Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Физика» ӘБ жетекшісі

Хамитова Л.Б. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гравитациялық өріс

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Хайруллин Б.С.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын модельдеу: Оқушылар Жер бетіне жақын жерлерде вертикаль үдеу тұрақты болатынын және ауаның кедергісіз горизонталь үдеу де тұрақты болатындығын білулері қажет.

 Сабақ мақсаттары

  • Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау.
  • Қозғалыстың тәуелсіздігін ажырата алу.
  • Уақыттың тәуелсіз шама екендігін сипаттау.
  • Тәжірибе жүзінде орын ауыстырудың орын анықтай алуы..

 Бағалау критерийлері

 

  • Қозғалыстың тәуелсіздігін біледі.
  • Бұрыш жасай лақтырылған дененің орнын табады.
  • Орын ауыстырудың бұрышқа тәуелділігін есептейді.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

жылдамдық

скорость

speed

бұрыш

угол

voltage

Уақыт

время

time

Орын ауыстыру

перемещение

displacement

энергия

энергия

energy

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ойын жүйелеп сыныптастарының алдында қорғай алу, жұппен жұмыс жасай білу, зерттеушілік қабілетін дамыту, өз жұмысының нәтижесін сараптай алу

 Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәні бойынша полюстер қарастырылады.

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақты түсіндіру барысында презентация қолданылады және оқушылар интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланады

Бастапқы білім

Дененің қозғалысын зерттеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Шаттық шеңбері «Жақсы тілек жанды жылытады»
  • Үй тапсырмасын фронтальді сұрақтар қою арқылы тексеру

1) Уақыттың тәуелсіздігін қалай түсінесіз ?

2) Дененің ох осіндегі орын ауыстыруын қалай өрнектейсіз?

3) V0x жылдамдығы уақыт өтуі бойынша қалай өзгереді?

4) Физикалық шамалардың инварианттығы дегенді қалай сипаттай аласыз ?

5) Дененің 10 градус және 80 градус бұрыш жасай лақтырылған кездегі орын ауыстыруын салыстырыныз.

Оқушылар сұраққа жауап берісімен оларға арнайы «жұлдызшалар» беріледі.

Сабақтың ортасы

20 мин

5 мин

Зертханалық жұмыс: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу.

Оқушылар қасындағы жұбымен бірге тақырыпты талқылап, орындауға әзірленеді.

Жұппен жұмыс

Зертханалық жұмыс

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу

Жұмыстыӊ мақсаты: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу және сипаттау.

Құрал- жабдықтар: ОПП “Виртуальды лаборатория”.

Жұмыс барысы:

1) Бағдарламаны іске қосыныздар.

2) Бастапқы жылдамдық пен лақтыру бұрышын енгізініздер.

3) Тәжірибені бірнеше рет қайталаныздар.

4) Алынған мәндерді кестеге толтырыңыздар.

5) Қортынды жасап оларды сипаттаныз.

6) Зертхана жасау барысындағы қиыншылықтарға тоқталыныз.

7) Оларды шешу жолдарына сипаттама берініз.

Зертхана аяқталысымен қысқаша мәліметтерді келтіріп сабақты қорытындылаймыз.

1) Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы еркін түсу бола ма? Неліктен?

2 ) Бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын оқып-үйренгенде біз қандай принципті пайдаланамыз? Осы принциптің мазмұны қандай?

3) Осы қозғалыстың ауырлық күшімен әсері?

Таратпа кағаздар

Сабақтың соңы

5мин

Үйге тапсырма: қайталау.Есептер жинагы 9 сынып

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-Білемін

-Білдім

-Білгім келеді

Қорытынды бағаны оқушылардың сабақ барысындағы қабілеттілігіне, іс-әрекеттеріне, белсенділігіне, сонымен қатар қалыптастырушы бағалау тапсырмасына, жұпта орындаған жұмысы нәтижелеріне байланысты мұғалім бағалайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Сынып жалпы бұл сабақта қозғалыстың тәуелсіздігін түсініп, арнайы шамаларды анықтауы керек. A деңгейіндегі тапсырмаларды орындай алады.

Көпшілік оқушылар: В деңгейлік тапсырмаларды орындауды білулері керек.

Кейбір оқушылар: Күрделі есептерді шығара алады. Және осы тақырыпта күрделі С деңгейлі тапсыраларды графикалық тәсілдермен шеше білуі керек.

Сабақта оқушылардың қабілеттілігін арттыру мақсатында саралап оқыту әдісі алынды.

Белсенді оқытуда: Шаттық шеңбері, жұппен тапсырма орындау, АКТ, кері байланыс,т.б. қолданылды.

Оқушыларға тақырыпты ашатын мазмұнды сұрақтар қою арқылы олардың жалпы тақырыпты қалай меңгергендігін тексеріп, бағалау;

- тапсырмалар арқылы олардың білімдерін қалыптастырушы бағалау;

- Жұпта тапсырма орындата отырып бағалау.

Оқушылар арнайы бағдарламамен жұмыс жасайды. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

Жұмыс барысында абай болу. Жұппен жұмыс жасату барысында олардың арасында ұйымшылдық, бауырмалдық сезімдері пайда болады. Және тақырыпты терең түсіне алмаған оқушылар (ЖАДА) ықпалды оқушының көмегімен сұрақтарына жауап ала біледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу