№8 Зертханалық жұмыс: «қыздыру шамының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы». Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


№8 зертханалық жұмыс

«Қыздыру шамының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»

Деңгей: базалық.

Зерттелетін тақырып: Электр тогы.

Мақсаты: ток күші мен кернеудің өзара тәуелділігін график түрінде ұсыну.

Қолданылатын ұғымдар: электр тогы, ток күші, кернеу, резистор, Ом заңы.

Құрал-жабдықтар:

Сурет 1 Сурет 2

1-ші суретте көрсетілген электр тізбегі құрастырылады. Электр тізбегіне өлшеуіш құралдар жалғанады (Сурет 2).

Жұмыстың орындалуы

1 тәжірибе. Резистордағы ток күші мен кернеудің өзара тәуелділігін зерттеу.

  • Тізбекті тұйықтаңыз.
  • Ток көзін қосыңыз. Кедергісі 50 Ом (R1) резистордың кернеуін 0 В-тан 10 В-қа арттыра отырып, әрбір кернеудің өзгерісі 2 В кезіндегі ток күші мен кернеу мәнін 1-ші кестеге енгізіп отырыңыз.
  • Алдыңғы нұсқаулықты кедергісі 100 Ом (R2) резистор үшін қайталаңыз.
  • Ток көзін сөндіріңіз.

Сурет 3

2 тәжірибе. Қыздыру шамындағы ток күші мен кернеудің өзара тәуелділігін зерттеу.

  • Электр тізбегіндегі резистордың орнына шектік кернеуі 12 В қыздыру шамын орнатыңыз және ток көзін қосыңыз.
  • Тізбекті тұйықтаңыз.
  • Ток көзін қосыңыз. Кедергісі 50 Ом (R1) резистордың кернеуін 0 В-тан 10 В-қа арттыра отырып, әрбір кернеудің өзгерісі 2 В кезіндегі ток күші мен кернеу мәнін 2-ші кестеге енгізіп отырыңыз.
  • Алдыңғы нұсқаулықты кедергісі 100 Ом (R2) резистор үшін қайталаңыз.
  • Ток көзін сөндіріңіз.

Сурет 4

 3 тәжірибе. Жартылайөткізгішті диодтағы ток күші мен кернеудің өзара тәуелділігін зерттеу.

  • Электр тізбегіндегі қыздыру шамының орнына жартылайөткізгішті диод орнатыңыз.
  • Электр тізбегіне кедергісі 50 Ом резисторды тізбектей жалғаңыз.
  • Тізбекті тұйықтаңыз.
  • Ток көзін қосыңыз. Кедергісі 50 Ом (R1) резистордың кернеуін 0 В-тан 10 В-қа арттыра отырып, әрбір кернеудің өзгерісі 2 В кезіндегі ток күші мен кернеу мәнін 2-ші кестеге енгізіп отырыңыз.
  • Алдыңғы нұсқаулықты кедергісі 100 Ом (R2) резистор үшін қайталаңыз.
  • Ток көзін сөндіріңіз.

Сурет 5

 Өлшеу нәтижелері

 1 кесте

U, В

(R1)

I, А

(R2)

U/I, В/А

(R1)

0

0

0

-

-

2

4

6

8

10

2 кесте

U, В

I, А

шам

U/I, В/А

шам

I, А

диод

U/I, В/А

диод

0

0

-

2

4

6

8

10

  • 1-ші кестедегі резистор кернеуінің ток күшіне қатынасын есептеңіз.
  • Кернеу мен ток күшінің қандай қатынасын алдыңыздар?

________________________________________________________________________________

Бұл қатынас Ом заңы деп аталады.

  • Ом заңының пропорционалдық коэффициенті кедергі деп аталады. Кедергі – өткізгішті сипаттайтын физикалық шама. Екі резистор үшін кернеудің ток күшіне қатынасы ерекшеленеді. Ерекшелігін сипаттаңыздар.

________________________________________________________________________________

  • Бақыланған ерекшеліктердің болу себебін түсіндіріңіздер.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • 1-кестені пайдаланып әрбір резистор үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызыңыздар (Сурет 6).

Сурет 6

  • 2-ші кестені пайдаланып қыздыру шамындағы және жартылайөткізгішті диодтағы ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызыңыз (Сурет 7 және 8). Сызықтық тәуелділік ала алдыңыз ба? Ом заңы орындалады ма?

__________________________________________________________________________________

  • Графиктің бұл түрлерін түсіндіріңіз?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

Сурет 7

Сурет 8



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу