Изопроцесс циклдеріне графикалық есептер шығару. Зертханалық жұмыс №3 «Изопроцесті зерттеу». Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс №3 «Изопроцесті зерттеу»
Жұмыс мақсаты: тұрақты көлемде газ қысымының температураға тәулділігін анықтау, P/T=const теңдігінің дұрыстығын тексеру.
Виртуалды қоңдырғыны дайындау:
Келесі сілтеме бойынша өтіңіздер https://phet.colorado.edu/sims/html/gas-properties/latest/gas-properties_en.html және физикалық шамалардың бастапқы мәндерін орнатыңыздар:
- Ыдысқа ауыр газ бөлшектерін жіберіңіздер. Оны насос көмегімен (сур.1) немесе ауыстырғыш көмегімен (сур.2) орындауға болады. Бөлшектер саны 200 болу керек.
- 3 суретте көрсетілгендей volume батырмасын таңдап алып, газ қысымын тұрақты етіп орнатыңыздар.
сур.1 сур.2 сур.3
Жұмыс барысы:
- Дәптерлеріне 1 кестені сызып алып, оған Т1 температураның және Р1 қысымның мәнін жазыңыздар (экспериментті 30-40 секунд бойы бақылап, қысымның ең үлкен мәнін жазыңыздар)
Кесте 1.
Бөлшектер саны | Т1, К | Р1, кПа | Т2, К | Р2, кПа | Т3, К | Р3, кПа | , кПа/К | , кПа/К | , кПа/К |
200 |
- Ауыстырғыш көмегімен температураның мәнін арттырыңыз (сур.4)
сур.4
- Кестеге Т2 температураның және Р2 қысымның мәнін жазып алыңыздар.
- 3-4 пункттерді тағы бір рет орындаңыздар.
- Келесі қатынастардың мәндерін есептер, кестеге енгізіңіздер:
- Р (кПа) қысымның Т (К) температураға тәуелділік графигін тұрғызыңыздар.
- Қажетті масштабты тандаңыздар.
Жұмысты талдау:
- Графиктің қандай түрін алдыңыздар? График изохоралық процеске сәйкес келеді ме, неліктен?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- теңдігінің дұрыстығына көз жеткіздіңіздер ме? Жоқ болса, не себепті?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- Жұмысты талдап, осы (виртуалды) экспериментті жақсартудың бір жолын ұсыныңыздар
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- Қорытынды жасаңыздар.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру