Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары. Микроскопиялық көзқарас тұрғысынан макроскопиялық шамалар. Кристаллдық және кристаллдық емес заттар. Физика, 10 сынып, презентация.


10.1B Жылу физикасы - молекулалық физика

Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары. Микроскопиялық көзқарас тұрғысынан макроскопиялық шамалар. Кристаллдық жіне кристаллдың емес заттар.

Оқу мақсаттары:

10.2.1.1-Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын білу;

10.2.1.2-Молекулалық-кинетикалық теория негізінде қатты дененің, сұйықтық пен газдың үлгісін сипаттай білу;

10.2.1.3-Металл, полимер және аморфты денелер мысалында кристалдық және кристалдық емес қатты заттардың құрылымын айыра білу;

Бағалау критерийлері:

Қатты денелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі;

Қатты денелер, сұйықтықтар мен газдардың қасиеттерін және оларды құрайтын бөлшектердің сипаттамаларын біледі;

Металл, полимер және аморфты денелер мысалында кристалдық және кристалдық емес қатты заттардың құрылымын айыра біледі;

Кристаллдану, балқу, конденсация, булану процесстерін МКТ негізінде түсіндіреді;

Пәндік лексика мен терминология:

Диалог құру және жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестер:

Қыздыру ... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

(W) Сыныппен жұмыс.

Заттың үш күйінің бейнесін анықтау

Заттың үш күйінің қасиеттері мен құрайтын бөлшектерінің сипаттамалары?

b) Заттың үш күйінің өзгеру диаграммасы

Жауабы:

с)

Неліктен қатты денелер мен сұйықтықтар бекітілген көлемдерге ие?

Неліктен газ контейнерді толтыру үшін ұлғаяды?

Неліктен қатты заттардың балқуы үшін энергия қажет?

Неліктен түрлі заттардың балқуы әртүрлі температурада жүреді?

Неліктен сұйықтықтың қайнауы үшін энергия қажет?

Неліктен сұйықты қайнату үшін қатты дененің балқуына қарағанда көп уақыт кетеді?

Неліктен әртүрлі заттардың қайнау нүктесі түрліше?

Неліктен сұйықтар қайнау нүктесінен төмен буланады?

Неліктен сұйықтықтың қайнауы үшін энергия қажет?

b) (I) Жеке жұмыс.

Мұзды қыздырып буға айналдыру кезіндегі температурасының уақытқа тәуелділік графигін сипаттау;

(G) Топтық жұмыс.

Оқушылар топпен әрбір үлгінің физикалық қасиетін зерттей отырып 5-10 минут бақылаулары тиіс. (мысалы, тығыздық/сұйықтық/қаттылық/беріктік/сыртқы түрі және т.т.).

Үлгілер әртүрлі металдардан, шыныдан, қыштан, полиэтиленнен, каучуктен тұруы тиіс. Әрбір материал үшін үлгі әртүрлі формада (мысалы, металл сым, металл пластина, блок) ұсынылуы және кем дегенде, материалдың бір үлгісі сыну және созылуға қабілетті болуы тиіс.

(G) Ұқсас материалдарды зерттеген оқушылардың тобы материалдың қасиетіне сипаттама беріп, түсіндіріп және осы қасиеттерді осы материалды жалпы пайдалануға байланыстыра отырып, сыныптың қалған бөлігінің постерін дайындай және ұсына алады.

(W) Сыныппен жұмыс. Видеокөрініс.

Резеңкенің көңілді мултипликациялық тарихы: http://teachertube.com/viewVideo.php?video_id=111156

(P) Жұппен жұмыс.

Металдардың, полимерлер мен шынының/керамиканың (аморфты құрылымның) құрылымына дербес зерттеу жүргізу

https://bilimland.kz/kk/content/structure/939-physics#lesson=10852

Табиғатта қатты заттың қасиетіне де (беріктік, морттық, қаттылық), сұйықтың қасиетіне де (аққыштық, уақыт өтуімен пішінін сақтамау) ие болатын аморфты денелер бар. Аморфты денелердің бөлшектері өте тығыз, бірақ сұйықтардағы сияқта ретсіз орналасқан. Аморфты денелер: қатты шайыр, эбонит, әртүрлі пластмассалар, шыны және т.б.

Кристалды кварц

Аморфты кварц

Аморфты денелердің тұрақты балқу температурасы болмайды. Қыздырғанда олар біртіндеп жұмсарып, температурасы үздіксіз артады. Салқындатқанда біртіндеп қатаяды.

Бүгінгі сабақтанүйрендім

Бүгінгі сабақта маған ұнады

Маған қиындық келтірді

Рефлексия

Үйге тапсырма:

Жұптық тапсырма.

Қатты денелердің деформациясын зерттеу. Топтық жұмыс

1-топ: Созылу кезінде резеңке және полиэтилен тәрізді полимерлердің тәртібі қызық және ұзын тізбекті молекуланың қарайпайым моделін есепке ала отырып түсінікті болуы мүмкін. Ол қарапайым экспериментпен қауіпсіз эксперимент әдістерін дамыту үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.

2-топ: Болат серіппенің артық созылуы осындай қасиетті көрсетеді. Ол металдың пластикалық деформациясы болған кезде сызықтық тәуелділік (Гук заңы) қалай сызықтық емес болатынын көрсетеді. Оқушыларға сонымен қатар мыс сымның үзілетіндігін (пластикалық бұзылу) және үзілу алдында аққыштығын көрсетуге болады.Қатты денелердің деформациясын зерттеу.

§4.3, 7.1, 7.2оқу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу