Өлшеу құралдары. Физикалық өлшеулердің қателігі. Физика, 10 сынып, қосымша материал 2.


Практикалық тапсырма

Жазық фигураның ауданын анықтау

Оқушыларға нұсқаулық

 ОМ: 10.1.1.4 - физикалық шаманың арифметикалық орташа мәнін (mean) тәжірибе арқылы анықтау.

 Жұмыстың мақсаты: тура және жанама өлшеу мәндерін қателіктерді ескере отырып жазуды үйрену

 Құрал-жабдықтары: сызғыш, жазық тіктөртбұрышты фигура (А4 форматындағы қағаз, фигура өлшемдері сызғыштың өлшеу шегінен аспауы тиіс).

Жұмыс барысы:

  • Жазық тіктөртбұрышты фигураның ұзындығы мен енін сызғыш арқылы өлшеп алып, кестені толтырыңыз (әр шама үшін минимум 3 өлшем):

Ұзындығы, а/см

Ені, b/см

1

29,70

21,00

2

29,69

20,95

3

29,70

21,00

Орташа мәні

29,70

21,00

 Тура өлшеулердің мәнін келесі түрде жазыңыз: А=Аорт ± ΔА, мұндағы А – өлшенген физикалық шама, Аорт – өлшенген шаманың орташа мәні, ΔА – өлшеудің абсолюттік қателігі (кестеден).

 a=(29,70±0,05) см

 b=(21,00±0,05) см

 Әр физикалық шама үшін өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтаңыз:

 εа = Δа / аорт=0,00168

 εb = Δb / bорт=0,00238

 Жазық тіктөртбұрышты фигураның ауданын клесі формула бойынша анықтаңыз:

 Sорт = aорт·bорт =623,7 см2

 Өлшеу нәтижелерін А=Аор ± ΔА түрде жазу үшін жанама өлшеудің абсолют қателігін анықтау қажет. Ол үшін келесі теңдеуді қолданыңыз:

 εS=ΔS/Sорт= Δа/аорт+ Δb/bорт

 ΔS= εS Sорт=( Δа/аорт+ Δb/bорт) Sорт=(0,00168+0,00238)·623,7 см2=2,53 см2

 Жанама өлшеу нәтижесін қателігін көрсете отырып жазыңыз:

 S= (623,7±2,53) см2

 εS=4,06 %

Жанама өлшеу кезіндегі физикалық шамалардың қателіктерін анықтау үшін арнайы кестені қолдана аласыздар (жанама өлшеулердің қателіктері)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу