Теомодинамикалық параметрлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері. Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
| ||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 10.1B Молекулалық физика | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Теомодинамикалық параметрлер. Температура және оны өлшеу тәсілдері. Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі | ||||||||||||||||||||||||
Сабақта іске асатын оқу мақсаты | 10.3.1.7 молекулалық қозғалыстың газ қысымна әсерін түсіндіру, келесі формуланы қорытып шығару: ; 10.3.1.9 - молекула қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының температураға тура пропорционал екендігі туралы қорытынды жасау; | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушы
| ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қыздыру... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады. Бөлшектер...қозғалады. Қатты және сұйық заттар арасындағы айырмашылықтар.... Сұйықтар және газдар арасындағы айырмашылықтар... | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Жұппен жұмыс жасау барысында бір біріне қолдау керсете білу. | ||||||||||||||||||||||||
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу | Табиғатқа деген ұқыптылық, термометрді қарастырған кезде сынап буы қоршаған ортаны ластайтынын білу | ||||||||||||||||||||||||
Өмірмен байланыс | Денелердің температурасы, сұйықтың температурасы әртүрлі термометрлер арқылы өлшенеді. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Химия: заттың агрегаттық күйлері | ||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | 7-8 сынып: молекулалар қозғалысының температураға тәуелділігі; 9 сынып: Ньютон заңдары, импульстің сақталу заңы 10 сынып: Қатты, сұйық және газдардың құрылымы, броундық қозғалыс, МКТ негізгі қағидалары. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
сабақтың басы 1-7 мин Сабақтың ортасы 8-27 мин 28-37 мин | Оқушылармен амандасу. Оқу мақсаты мен критерийлерін айқындау. Жұппен жұмыс (дәптерлерде орындау):
молекула жылдамдығы, температура, молекула массасы, қысым, дененің көлемі, дененің массасы, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, концентрация, дененің ішкі энергиясы. Дескриптор:
Дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскоптық дене күйiн сипаттайтын шамаларды макроскоптық параметрлер деп атайды. Бұндай шамалар қатарына көлем V, қысым P, температура T және басқалар. Көлем мен қысым механикалық сипатталатын шамалар. Температура дененiң қызу дәрежесiн бередi, оның iшкi энергетикалық күйiн анықтайды. Жүйенiң жылулық тепе-теңдiгi деп оның барлық макроскоптық параметрлерi қай уақытта да ұзақ өзгерiссiз қалуын айтады. «Идеал газ» ұғымы Идеал газ – дегеніміз молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек оларды бір бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ болып табылады. Есептеулерді жеңілдету үшін МКТ нақты газдарды қарапайым физикалы моделі – идеал газ моделі енгізілді МКТ-ның негізгі міндеті:
МКТ-ның негізгі теңдеуінің қорытындысы газ қысымының молекулалардың ыдыс қабырғасына соқтығысуы нәтижесінде пайда болатынын көрсетеді. МКТ-ның негізгі теңдеуін қорытып шығару Бұл формула – молекулалы-кинетикалық теорияның сандық қатынасын көрсететін алғашқы теңдеуі. Осы формуладан шығатын басқа да формулаларды беру:
Температураның абсолют нөлі - берілген көлемде идеал газдың қысымы нольге айналатын немесе тұрақты қысымда идеал газдың көлемі нольге дейін ұмтылатын шектік температура. Есептер шығару: Дескрипторы:
| Презентация | |||||||||||||||||||||||
сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия «екі жұлдыз, бір тілек» | ||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы | «Температураны өлшеу құралы ретінде термопара және термометрлерді пайдалану артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбына мәлімет дайындау (тақырыптың түйінін ашу). | ||||||||||||||||||||||||
Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау | Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады | ||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ | |||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру