Тербелмелі қозғалыстағы энергияның сақталу заңы. Физика, 9 сынып, қосымша материал 1.
Тапсырма. Бұл сабақта тек ұсынылған маятниктер ғана емес, маятниктердің өзге түрлеріне тоқталуға болады. Ол үшін сынып оқушыларын төрт топқа біріктіріңіз. Бірінші топ оқушыларына қарапайым математикалық маятникті, екінші топ серіппелі маятник, үшінші топ физикалық маятник, ал төртінші топқа айналатын маятник туралы ақпарат жинап, кестені толтыру тапсырылады. Оқушылар ақпаратты сіз ұсынатын ақапараттан немесе жеке жұмыс жасау үшін интернет көздерінен іздей алады.
Маятник атауы | Анықтамасы | Шынайы өмірдегі қолданысы | Формуласы |
Серіппелі | |||
Математикалық | |||
Физикалық | |||
Айналатын |
Топтар талдай отырып, осы берілген кестені бірге толтырады, әр топ өз сұрақтарына жауап береді. Тапсырмаларды толық талдап болған соң, сіз алдын ала дайындаған өз жауабыңызды ұсынуға болады. Оқушылар жауаптарын сіздің жауабыңызбен тексереді.
Маятник атауы | Анықтамасы | Шынайы өмірдегі қолданысы | Формуласы |
Серіппелі | Серіппенің серпімділік күші әсерінен түзу сызықты тербеліс жасайтын денені серіппелі маятник дейміз | Батуттарда, ойыншықтарда, көлік амортизаторы т. б. | k m T = 2π ω = k m ω f = 2π |
Математикалық | Салмақсыз ұзын жіпке байланған ауыр денені математикалық маятник деп қарастыруға болады (кез келген) | Сағаттарда, сейсмологиялық бағытта қолданады. Әткеншек, балаларға арналған ойынсауық орындарындағы тербелмелі кемелер, т. бl | g l T = 2π ω = g l g 2π l |
Физикалық | Мұндай маятниктердің периоды мен тербеліс жиілігі оның ұзындығы мен инерция моментіне байланысты болады. Ауырлық центрінен өтпейтін кез келген горизонталь осьтің маңайында ауырлық күшінің әсерінен тербелетін денені физикалық маятник деп қарастырамыз | Қандай да бір горизональ осьтің маңында айнала алатын қатты денелер | T = 2π I mgd ω = I mgd Мұндағы І – инерция моменті |
Айналатын | Қарапайым диск тәріздес жүктеме арқылы жіңішке сым немесе шығырға ілінген денені айтамыз | Галванометр, кейбір сағаттарда, айналатын маятниктер, т. б. | k T = 2π I I = Mr 2 2 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру