№8 Зертханалық жұмыс: «қыздыру шамының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы». Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4.3 Әр түрлі ортадағы электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

№8 Зертханалық жұмыс: «қыздыру шамының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.3 - шамның қылсымының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу;

Сабақ мақсаттары

Қыздыру шамы, резистор және жартылайөткізгішті диодтағы кернеудің ток күшіне тәуелділігін зерттеу.

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер ...

Қолдану

қарапайым электр тізбегін құрастыра алады

Сын тұрғысынан ойлану

Вольт-амперлік сипаттамаларын салыстыра отырып, ерекшеліктерін анықтайды

Анализ

алынған нәтижелерді талдай отырып ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызады

Түсіну

Термисторлар мен фоторезисторлардың қолданылуын түсінеді

Анализ

Кедергінің температураға тәуелділігін талдай отырып кесте тұрғызады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Оқушылар

графиктік әдіс арқылы электр тізбегінің элементтерінің электрлік қасиеттерін сипаттай алады.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Вольт-амперлік сипаттама, тұрақты температурадағы металл өткізгіш, жартылайөткізгішті диод, қыздыру шамы, Ом заңы, Омдық емес өткізгіш

Құндылықтарды дарыту

- тапсырма мазмұны арқылы топтық және жұптық жұмыстар ұйымдастыруда қарым-қатынас мәдениетін дамыту (құрмет, ынтымақтастық, жауапкершілік);

- сын тұрғысынан ойлана алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Жаһандық азаматтық: өз елімен бүкіл азамзат игілігі үшін қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты интербелсенді тақта көмегімен презентациялау.

Пән аралық байланыстар

Химия курсынан иондар мен атомдардың құрылысын біледі.

Бастапқы білімі

8 сынып: тұрақты электр тогы тізбегі, Ом заңы, электр тогының сипаттамалары, электр тізбегі элементтері, электр энергиясы мен қуаты, термисторлар мен фоторезисторлар.

Сабақ барысы

Сабақ бөлімдері

Сабақ барысында жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. «Поздоровайся локтями» әдісі.

Оқушылар сынып ішінде бір-бірлерімен шынтақтарын жанастыру арқылы амандасып, бір-бірлеріне жақсы сөз айтып көріседі. Бұл әдісін оқушылардың эмоционалдық және физикалық белсенділігін арттырады. Оқушылардың зейінін шоғырландыра отырып, коммуникативтік дағдыларын дамытады.

Сабақтың ортасы

5 мин

2 мин

30 мин

 Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талдау.

Әдіс-тәсіл: Интербелсенді тақтада ұсынылған презентацияны қолданып мұғалім оқушылармен бірге оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талдайды және де оқушылар «Болжам» әдісінің негізінде сабақ соңындағы жетістіктері туралы болжам жасап, пікір білдіреді.

Жұмыс түрі: Жеке жұмыс.

Оқушылармен электр құрылғылармен жұмыс жасау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін талдау.

Жаңа тақырыпты меңгеру.

Әдіс-тәсіл: Омдық және Омдық емес өткізгіштердің вольт-амперлік сипаттамаларын зерттеуге арналған зертханалық жұмыс ұйымдастыру.

Жұмыс түрі: жұптық жұмыс.

Бағалау: мұғалім кері байланысы, қалыптастырушы бағалау.

Жаһандық азаматтық: оқушылармен жоғары кернеулі электр желісі мен трансформаторлардың тірі ағзаларға әсерін талдау.

Сабақ соңы

3 мин

Рефлексия

«Болжам» әдісінің негізінде мұғалім оқушылардан сабақ басында жасаған болжамдарының қаншалықты орындалғандығына талдау жасауларын сқрайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылардың денсаулықтарын сақтау және жақсарту мақсатында сергіту сәттері ұйымдастырылады. Сергіту сәті сабақ жоспарына енгізілмейді және сабақтың кез келген бөлігінде қолданылуы мүмкін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу