Изопроцесс циклдеріне графикалық есептер шығару. Зертханалық жұмыс №3 «Изопроцесті зерттеу». Физика, 10 сынып, қосымша материал.


Оқушының аты-жөні:_____________________________________сыныбы:___________ күні: ___________

Формативті бағалау

«Молекулалық физика» бөлімі

Оқу мақсаты

10.3.1.1 - молекула-кинетикалық теория негізінде қатты дененің, сұйықтық пен газдың үлгісін сипаттау;

10.3.1.2 - металл, полимер және аморфты денелер мысалында кристалдық және кристалдық емес қатты заттардың құрылымын айыра білу;

10.3.1.3 - температураның абсолют нөлінің физикалық мағынасын түсіндіру;

10.3.1.4 - Кельвин шкаласымен алынған температураны Цельсий шкаласына түрлендіру және керісінше

10.3.1.13 - изопроцестер графиктерін салу және талдау.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Идеал газ күйінің теңдеуін біледі және макроскопиялық параметр арасындағы байланысты түсінеді;
  • Идеал газ күйінің теңдеуін есептер шығаруда қолданады;
  • Бойль – Мариотт, Гей – Люссак, Шарль заңдарын біледі;
  • Есеп шығаруда Бойль – Мариотт, Гей – Люссак, Шарль заңдарын қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну

Ұзақтығы

  • инут

Тапсырма 1.

Идеал газдағы изопроцесс циклі (суретті қараңыз) берілген. координаталарында көрсетілген. Осы циклдің графигін P(V) және P(Т) координаталар осьтерінде салыныз.

Дескрипторы: - p-T координаталық жазықтығын салады

- p-V координаталық жазықтығын салады

- Изобараны p-T және р-V координаталарында салады

- Изотерманы p-T және р-V координаталарында салады

- Изохораны p-T және р-V координаталарында салады

Тапсырма 2.

  • 12°С температурада көлемі 200 л баллонда 100 кПа қысымда гелий орналасқан. Гелийдің массасын анықтаныз.
  • Изохоралық суыну кезінде газ қысымы 4 есе кемиді. Егер оның соңғы температурасы 32°С болса, газдың бастапқы температурасын анықтаныз.
  • Изобаралық суыну кезінде газ көлемі 5 есе кемиді. Газдың соңғы температурасын анықтаныз, егер оның бастапқы температурасы 213°С болса. Газ массасын тұрақты деп есептеңіз.

Дескрипторы: - берілгенін жазады

 - физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;

- идеал газ күінің теңдеуін, Бойль – Мариотт, Гей – Люссак, Шарль заңдарын қолданады;

 - түрлендірулер жүргізеді;

 - жауабын көрсетеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу