Қайтымсыз және қайтымды процесстер. Энтропия. Термодинамиканың екінші заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Бағыттауш карта «Қайтымсыз және қайтымды процесстер. Энтропия.

Термодинамиканың екінші заңы».

Сабақ мақсаттары:

  • Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамасын білу;
  • Термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру;
  • Термодинамиканың екінші заңының термодинамикалық процесстерді талдауда қолдану.

(W) тапсырма 1.

Өзіңді тексер!

Есепті талдау.

Графикте тұрақты масса идеал газбен 1-2-3-1 күйлерден өткен процесстер көрсетілген. Бірінші күйде газ 0,8105 Па қысымда 5 м3 көлемді алады.

3 күйде 1 күйден екі есе көлемді алады және температурасы 800 К болады.

  • Газдың зат мөлшерін анықтаңдар.
  • 2 күйдегі газдың температурасын және көлемін анықтаңдар.
  • Газдың 3 күйдегі көлемін анықтаңдар.
  • Изобаралық ұлғаюда газ қандайжұмыс жасады?

Сұрақ:

 Цикл ішінде газдың ішкі энергиясы қалай өзгерді?

 Цикл ішінде газ 4105 Дж жылу мөлшерін алды деп айтуға болама?

(G) 2 тапсырма. Тапсырманы жұпта шешіңдер. Алдымен жұпта шешімеріңді талқылаңдар, содан кейін мұғаліммен бірге талқылаңдар.

 Температурасы 80 0С ыстық кофесі бар кесе температырасы 20 0С болмеде суығанда Q =1000 Дж жылу мөлшерін жоғалтады.

 

 А) Кофесі бар кесенің энтропия өзгеруін ΔS табыңдар.

 

 В) Бөлмедегі ауаның энтропия өзгеруін ΔS табыңдар.

 

 С) Жүйенің толық энтропияның өзгеруін табыңдар.

(G) 3-ші тапсырма. Тапсырмаларды жұпта шешіңіз. Жұпта талқылаған соң жауаптарды көрші жұптармен салыстырыңдар.

 

1. Қайтымсыз процесс - бұл

  • тура және кері бағытта өз бетінше өтетін процесс;
  • оған кері болатын өз бетіше өтпейтін процесс;
  • сыртқы денелерсіз өтетін процесс.

2 Термодинамиканың екінші заңына жатпайтын тұжырымды таңдаңдар.

  • Термодинамиканың жүйеге берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы денелермен жұмыс атқаруына жұмсалады.
  • Ешқашан өз бетінше салқын денеден ыстық денеге жылу берілмейді.
  • Дененің ішкі энергиясының есебінен шексіз жұмыс атқару мүмкін емес.
  • Салқын жүйеден жылу алып, оны жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес

3. Термодинамиканың екінші заңы сипаттайды...

  • тұйық жүйлерде термодинамикалық процесстердің бағытын.
  • термодинамикалық процесстерде энергияның сақталуын.
  • термодинамикалық процесстерде энергияның бір түрінен басқа түрге айналуын.
  • ішкі энергияның өз бетінше жұмысқа айналу мүмкіндігін.

(I) 4-ші тапсырма. Тапсырмаларды шығар.

  • Егер мыстың балқу жылуы 12980 Дж/моль, ал балқу температурасы 1083 °С болса, 63,5 г мыстың энтропия өзгеруін анықта.
  • Анықтама мәләметтерді қолданып, қалыпты жағдайда өтетін H2SO4 + 3H2S = 4S + 4H2O реакцияның энтропия өзгеруін анықта.

(G) 5-ші тапсырма. Тапсырмаларды жұпта шешіңдер. Жұпта талқылаған соң жауаптарды көрші жұптармен салыстырыңдар.

Қай мәлімдемелер дұрыс және жалған болып табылатындығын анықтаңдар.

  • Газға 200 Дж жылу берілді және газбен 700 Дж жұмыс атқарылды. Газдың ішкі энергиясы 500 Дж артты.
  • Газ 1300 Дж жылу мөлшерін алды, оның ішкі энергиясы 600 Дж өзгерді. Осы кезде газ 700 Дж жұмыс атқарды.
  • Газбен сыртқы күштер 500 Дж жұмыс жасады осы кезде газ қоршаған ортаға 300 Дж жылу шығарды. Ішкі энергия 0,2 кДж артты.
  • Жылу алмасу процессінде газға 600 Дж жылу берілді, ұлғайып газ 0,05 кДж жұмыс жасады. Ішкі энергиясы 550 Дж артты.
  • Адиабаталық ұлғаюда газдың ішкі энергиясы 0,8 МДж кеміді, сондықтан ол 800 кДж жұмыс жасады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу