Дөнгелек процесстер. Карно циклы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Бағыттауш карта «Дөнгелек процесстер. Карно циклы».

Сабақ мақсаттары:

- жылу машинасының негізгі бөліктерін айту;

- жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттау;

- идеал жылу машина үшін Карно циклын сипаттау;

- ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алу.

(I/G) 1-ші тапсырма.

Төменгі суреттердегі техникалық құрылымдарды мен мазмұнын сәйкестендіріңдер.

(G) 2-ші тапсырма.

 Келесі сұрақтарды жұптарда талқылаңдар

  • Суреттердегі жылу қозғалтқыштардың: іштен жану қозғалтқышы, жылу электростанциясы, бу қозғалтқышы және т.б. қозғалтқыштарының практикалық эффективтілігін және олардығы энергия шығынының себебін талдаңдар.
  • Жылу қозғалтқыштардың пайдалы және зиянды салдарын атап кетіңдер
  • Мәселенің шешулерін ұсыныңдар.

 

(G) 3 тапсырма.

Видеороликті байқаңдар: https://www.youtube.com/watch?v=GTPKShjBqmg

  • Видеороликте көрсетілген цикл қалай аталады?
  • Цикл қандай процесстерден тұрады?
  • Осы циклмен жұмыс істейтін қозғалтқышты неліктен идеалдеп атайды?
  • Осы қозғалтқышты ПӘК-і неге тең?

(I) 3-ші тапсырма.

 Есептерді шығар және әрқайсысына Сенки диаграммасын құрастыр.

А деңгей

1. Жылу машинасы әр цикл сайын қыздырғыштан 100 Дж алып , тоңазытқышқа 60 Дж берсе, оның ПӘК-і тең…

  • 67 %
  • 60 %
  • 40 %
  • 25 %
  • 15 %

 

2. Жылу машинасының ПӘК-і 30%. Жұмыс денесі қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Жұмыс денесінің атқарған жұмывы неге тең?

  • 150 000 Дж
  • 1 500 Дж
  • 150 Дж
  • ≈ 67 Дж
  • 0,15 Дж

3. Қыздырғышының температурасы 327 0С және тоңазытқышының температурасы 127 0С. Жылу машинасының ПӘК-і қанша?

  • 100 %
  • 61 %
  • 33 %
  • 50 %
  • 40 %

4. Қыздырғышының температурасы 427 0С және тоңазытқышының температурасы 27 0С. Жылу машинасының ПӘК-і қанша?

  • 70 %
  • 43 %
  • 94 %
  • 6 %
  • 57 %

В-деңгей

  • Қыздырғышының температурасы 117 0С және тоңазытқышының температурасы 27 0С.Жылу машинасының қыздырғыштан 1 с алатын жылу мөлшері 60 кДж болса, жылу машинасының 1 с ішінде тоңазытқышқа берген жылу мөлшерін, жылу машинасының ПӘК-ін есепте және Сенки диаграммасын сызып құрастыр.
  • Қыздырғышының температурасы 227 0С. Жылу машинасының қыздырғыштан алатын жылу мөлшерінің әрбір килоджоулінен қозғалтқыш 350 Дж жұмыс жасағандағы жылу машинасының ПӘК-ін және тоңазытқыштың температурасын есепте.
  • Идеал жылу қозғалқышындағы қыздырғыштың абсолюттік температурасы тоңазытқыштың температурасынан 3 есе жоғары. Қозғалтқыштың ПӘК-ін анықта.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу