Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 10.1B Молекулалық физика

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 23.09.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Е.Е.

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

  • Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын білу;
  • Молекулалық қозғалыстың газ қысымына әсерін түсіндіру, келесі формуланы шығару: (осы кезеңде бағаламау ұсынылған);
  • және формулаларын салыстыру және молекула қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының температураға тура пропорционал екендігі туралы қорытынды жасау

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар: Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын біледі;

Оқушылардың көбісі: және формулаларын салыстырып, молекула қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының температураға тура пропорционал екендігін біледі;

Кейбір оқушылар: Газ қысымы теңдеуін p= F/A қысым теңдеуінің көмегімен қорытындысын алуын түсінеді;

 Бағалау

 критерийі

Қысымды анықтау үшін рV=1/3(Nm0<V>2) және pV=NkT формулаларын біледі

Молекуланың қозғалыс энергиясын қолданып, есептер шығарды

Молекула қозғалысының энергиясы температураға тәуелділігі туралы қорытынды шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: молекула кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін жазады, қолданып есептер шығара алады;

Пәндік лексика мен терминология:

Молекула кинетикалық теория-молекула-кинетическая теория- molecule kinetic theories to

Зат концентрациясы-концентрация вещества- the concentration of substances

Молекуланың қозғалыс энергиясы-энергия движения молекулы- the energy of motion molekuly

Қысым-давление- pressure

Импульс –импульс – momentum

Диалог құру және жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестер:

Қыздыру ... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілеті. Топта жұмыс істей білуге, сондай-ақ рольдік ойындарды жүргізе білуге көмектесетін дағдыларды дамыту. Сынды құрметпен және байсалды қабылдай отырып, басқалардың жұмысын сынай білу қабілетін дамыту

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика пәнімен есептерді шығару және есептеу кезінде; химия пәнімен газдардың құрамын анықтауда және оны есептер шығаруда қолдануда; информатика пәнімен ақпараттық техникаларды ақпарат жинауға қолдануда; сызу пәнімен молекулалардың еркін жолын және қозғалыс траекториясын салу және жылдамдықтардың бағытын ескеру кезіндегі; қазақ, ағылшын және орыс тілдерін негізгі терминдерді қолдану және оларды академиялық тілде сабақты меңгеру үшін қолдану кезінде.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз: оқушылар әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің өздеріне қажеттісін саралай алады;

Алдыңғы білім

8 -сынып: қатты денелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымы; броундық қозғалыс ; газқысымы; p= F/A; жылу энергиясын беру; ыстықтан суыққа берілетін жылу ағыны; жылулық тепе-теңдік; қарапайым молекулалы-кинетикалық модель.

9 -сынып: Ньютон механикасының заңдары және қозғалыс заңын сақтау.

Жоспар

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы 0 – 2

2 – 5

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Негізгі бөлім.

(W) Сыныппен жұмыс. Оқушылардан

Физика кабинетіндегі ауа молеклаларының қозғалысын сипаттауын сұраңыз.

Жүргізілген жұмыстардың негізгі идеясын суреттеңіз.

Болжамдардың қарапайым тізімін беріңіз:

Газдар ұсақ бөлшектердің ірі санынан тұрады.

Бөлшектер хаостық шапшаң қозғалыста болады.

Бөлшектер арасында қандай да болмасын қатты әрекет ететін күштер жоқ.

Бөлшектер көлемі контейнердің көлемімен салыстырғанда аз еленеді.

Барлық соқтығыстар серпімді болып келеді.

Сабақтың ортасы

(T / D) Сыныппен жұмыс.

і. Видеокөрініс. Қысым теңдеуінің қорытындысы.

іі. Оқушыларға контейнер қабырғасымен тұрақты соқтығысатын бөлшектердің жолын еске түсіру үшін, молекулалы-кинетикалық теория моделі мен анимациясын пайдаланыңыз.

ііі. Бөлшектер осы соқтығыстарда өз импульстерін өзгертеді, сондықтан да қабырғалар бөлшектерге ішкі күштер түсіреді, ал бөлшектер тарапынан қабырғаларға сыртқы күштер түседі.

іv. Аудан бірлігіне күштің қатынасы газдың қысымы болып табылады. Оқушыларға қорытындысын демонстрация арқылы түсіндіріңіз.

v. (T) Мұғалім мәліметі.

½ mo<v2> = 3/2 N/nRTкөрсету үшін екі теңдеудегі оң жақтарын теңестіріңіз, мұндағы N – мольдер саны және n –молекулалар саны.

(W) Сыныппен жұмыс

Сыныпты оқушы заттары бойынша 2 топқа бөлу

(G) Топтық жұмыс

1-топ: № 25-15

1-топ: № 25-16 тапсырмалар жазылған жұмыс парақтары беріледі.

(W) Сыныппен жұмыс

І. Топтық жұмысты өзара тексеру

Жауабымен тексеру, қатемен жұмыс

Кері байланыс

ІІ. Екі топтың әрбір мүшесін жұптастыру арқылы жұпқа бөлу

(P) Жұптық жұмыс. Есептер шығару.

1-жұп: № 40

2-жұп: № 41, 42

3-жұп: № 44

4-жұп: № 45

5-жұп: № 46

(W) Сыныппен жұмыс

Жұптық жұмысты өзара тексеру

Сыныппен талдау

Қатемен жұмыс

Кері байланыс

(If) Жеке жұмыс. Кім жылдам? Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясы негізгі теңдеуінің түрі қандай?

А. RT

B.

C. N=

2. Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясы негізгі теңдеуі екі шаманың арасындағы қандай байланысты орнатады?

А. ..... қысым мен жүйенің микропараметрлері.

В. ..... молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы мен газдың температурасы.

С. .... қысым, көлем және газдың температурасы.

3. Концентрациясы өзгермеген жағдайда идеал газдың молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 2 есе азайды. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

А. Газдың қысымы 4есе азайды.

В. Газдың қысымы 2 есе азайды.

С. Газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясы 2 есе азайды.

4. Идеал газдың абсолют температурасы 3 есе артты, ал молекулалардың концентрациясы өзгеріссіз қалды. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

А. Молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артты.

В. Газдың қысымы өзгермейді.

С. Газдың қысымы 3 есе артты.

5. Концентрациясы өзгермеген жағдайда идеал газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясы 4 есе артты. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

А. Газдың қысымы 2 еседен де көп артты.

В. Газдың температурасы 4 есе артты.

С. Молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 4 есе артты.

6. Идеал газ ауа өткізбейтін, қатты контейнерде орналасқан. Газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы ең көп байланысты

а. контейнер өлшемі

b. контейнердегі молекулалардың саны

с. газдың температурасы

d.молекулалардың массасы.

7. Идеал газдың молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы

а. молекулалардың ең ықтимал жылдамдығы

b. әрқашан молекулалық жылдамдықтан 2 есе көп

c. газдың температурасын арттыру арқылы өседі

d.Жоғарыда аталғандардың барлығы.

(W) Сыныппен жұмыс

Жеке жұмысты өзара тексеру

Қатемен жұмыс

Жауабы:1-В, 2-А, 3-А, 4-С, 5-В, 6-С, 7- С

Қысым теңдеуінің қорытындысы:

http://www.youtube.com/watch?v=8jelON52wMw&feature=related

Қысым мен көлем арасындағы байланысты көрнекілейтін қарапайым (Бойль заңы):

http://www.youtube.com/watch?v=sXhrVv8jYG8

75-78

78-80

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан … үйрендім
  • Бүгінгі сабақта маған ұнады…
  • Маған қиындық келтірді…

Үйге тапсырма: §4.5 оқу.

8жаттығу № 12,13,14 есептерді шығару

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Бұл барлық оқушыларға қол жетімді кіріспе және зерттеу белсенділігі.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы арқылы, сыныппен жұмыс кезіндегі оқушының белсенділігі, қойылған сұраққа дұрыс әрі нақты жауап бере алуы.

Осы сабақ кезіндегі қызмет оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді, мысалы әйнекті сындыру кезінде. Бұл оқушылар үшін қатерді мұқият бағалау мен нақты нұсқауды талап етеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу