Зертханалық жұмыс №8 «Жартылай өткізгішті диодтың, қыздыру шамының және резистордың вольт-амперлік сипаттамасы». Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тәжірибе №1

Қыздыру шамының вольт-амперлік сипаттамасын алу

Тәжірибенің мақсаты: қыздыру шамының вольт-амперлік сипаттамасын ала отырып, Ом заңына тәуелділігін зерттеп қорытынды жасау.

Құрал жабдықтар: екі мультиметр (бірі амперметр үшін 200 мА келтірілген, екіншісі вольтметр үшін 20 В келтірілген), 12 В ток көзі, қыздыру шамы, кілт.

Жұмыс барысы:

1.Суретте көрсетілген тізбекті жинақта.

2. Тізбекті жинап болғаннан кейін мұғалімге немесе лаборантқа тексерт.

3. Компьютерден excel бағдарламасын ашып ток күші мен кернеудің алынған нәтижесін жазатын ұяшықтарыңды анықта.

4. Кернеуді 0-ден 12 В аралығында (кем дегенде алты мән өсу ретімен алынуы қажет) өзгерте отырып кернеудің және сол кернеуге сәйкес ток күшінің мәнін excel бағдарламасында даярлап алған ұяшыққа енгіз.

5. Алынған мәліметтер бойынша I(U) тәуелділік графигін тұрғыз.

6. Қорытынды жаз. Және топта талдап ең негізгі түйінді 2-3 сөйлеммен сыныпқа жеткіз.

Тәжірибе №2

Жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын алу

Тәжірибенің мақсаты: жартылайөткізгішті диод вольт-амперлік сипаттамасын ала отырып, Ом заңына тәуелділігін зерттеп қорытынды жасау.

Құрал жабдықтар: екі мультиметр (бірі амперметр үшін 200 мА келтірілген, екіншісі вольтметр үшін 20 В келтірілген), 12 В ток көзі, жартылайөткізгішті диод, кілт.

Жұмыс барысы:

1.Суретте көрсетілген тізбекті жинақта.

2. Тізбекті жинап болғаннан кейін мұғалімге немесе лаборантқа тексерт.

3. Компьютерден excel бағдарламасын ашып ток күші мен кернеудің алынған нәтижесін жазатын ұяшықтарыңды анықта.

4. Кернеуді 0-ден 0,8 В аралығында (кем дегенде алты мән өсу ретімен алынуы қажет) өзгерте отырып кернеудің және сол кернеуге сәйкес ток күшінің мәнін excel бағдарламасында даярлап алған ұяшыққа енгіз.

5. Алынған мәліметтер бойынша I(U) тәуелділік графигін тұрғыз.

6. Қорытынды жаз. Және топта талдап ең негізгі түйінді 2-3 сөйлеммен сыныпқа жеткіз.

Тәжірибе №3

Резистордың вольт-амперлік сипаттамасын алу

Тәжірибенің мақсаты: ..................................................................................................................

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Құрал жабдықтар: екі мультиметр (бірі амперметр үшін 200 мА келтірілген, екіншісі вольтметр үшін 20 В келтірілген), 12 В ток көзі, резистор, кілт.

Жұмыс барысы:

1.Қажетті тізбектің сызбасын салыңыз.

2. Сызбаңызды пайдалана отырып, тізбекті жинап болғаннан кейін мұғалімге немесе лаборантқа тексерт.

3. Компьютерден excel бағдарламасын ашып ток күші мен кернеудің алынған нәтижесін жазатын ұяшықтарыңды анықта.

4. Кернеуді 0-ден 12 В аралығында (кем дегенде алты мән өсу ретімен алынуы қажет) өзгерте отырып кернеудің және сол кернеуге сәйкес ток күшінің мәнін excel бағдарламасында даярлап алған ұяшыққа енгіз.

5. Алынған мәліметтер бойынша I(U) тәуелділік графигін тұрғыз.

6. Қорытынды жазыңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу