Дөнгелек процесстер. Карно циклы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ23-24

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.1С бөлімі – Жылу физикасы -Термодинамика

Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қ.

Күні: _______________________

Мұғалімнің аты: Исалин Ж.К., Rory Ian Bualan

Сынып: 10 ____

Қатысқандардың саны: ______

Қатыспағандардың саны: ____

Сабақ тақырыбы:

Дөнгелек процесстер. Карно циклы.

Сабақтың оқу мақсаттары

10.3.3.3 - идеал жылу машина үшін Карно циклын сипаттау;

10.3.3.4 - есептерді шешу кезінде жылу машинасының ПӘК-ін формуласын қолдану.

Сабақ мақсаттары

- жылу машинасының негізгі бөліктерін айту;

- жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттау;

- идеал жылу машина үшін Карно циклын сипаттау;

- ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- жылу машинасының негізгі бөліктерін атай алады;

- жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттай алады;

- идеал жылу машина үшін Карно циклын сипаттайды;

- ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өз ойларын дамыта отырып, туралы не білетінін ауызша және жазбаша талқылай алады.

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Русский язык

Казахский язык

Английский язык

Объем

Көлем

volume

Давление

Қысым

pressure

Температура

Температура

temperature

Идеальный газ

Идеалды газ

An ideal gas

Изобарный процесс

Изобаралық процесс

Isobaric process

Изохорный процесс

Изохоралық процесс

Isochoric process

Изотермический процесс

Изотермалық процесс

Isothermal process

Количество теплоты

Жылу мөлшері

The amount of heat

Работа

Жұмыс

Work

Внутренняя энергия

Ішкі энергия

Internal Energy

Адиабатный процесс

Адиабаталық процесс

Adiabatic process

Тепло переданное системе

Жүйеге берілген жылу

Heat added to the system

Работа выполненная системой

Жүйемен жасалған жұмыс

Work done on the system

Термодинамика, энергияның сақталу заңы, изопроцестер, ішкі энергия, ішкі энергияның өзгеруі

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

жылу машиналары деп ...

Қозғалтқыштың ПӘК-ін есептеу үшін

ЖҚ және экологиялық проблема туралы сөз қозғасақ ...

Құндылықтарты дарыту

Адамгершілік

Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау

Тақырыптың шешуші сәттерін жұптық және топтық талқылау кезіндегі құндылықтарды дарыту

Өткен сабақ материалдары

Термодинамика бірінші заңы үшін изопроцестер, ішкі энергия, ішкі энергияның өзгеруі, адиабаталық процесс

Басты дағдылар

Проблеммалық жағдай жасау арқылы сыни тұрғыдан ойлау

Пәнаралық байланыстар

Математика, экономика, химия

ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы

15мин

 

 Адамзат өзінің іс-тәжірибелік практикасында әртүрлі машиналарды қолданады.

 

 Оқушыларға 1-тапсырма бойынша презентация көрсетіледі.

 (I/G) 1-ші тапсырма

 Техникалық құрылымы мен мазмұнын сәйкестендіру

 

 Оқушылар жұмыстарын алғашында жеке, сосын жұппен және сынып болып тексереді. Тексеріс кезінде оқушылардан сыныптық жұмыстың мазмұнын қалай құрғанын және суретін қалай сызғанын ұдайы нақтылап отыру керек.

 

 Сабақтың тақырыбы: Дөнгелек процесстер. Карно циклы.

 Оқу мақсаттары:

  • жылу машинасының негізгі бөліктерін атай алады;
  • жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттай алады;
  • идеал жылу машина үшін Карно циклын сипаттайды;
  • ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Презентация

Ортасы

20 мин

 Мұғалім бу машинасының жұмыс істеу принципінде мысалысында энергияның берілуін талдауды ұсынады. Энергия ағынының схемасын құрастыруды ұсынады, энергия отыннан алынады ал пайдалы қуат және жылу шығын болады. Оқушылар Сэнки диаграмасымен қозғалтқыштардың жұмысістеу принципін түсіндіреді

 

 Жылу машинасы – жылуды жұмысқа айналдыратын құрылғы, (жылу қозғалтқыш) және керісінше жұмысты жылуға айналдыратын құрылғы (суытқыш). Жылу машинасының негізінде жұмыс денесінің (газ, су буы т.б. ). термодинамикалық цикл болып табылады.

 

 Жылу машинасының жұмыс істеу принципін қарастырамыз:

 1. Термодинамикалық циклдерді қарастырамыз: Қайтымды және қайтымсыз циклдер

 2. Екі изотермадан және екі изохорадан тұратын циклдің сараптамасы. Пайдалы жұмысты фигураның ауданы ретінде түсіндіру

Жұмыс істеу принципі

 Жылу машинасы үшін жұмыс денесі жылу машинасына келген және одан кеткен жылу мөлшерлерінің айырмасына тең жұмыс жасайды. Жылу машинасысының тиімділігі пайдалы әсер коэффициентімен анықталады.

 Пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) – жүйенің (механизмнің) энергияны түрлендіру немесе басқа денеге беру тиімділігін сипаттайтын шама.

 ПӘК-ті есептейтін формуланы шығарамыз

 (T) Мұғалім жылу қозғалтқышының ПӘК-інің () формуласын жазғызады және деңгейлік есептерді шығаруға ұсынады.

 Жылу қозғалқышының ПӘК-ті анықтау үшін формуласын есептеп шығарамыз:

 

 

 Оқушылар жылу қозғалтқыштардың түрлерімен таныстрылады: іштен жану қозғалтқышы, жылу электростанциясы, бу қозғалтқышы және т.б. осы қозғалтқыштарының практикалық эффективтілігін талдауды ұсыныңыз және олардығы энергия шығынының себебін талдатыңыз.

 

 (G) 2-ші тапсырма. Келесі сұрақтарды жұптарда талқылаңдар

  • Суреттердегі жылу қозғалтқыштардың: іштен жану қозғалтқышы, жылу электростанциясы, бу қозғалтқышы және т.б. қозғалтқыштарының практикалық эффективтілігін және олардығы энергия шығынының себебін талдаңдар.
  • Жылу қозғалтқыштардың пайдалы және зиянды салдарын атап кетіңдар.
  • Мәселенің шешулерін ұсыныңдар.

 

 

 Оқушылар әртүрлі себсебтерін атауы мүмкін, бірақ мұғалім жылу қозғалтқышының ПӘК-нің іргелі термодинамикалық шектеуіне әкелуі тиіс.

(T) Мұғалім ПӘК-тің іргелі шектеуін келесі түрде береді:

«Жылу энергиясынан 100% -ын және 100% -дан астам пайдалы жұмыс жасайтын жылу қозғалтқышын жасау мүмкін емес»

 Сади Карно идеалды циклын қарастыру

 (G) 3 тапсырма. Видеороликті байқаңдар: https://www.youtube.com/watch?v=GTPKShjBqmg

  • Видеороликте көрсетілген цикл қалай аталады?
  • Цикл қандай процесстерден тұрады?
  • Осы циклмен жұмыс істейтін қозғалтқышты неліктен идеалдеп атайды?
  • Осы қозғалтқышты ПӘК-і неге тең?

 

 Сади Карно идеалды циклын слайдта қарастыру

 

 Карно циклі барлық дөңгелек процестердің ішінде ерекше орын алады. Ол бір қыздырғыш пен бір салқындатқыш арқылы арқылы қайтымды түрде орындалатын бірден-бір цикл. Карно циклі екі изотерма және екі адиабатадан тұрады.

 Карно теоремасы:

 - қайтымды Карно циклінің ПӘК-і жұмыстық дененің табиғатына және осы циклді жасайтын жүйенің құрылғысына тәуелсіз, ол тек қыздырғыш пен салқындатқыштың температуралары арқылы анықталады;

 - қайтымсыз машиналардың ПӘК-і (қайтымсыз цикл бойынша жұмыс істейтін) қайтымды машиналардың ПӘК-не қарағанда кіші.

 (I) 3-ші тапсырма.

 Есептерді шығар және әрқайсысына Сенки диаграммасын құрастыр.

А деңгей

 Есептерді шығар және әр есепке Сенки диаграммасын сызып құрастыр:

 

1. Жылу машинасы әр цикл сайын қыздырғыштан 100 Дж алып , тоңазытқышқа 60 Дж берсе, оның ПӘК-і тең…

  • 67 %
  • 60 %
  • 40 %
  • 25 %
  • 15 %

 

2. Жылу машинасының ПӘК-і 30%. Жұмыс денесі қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Жұмыс денесінің атқарған жұмывы неге тең?

  • 150 000 Дж
  • 1 500 Дж
  • 150 Дж
  • ≈ 67 Дж
  • 0,15 Дж

3. Қыздырғышының температурасы 327 0С және тоңазытқышының температурасы 127 0С. Жылу машинасының ПӘК-і қанша?

  • 100 %
  • 61 %
  • 33 %
  • 50 %
  • 40 %

4. Қыздырғышының температурасы 427 0С және тоңазытқышының температурасы 27 0С. Жылу машинасының ПӘК-і қанша?

  • 70 %
  • 43 %
  • 94 %
  • 6 %
  • 57 %

 В-деңгей

  • Қыздырғышының температурасы 117 0С және тоңазытқышының температурасы 27 0С.Жылу машинасының қыздырғыштан 1 с алатын жылу мөлшері 60 кДж болса, жылу машинасының 1 с ішінде тоңазытқышқа берген жылу мөлшерін, жылу машинасының ПӘК-ін есепте және Сенки диаграммасын сызып құрастыр.
  • Қыздырғышының температурасы 227 0С. Жылу машинасының қыздырғыштан алатын жылу мөлшерінің әрбір килоджоулінен қозғалтқыш 350 Дж жұмыс жасағандағы жылу машинасының ПӘК-ін және тоңазытқыштың температурасын есепте.
  • Идеал жылу қозғалқышындағы қыздырғыштың абсолюттік температурасы тоңазытқыштың температурасынан 3 есе жоғары. Қозғалтқыштың ПӘК-ін анықта.

Презентация

Бағыттауыш карта

https://www.youtube.com/watch?v=GTPKShjBqmg

Бағыттауыш карта

Соңы

5-минут

Мақсаттар бойынша сабақты қорытындылау

Рефлексия.

Мен білгенмін - 3 сөйлем

Мен білдім - 3 сөйлем

Бағалау

Саралау

  • Сабақ барысында есептер шығару бойынша
  • Барлық оқушылар :
  • берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
  • Оқушылардың көбі:
  • мағынасын және формула бойынша анықтай білу;
  • шама екендігін білу, және қолдану

Кейбір оқушылар:

қызмет түрлерінің ауысуы, қажетті мәліметтер жинау барысында

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу