және теориялық білім арқылы ОМ жетті деп есептеймін.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу