Өлшеу құралдары. Физикалық өлшеулердің қателігі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.1A Физикалық шамалар және өлшеулер

Сабақ тақырыбы

Өлшеу құралдары. Физикалық өлшеулердің қателігі.

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

10.1.1.3 - нақты деректерді алу қажеттілігін түсіну;

10.1.1.4 - физикалық шаманың арифметикалық орташа мәнін (mean) тәжірибе арқылы анықтау;

Бағалау критерий

Оқушы

  • Тура және жанама өлшеулер кезінде абсолют және салыстырмалы қателіктерді анықтайды.
  • Физикалық шаманың арифметикалық орташа мәнін анықтай алады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

каз

рус

eng

абсолютті қателік

Абсолютная погрешность

absolute error

салыстырмалы қателік

Относительная погрешность

relative error

нақтылық және дәлдік

Точность и кучность

Precision and accuracy

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Негізгі физикалық өлшемдері .... тәуелді емес, ал туынды өлшемдер .... тәуелді

Құндылықтар

Ұқыптылық пен адамгершілік қасиеттерін дамыту

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Қазіргі таңда барлық елдерде шаманың мәні эталонға сәйкес бірдей өлшем бірлікте қолданылады.

Өмірмен байланыс

Нақты уақытты анықтау

Пәнаралық байланыс

Математика: дәреже, еселік және үлестік көрсеткіш; сандарды стандарт түрде жазу

Алдыңғы білім

7-9 сынып: физикалық шамалар, олардың өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

1сабақтың басы

1-10 мин

(W) Оқушылардың зейінін шоғырландыру, амандасу; оқушылармен бірге ОМ анықтап алу;

Үй тапсырмасын тексеру: Физикалық өлшеулердің түрлері; тура және жанама өлшеу

Презентация

оқушылар өз презентацияларын ұсынады

11-20 мин

21—35 мин

1 сабақтың соңы

36-40 мин

І. Абсолют және салыстырмалы қателіктер.Тура және жанама өлшеулер кезіндегі қателікті анықтау.

Өлшеу — арнайы техникалық құралдардың көмегімен тәжірибе арқылы физикалық шаманың мәнін табу процесі.

Физикада өлшеудің тура және жанама тәсілдері қолданылады. 

Тура тәсілде физикалық шаманың мәні тікелей құралдың көрсетуімен анықталады. Мысалы, уақытты - сағатпен немесе секундомермен, ал ұзындықты сызғышпен анықтайды.

Көптеген жағдайларда физикалық шаманы тікелей өлшеу мүмкін емес. Мысалы, сызғыштың жәрдемімен көлемді тікелей табуға болмайды. Бірақ көлемді дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу арқылы есептей аламыз. Сондықтан бұл амал жанама тәсіл деп аталады. 

Жанама тәсіл – шаманың сандық мәнін белгілі бір формула (тура өлшеу негізінде алынған шама) арқылы анықтау 

Өлшеу қателіктері

Барлық өлшеулер қаншалықты нақтылап жүгізілгенмен де, тек жуық нәтижесін береді және өлшеу қателіксіз болмайды.

Сөйтіп біз құралдық (аспаптық) жаңылысы деп аталатын өлшеу қателеріне үнемі кездесіп отырамыз.

Қателікке апаратын кейбір жолдарды қарастырайық:

  • аспаптың жаңылысы;
  • Өлшеудің мұқият жүргізілмеуі (секундомерді уақытында қоспау, көру аймағының дұрыс болмауы);
  • Өлшенетін шаманың құбылмалығы (температура, кернеу, т.б.).

Қателіктің пайда болу сипаты бойынша олар:

Кездейсоқ қателіктер – бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген физикалық шаманың тура сол мөлшерін қайталап өлшеулер сериясындағы кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателіктерін құрайды.Жүйелі қателік – бір физикалық шаманы қайталап өлшеген кезде заңды түрде өзгеретін және тұрақты түрде қалатын өлшеу қателіктерін құрайды. Олардың өзгешелік белгісі, олар болжанған, анықталған және осының арқасында тиісті түзетуді енгізумен толығымен жойылуы мүмкін.

Тікелей өлшеу – бірдей тәжірибелердің көмегімен өлшенетін шамалардың мәндерін анықтау. Кездейсоқ қателіктердің деректерін өңдеу және параметрлерін бағалау математикалық статистика әдістерімен жүргізіледі. Орташа арифметикалық мән немесе өлшенетін шаманың табылған мәндерінің орташасы х кернеу тербелісі, т.б.), т.б..

Абсолюттік және салыстырмалы қателіктер

Жуық мәннің абсолюттік қателігі деп жуық мән мен дәл мән айырмасының абсолют шамасын айтады.

Шаманың абсолют қателігін көрсету үшін, алынған мәнге қатысты интервалды көрсету қажет.

– А шамасының абсолют қателігі болып саналады. Оның өлшемі өлшенген шаманың өлшем бірлігіндей болады.

Апр – шаманың эксперимент жүзінде алынған мәні.

Егер эксперимент бірнеше рет қайталанған болса, олардың ариффметкалық ортасы.

Өлшеу сапасын бағалау үшін салыстырмалылық қателік ұғымы еңгізіледі:

немесе

Егер шекті қателік жөнінде ақпарат берілмеген болса (мысалы сызғышта), онда осы құралдың қателігі деп оның бөлік құнының жартысын алуға болады.

Рефлексия

Презентация

Бейне материал

Үлестірме материал

2 сабақтың басы

1-5 мин

Сабақ тақырыбын, мақсаттарын және бағалау критерийлерін қайталау.

Мектеп тәжірибелерінде жиі кездесетін құралдардың қателіктер кестесі

Презентация

2 сабақтың ортасы

6-15 мин

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыз

Дескрипторы:

  • Өлшеу құралдарының атауын жазады;
  • Құралдардың көрсеткішін анықтайды;
  • Физикалық шаманың мәнін оның қателігімен жазады

Тапсырма 2.docx

16-25 мин

26-35 мин

Тапсырма №3 «Практикалық тапсырма»

Дескрипторы:

  • Нұсқаулықты орындайды.

Қосымша тапсырма (немесе үйге беруге болады) «Мензурка»

Дескрипторлары:

  • Кестені дұрыс толтырады

Жанама өлшеу қателіктері

Есепті шығару (ағылшын тілінде)

Дескрипторы:

- Жанама өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтайды.

Тапсырма 3 практика.docx

Үлестірме

2 сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия «екі жұлдыз, бір тілек»

Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады

Қорытынды бағалау

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу