Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: 10.1B Молекулалық физика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.3.1.7 – газ қысымының пайда болуын сапалы түрде түсіндіру және формуланы қорытып шығару:

 Сабақтың

 мақсаты

- Газ қысымының пайда болу себебін анықтау;

- Газ қысымының формуласын қорытып шығару;

 Бағалау

 критерийі

  • Газ қысымының пайда болу себебін түсіндіре алады;
  • Газ қысымы теңдеуінің қорытып шығарылуын түсінеді;
  • теңдеуі макро параметр мен микропараметрлер арасындағы байланыс формуласы екенін түсінеді;
  • Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдана алады;
  • Орташа кинетикалық энергия термодинамикалық температураға тәуелділігін біледі және есептер шығаруда қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: молекула кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін жазады, қолданып есептер шығара алады;

Пәндік лексика мен терминология:

Молекула кинетикалық теория-молекула-кинетическая теория- molecule kinetic theories to

Зат концентрациясы-концентрация вещества- the concentration of substances

Молекуланың қозғалыс энергиясы-энергия движения молекулы- the energy of motion molekuly

Қысым-давление- pressure

Импульс –импульс – momentum

Диалог құру және жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестер:

Бөлшектердің жылдамдықтары артса ........... да артады

Бөлшектер ыдыстың ........ соғылады және ........ тудырады.

Құндылықтарды дарыту

Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау;

Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау;

Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; Мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Есептер шығаруда қолдануда математика пәніндегі амалдар қолдану және белгісіз шаманы табу тақырыбымен байланысты.

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақты түіндіру барысында презентация қолданылады және оқушылар интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланады.

Бастапқы білім

p= F/S формуласы, Ньютон заңдары, дененің импульсі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы 3 мин

2 мин

1 мин

Ұйымдастыру, түгелдеу. Үй жұмысын тексеру.

Тапсырма. Оқушылардан өздері отырған бөлменің ауа молекулаларының қозғалысын сипаттауды сұрау.

Негізгі идеясын суреттеу.

Болжамдардың тізімін беріңіз:

  • Газдар өте көп ұсақ бөлшектердің санынан тұрады;
  • Бөлшектер хаостық қозғалыста болады;
  • Бөлшектер арасында қандай да болмасын қатты әрекет ететін күштер жоқ;
  • Бөлшектер бөлме іргелерімен соқтығысады;
  • Барлық соқтығыстар серпімді болып келеді.

Сабақтын тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

5 мин

10 мин

Сыныппен жұмыс.

Видеобейне. МКТ-ның негізгі теңдеуінің қорытындысы.

Оқушылар берілген видеоны көріп болған соң, талқылау.

Бөлшектер ыдыстың қабырғасымен соқтығысқанда қабырға тарапынан бөлшектерге күш түсіріледі және Ньютонның екінші заңы бойынша бөлшектер тарапынан қабырғаларға күш түседі.

Аудан бірлігіне күштің қатынасы газдың қысымы болып табылады. Оқушыларға қорытындысын демонстрация арқылы түсіндіру. Сонымен контейнер қабырғасымен соқтығысатын бөлшектер қысым тудыратынын айтып кету.

Мұғалімнің түсіндірмесі. Теориялық ақпарат ұсынылады bilimland.kz сайты қолданылады.

Теориямен танысқан соң, жауап беруге тапсырма беріледі.

Жеке жұмыс. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясы негізгі теңдеуінің түрі қандай?

А. RT

B.

C. N=

2. Идеал газдың молекула-кинетикалық теориясы негізгі теңдеуі екі шаманың арасындағы қандай байланысты орнатады?

А. ..... қысым мен жүйенің микропараметрлері.

В. ..... молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы мен газдың температурасы.

С. .... қысым, көлем және газдың температурасы.

3. Концентрациясы өзгермеген жағдайда идеал газдың молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 2 есе азайды. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

А. Газдың қысымы 4есе азайды.

В. Газдың қысымы 2 есе азайды.

С. Газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясы 2 есе азайды.

4. Идеал газдың абсолют температурасы 3 есе артты, ал молекулалардың концентрациясы өзгеріссіз қалды. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

А. Молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артты.

В. Газдың қысымы өзгермейді.

С. Газдың қысымы 3 есе артты.

5. Концентрациясы өзгермеген жағдайда идеал газдың молекуласының орташа кинетикалық энергиясы 4 есе артты. Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

А. Газдың қысымы 2 еседен де көп артты.

В. Газдың температурасы 4 есе артты.

С. Молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы 4 есе артты.

6. Идеал газ ауа өткізбейтін, қатты контейнерде орналасқан. Газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы ең көп байланысты

а. контейнер өлшемі

b. контейнердегі молекулалардың саны

с. газдың температурасы

d.молекулалардың массасы.

7. Идеал газдың молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы

а. молекулалардың ең ықтимал жылдамдығы

b. әрқашан молекулалық жылдамдықтан 2 есе көп

c. газдың температурасын арттыру арқылы өседі

d.Жоғарыда аталғандардың барлығы.

 Дискрипторлар:

  • Қысым қандай микропараметрлерге тәуелді екенін біледі;
  • Жүйенің микропараметрлері өзгерсе қысым қалай өзгеретінін анықтайды.

Өзін-өзі тексеру

Жеке жұмысты тексеру.

Оқушылардың жауаптары бойынша кері байланыс беру.

Жауабы:1-В, 2-А, 3-А, 4-С, 5- В, 6- С, 7- С.

Есептер шығару: Тимс бағдарламасындағы Задание вкладкасына есептерді жүктеу:

а) 1 моль гелий газының массасы 3*10-3 кг, көлемі 0,5*10-3 м3, орташа квадраттық жылдамдығы 500м/с.

  •  Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын табыңыз.

 

 p=

  •  Газдың температурасын есептеңіз.

 T=

 

  •  Газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясын табыңыз.

 

  •  Газ молекулаларының концентрациясын есептеңіз.

 n=

 

b) Бөлменің температурасы 20 0С, қысымы 90 кПа, ал еденінің ауданы 15 м2. Бөлменің биіктігі 280 см.

  • Бөлменің көлемін табыңыз.

V=__________________________

  • Ауа молекулаларының орташа кинетикалық энергиясын табыңыз.

__________________________

  • Ауа молекулаларының концентрациясын есептеңіз.

n=_____________________________

іv. Ауа молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын табыңыз.

_________________________

 Дискрипторлар:

 -Газ молекулаларының концентрациясының формуласын біледі және есептер шығаруда қолданады;

 - Мкт-ның негізігі теңдеуінің формуласын біледі;

 - Мкт-ның негізігі теңдеуінің формуласын қолданып есептер шығарады;

 - Орташа кинетикалық энергия термодинамикалық температураға тәуелділігін білу және есептер шығаруда қолдану.

Қысым теңдеуінің қорытындысы:

http://www.youtube.com/watch?v=8jelON52wMw&feature=related

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/molekulalyq-kinetikalyq-teoriya-negizi/lesson/molekulalyq-kinetikalyq-teoriyanyng-negizgi-tengdigi

1-қосымшаны тимс тобына салу

2-қосымшаны тимс тобына салу

awwapp.com -

invite батырмасы арқылы тақтада жасау

3 мин

2 мин

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан … үйрендім
  • Бүгінгі сабақта маған ұнады…
  • Маған қиындық келтірді…

Үйге тапсырма: §4.5 оқу.

8 жаттығу № 12,13,14 есептерді шығару

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Бұл барлық оқушыларға қол жетімді кіріспе және зерттеу белсенділігі.

Есепті шығару барысында , сыныппен жұмыс кезіндегі оқушының белсенділігі, қойылған сұраққа дұрыс әрі нақты жауап бере алуы.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу