Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары. Микроскопиялық көзқарас тұрғысынан макроскопиялық шамалар. Кристаллдық және кристаллдық емес заттар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

10.1BЖылу физикасы - молекулалық физика САБАҚ:

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары. Микроскопиялық көзқарас тұрғысынан макроскопиялық шамалар. Кристаллдық және кристаллдық емес заттар.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.2.1.1-Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын білу;

10.2.1.2-Молекулалық-кинетикалық теория негізінде қатты дененің, сұйықтық пен газдың үлгісін сипаттай білу;

10.2.1.3-Металл, полимер және аморфты денелер мысалында кристалдық және кристалдық емес қатты заттардың құрылымын айыра білу;

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар: Қатты денелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі; МКТ негізгі ережелерін біледі;

Оқушылардың көбісі: Металл, полимер және аморфты денелер мысалында кристалдық және кристалдық емес қатты заттардың құрылымын айыра біледі; кристаллдану, балқу, конденсация, булану процесстерін түсіндіреді;

Кейбір оқушылар: Кристаллдану, балқу, конденсация, булану процесстерін МКТ негізінде түсіндіреді;

 Жетістік

 критерийі

Білу және түсіну

Анализ

  • Қатты денелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымының ерекшеліктері мен қасиеттерін біледі;
  • Қатты денелер, сұйықтықтар мен газдардың қасиеттерін және оларды құрайтын бөлшектердің сипаттамаларын біледі;
  • Металл, полимер және аморфты денелер мысалында кристалдық және кристалдық емес қатты заттардың құрылымын айыра біледі;
  • Кристаллдану, балқу, конденсация, булану процесстерін МКТ негізінде түсіндіреді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Бөлшектің моделінің (молекула-кинетикалық) қалай есептелетінін, қалай қатты заттың балқитынын және сұйықтықтың қалай қайнайтынын ауызша түсіндіру үшін диаграмманы пайдаланады (айту және тыңдау дағдылары)

Нақты тәжірибелік әдістің бағалауын жазады;

Пәндік лексика мен терминология:

Материяның кинетикалық теориясы

Кинетическая теория материи

Kinetic theory of matter

Молекулалар

Молекулы

Molecules

Бөлшектер

Частицы

Particles

Заттардың молекулалық құрылысы

Молекулярное строение вещества

Molecular structure of matter

Қатты денелер

Твердые тела

Solids

Сұйықтар

Жидкости

Liquids

Газ

Газ

Gas

Металдар

Металлы

Metals

Металл еместер

Неметаллы

Non-metals

Аморф денелер

Аморфные тела

Аmorphous bodies

Ұнтақтар және кристалдар

Порошки и кристаллы

Powders and crystals

Серпімді және пластикалық материалдар

Упругие и пластические материалы

Elastic and plastic materials

Мөлдір және мөлдір емес материалдар

Прозрачные и непрозрачные материалы

Transparent and opaque materials

Полимер

Полимер

Рolymer

Кристалдық және кристалдық емес қатты заттар

Кристаллические и не кристаллические вещества

Сrystalline and non-crystalline solids

Микроскопиялық

Микроскопический

Мicroscopic

Макроскопиялық

Макроскопический

Мacroscopic

Диалог құру және жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестер:

Қыздыру ... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста өзгенің пікірін тыңдап сыйласықта жұмыс жасау; Сыныптық талқылауда ашықтық; Жеке жұмысты орындауда академиялық шыншылдық,

 Пәнаралық байланыстар

Металл, полимер және аморфты денелер мысалында кристалдық және кристалдық емес қатты заттардың макраскопиялық және микроскопиялық қасиеттерін зерттеуде химия пәнімен байланыс.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз:

Оптикалық және электронды микроскоптардың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеуде интернеттен ақпараттар алынады;

Алдыңғы білім

8 -сынып: қаттыденелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымы; броундық қозғалыс ; газқысымы; p= F/A; жылу энергиясын беру; ыстықтансуыққаберілетінжылуағыны; жылулықтепе-теңдік;қарапайым молекулалы-кинетикалық модель.

9 -сынып: Ньютон механикасының заңдары және қозғалыс санын сақтау.

Жоспар

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

0 - 5

6 - 10

11-21

22-27

27-33

33-35

35-40

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Негізгі бөлім.

(W) Сыныппен жұмыс.

a) Тақтаға заттың үш күйінің бейнесін анықтау беріледі. Одан соң оқушылардан олардың қасиеттері мен құрайтын бөлшектерінің сипаттамалары сұралады.

b) Тақтаға заттың үш күйінің өзгеру диаграммасы беріледі.

(f) Жеке жұмыс.

Оқушыларға тапсырмалар белгіленуі мүмкін – қарапайым процестің ауызша түсіндірмесін дайындау және оны сыныпқа бөлшек моделдерін есепке ала отырып түсіндіру, мысалы,

• Неліктен қатты денелер мен сұйықтықтар бекітілген көлемдерге

ие?

Неліктен газ контейнерді толтыру үшін ұлғаяды?

Неліктен қатты заттардың балқуы үшін энергия қажет?

• Неліктен түрлі заттардың балқуы әртүрлі температурада жүреді?

Неліктен сұйықтықтың қайнауы үшін энергия қажет?

• Неліктен сұйықты қайнату үшін қатты дененің балқуына

қарағанда көп уақыт кетеді?

• Неліктен әртүрлі заттардың қайнау нүктесі түрліше?

Неліктен сұйықтар қайнау нүктесінен төмен буланады?

b) (I) Жеке жұмыс.

Мұзды қыздырып буға айналдыру кезіндегі температурасының уақытқа тәуелділік графигін сипаттау;

(G) Топтық жұмыс.

Зертханаға таңдалған материалдар мен қарапайым сынақ жабдықтарын орналастыру және оқушылардан топпен әрбір үлгінің физикалық қасиетін зерттей отырып 5-10 минут бақылау. (мысалы, тығыздық/сұйықтық/қаттылық/беріктік/сыртқы түрі және т.т.). үлгілер әртүрлі металдардан, шыныдан, қыштан, полиэтиленнен, каучуктен тұруы тиіс. Әрбір материал үшін үлгі әртүрлі формада (мысалы, металл сым, металл пластина, блок) ұсынылуы және кем дегенде, материалдың бір үлгісі сыну және созылуға қабілетті болуы тиіс.

(G) Топтық жұмыс.

Ұқсас материалдарды зерттеген оқушылардың тобы материалдың қасиетіне сипаттама беріп, түсіндіріп және осы қасиеттерді осы материалды жалпы пайдалануға байланыстыра отырып, постерін дайындау және түсіндіру.

(W) Сыныппен жұмыс. Видеокөрініс.

(P) Жұппен жұмыс.

Металдардың, полимерлер мен шынының/керамиканың (аморфты құрылымның) құрылымына дербес зерттеу жүргізу.

Оқушыларды жетістік критерийлері арқылы бағалау.

Осы ВВС сайты қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың негізгі түсініктеріне қарапайым шолу береді:

http://www.bbc.co.uk/schools/ks3bitesize/science/chemical_material_behaviour/particle_model/revise1.shtml

Металл құрылымдары және қасиеттері:

Резеңкенің көңілді мултипликациялық тарихы: http://teachertube.com/viewVideo.php?video_id=111156

Кристалдық және аморфтық материалдардың құрылымдары туралы ақпаратты беретін барынша жетілген сайт:

http://www.xtal.iqfr.csic.es/Cristalografia/parte_01-en.html

40-42

43-45

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан … үйрендім
  • Бүгінгі сабақта маған ұнады…
  • Маған қиындық келтірді…

Үйге тапсырма: §4.3, 7.1 оқу

Қатты денелердің деформациясын зерттеу. Топтық жұмыс

1-топ: Созылу кезінде резеңке және полиэтилен тәрізді полимерлердің тәртібі қызық және ұзын тізбекті молекуланың қарайпайым моделін есепке ала отырып түсінікті болуы мүмкін. Ол қарапайым экспериментпен қауіпсіз эксперимент әдістерін дамыту үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.

2-топ: Болат серіппенің артық созылуы осындай қасиетті көрсетеді. Ол металдың пластикалық деформациясы болған кезде сызықтық тәуелділік (Гук заңы) қалай сызықтық емес болатынын көрсетеді. Оқушыларға сонымен қатар мыс сымның үзілетіндігін (пластикалық бұзылу) және үзілу алдында аққыштығын көрсетуге болады.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауОқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Бұл барлық оқушыларға қол жетімді кіріспе және зерттеу белсенділігі.

Сабақ соңында алынатын ақпаратты сапасы және нақтылығы бойынша бағалауға болады.

Мұғалімдер егер ресурстар сыныптар арасында бөлінсе ғана басқа пәнді жүргізуші мұғалімдерден консультация алулары қажет.Осы сабақ кезіндегі қызмет оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді, мысалы әйнекті сындыру кезінде. Бұл оқушылар үшін қатерді мұқият бағалау мен нақты нұсқауды талап етеді. Оқушылар бұл сабақ кезінде АКТ саласындағы өз дағдыларын дамытпайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу