Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылғын дененің қозғалысы. Тригонометриялық теңдеулер. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Физика» ӘБ жетекшісі

Кадыров К.К.________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу физика

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Көптілеуов Б

Сынып: 9

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылғын дененің қозғалысы. Тригонометриялық теңдеулер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылғын дененің қозғалысы білу және есептер шығаруда қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылғын дененің қозғалысы білу.
  • Әр түрлі бұрышпен лақтырылған дененің қозғалысының жылдамдығының құраушыларын, максимал биіктігі және максимал ұшу қашықтығын есептеулерде жүргізе алу.

 Бағалау критерийлері

  • Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің теориясын біледі және практика қолдана алады.
  • Максимал биіктігін, қашықтығын анықтау үшін есептеулер жүргізе алады.
  • Табу керек шамалардың тригонометриялық теңдеулерді пайдалана отырып анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

жылдамдық, жылдамдықтың х, у осіндегі құраушылары, биіктік, қашықтығы, бұрыш.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

...............бастапқы жылдамдығы және бұрышы берілсе .......................... таба аламыз.

Бастапқы жылдамдығының........... құраушыларын табамыз.

Оысндай бұрышпен лақтырылғын дененің...................... максимал ұшу қашықтығын анықтай аламыз.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру;
  • Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;
  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру
  • Математикалық сауаттылығын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Математика. Тригонометриялық теңдеулерді пайдалану.

 АКТ қолдану дағдылары

Phet.colorado.edu ,khaoot.it

Бастапқы білім

Кинематикалық теңдеулер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

7 мин

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу және түгелдігін тексеру. Оқушыларға сабақтың мақсаты және бағалау критерийлері көрсетіледі.

Проблемалық сұрақ: көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын қалай анықтауға болады?

Білу бөлімі (жеке тапсырма)

Білімдерін тексеру мақсатында https://kahoot.it/ қолданылады.

Сұрақтар:

  • Қандай бұрышта көкжиекке лақтырылған дене максимал қашықтықта жетеді
  • Дене көкжиекке бұрыш жасай V0=15 m/s лақтырылғанда максимал биіктікке көтерілгенде жылдамдығы?
  • Көкжиекке 450 бұрыш жасай лақтырылғанда Vо=15 m/s. жылдамдықтың горизонталь құраушысы?
  • Көкжиекке 450 бұрыш жасай лақтырылғанда V0=15 m/s. жылдамдықтың вертикаль құраушысы неге тең?

Phet.colorado.edu

https://create.kahoot.it/

details/eabceadd-35b8-419d-bef8-f12c0eaa836b

Бағалау парақшасы

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

7 мин

Білу бөлімінен 1-ші,2-ші және 3-ші орын иеленген оқушылар қолдану бөлімінде бірге топ құрайды. Келесі топ сәйкесінше 4-5-6 бір топ, 7-8 - 9 бір топ.

Қолдану бөлімі (зерттеушілік)

Phet.colorado.edu сайтынан оқушыларға теориялық бөлімін тексеру үшін тапсырма беріледі.

А тобының оқушыларына:

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің толық ұшу уақытын табыңыз?

Бағалау критерийлері:

  • Толық ұшу уақытында биіктігі 0-ге тең екенін білді.
  • Бастапқы жылдамдықтың проекциясын табады.
  • Биіктіктікті табу формуласын біледі.
  • Толық ұшу уақытын есептейді.

В тобының оқушыларына:

Максимал ұшу қашықтығын табыңыз?

Бағалау критерийлері:

  • Толық ұшу уақытында биіктігі 0-ге тең екенін білді.
  • Бастапқы жылдамдықтың х осіндегі проекциясын табады.
  • Толық ұшу уақытын табады.
  • Максимал ұшу қашықтығын формуласын есептеп шығарады.

С тобының оқушыларына:

Максимал ұшу биіктігін табыңыз:

Бағалау критерийлері:

  • Бастапқы жылдамдықтың у осіндегі проекциясын табады.
  • Дененің биіктікке көтерілу уақытын табады.
  • Максимал биіктікке көтерілу биіктігінінің формуласын қорытып шығарады.
  • Максимал биіктіктің мәнін дұрыс анықтайды.

Бағалау дескрипторы:

3 топтың жұмысын тексеру үшін phet.colorado.edu әдісі арқылы тексеріледі.

Phet.colorado.edu

Бағалау парақшасы

Бағалау парақшасы

Бағалау парақшасы

Phet.colorado.edu

Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы: параграф «Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы»

Бағалау бөлімі

Әрбір топ дұрыс жауап көрсеткішін 4 балл 100 %

3 балл 75% , 2 балл 50 % , 1 балл 25 % бағаланады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын теориясын біледі және практика қолдана алады.

Көпшілік оқушылар:

Толық ұшу уақытын, максимал қашықтығын және максимал ұшу биіктігін анықтау үшін есептеулер жүргізе алады.

Кей оқушылар:

Кез келген электронды – техникалық құрылғылардың электрлік қуаты мен жұмысын анықтай алады.

Өзін – өзі бағалау дескрипторы арқылы бағалануы

Кері байланысы арқылы оқушының нені түсінгендігін тексеру

Демонстрациялық эксперимент нәтижесі арқылы қорытынды жасай алуларын бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу